Сабақтың тақырыбы : Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Экологиялық дағдарыстардың көрініс беруі



бет1/2
Дата17.04.2017
өлшемі290,16 Kb.
#14134
түріСабақ
  1   2
Күні: 02.02.2015ж. Класы: 9 а,ә. Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Экологиялық дағдарыстардың көрініс беруі.

Сабақтың мақсаты : 1965-1985 жж. Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы, жетістіктері мен кемшіліктері, көрсеткіштері туралы баяндау және 1960 жылдардан басталған экологиялық дағдарыстардың түрлері туралы түсіндіру.

  1. Оқушыларға КО саясатын саралай отырып, түрлі бетбұрыстар туралы білім беру

  2. Экономикадағы дамушылық пен дағдарыстың салдарын түсіндіре отырып, салыстырмалы түрде оқушының білімін дамыту

  3. Саясаттың солақайлығы мен Асыра сілтеушілік пен дұрыс құрылмаған жоспардың кері әсерін дәлелдей отырып, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :   Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру, ақпартты хабарлау, суреттеу, «Венн диаграммасы»

Сабақтың көрнекілігі : слайд, картиналар, Казақстанның қазіргі заман картасы.
Пәнаралық байланыс : география, математика, музыка
Сабақтың барысы :  а)  Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                        ә)  Үй тапсырмасын пысықтау : Тың игеру

Жаңа сабақты меңгерту:

  • Бетбұрыстар мен іркілістер.

  • Ауыр өнеркәсіптің дамуы

  • Жеңіл өнеркәсіптің дамуы

  • Экологиялық дағдарыс

1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды.

60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.



60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды

2. Ауыр өнеркәсіптің дамуы

электростанциялар. 1960 жылы- Жамбыл 1972 жылы - Қапшағай

Қазақстандағы көмір өндіру



Павлодар (1960ж) трактор зауыты



Жамбыл, Ақтөбе(1970ж) Фосфат заводы





Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет