Сабақтың тақырыбы : «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс»



бет1/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,69 Mb.
#39341
түріСабақ
  1   2
Сыныбы: 5 «А» пән: жаратылыстану

(факультатив сабағы)
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс» зияткерлік сайысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі туралы білімін толықтырып, олардың өзара байланысы бойынша көзқарастарын кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен,
топпен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға
қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға
үйрету.
Сабақтың типі: зияткерлік сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын   әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,
әңгімелеу,талдау, көрнекілік,
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, балаларға арналаған әдебиет көздері

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, биология, география

Сабақтың барысы.



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Оқушылар ортаға шығып, бір-бірімен амандасып, жақсы көңіл-күй білдіреді. Орындарына отырмас бұрын, мұғалім оларға парақшалар таратады. Ол парақшаларда жануарлар мен өсімдіктердің суреттері бейнеленген. Оқушылар алдымен дайындалған топтарға өз суреттеріне сүйене отырады.

  2. Психологиялық ахуал.

Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!

  1. Сабақтың жоспары:

  • ОЙЛАН, ТАП.

  • КІМ ТАПҚЫР

  • СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

  • ПАЗЛДЫ ҚҰРАСТЫР

  • БІЛІМГЕР САЙЫСЫ



  1. Ойлан тап сайысы Екі топқа да кезекпен жұмбақтар жасырынады. 1дұрыс жауапқа 10ұпай тиесілі.

Иiр-иiр денесi,

Сахараның кемесi,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.   (Түйе)

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал,

Серейiп кеп тұрады.  (Жираф)


Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)
Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.   (Пiл)


Ерiншектi,

Емiншектi,

Аямайды,

Қаламайды,

Шағады.

Мұны кiм табады?   (Ара)



Мысық мұртты,
Өрмек басты. (Бидай)

Денесiне қапталған,

Сырты түбiт тоны бар.

Дыбыссыз кiрiп-шығады,

Бұкiрейген жоны бар.    (Мысық)

Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылда оның өші бар итi.    (Қасқыр)

Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар. (Жүгері)

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстiн түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған.    (Кiрпi)

Сабы жоқ қамшы,

Ешкiмге ұсынба,

Уы бар бiр тамшы,

Тiлiнiң ұшында.   (Жылан)

Көктемде


Ақ гүлге оранады,

Күзде


Қолға доп боп оралады.  (Алма)



  1. Кім тапқыр сайысы. Жануарларды тап. Мақсаты: сұрақтың жауабын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айту. (Әрбір толық үш тілде айтқан дұрыс жауапқа 30ұпай, егер 2 жауабы дұрыс болса 20, ал егер 1 жауабы ғана дұрыс болса, 10 ұпай)

  • Төрт тізесі, екі үлкен құлағы, ұзын тұмсығы бар, жалғыз жануар. (Піл, слон, elephant)

  • Оның баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі. (Керік, жираф, giraffe )

  • Өркешінің қисықтығына қарамастан оның омыртқасы түзу келеді. (Түйе, верблюд, camel)

  • Ұрғашы түрлері еркектеріне қарағанда көбірек қабады, адамның серігі. (Ит, собака, dog)

  • Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде Оңтүстік Африкалық бір жануар медальға және капрал деген әскери атаққа ие болды, банан жақсы көретін жануар (маймыл, обезьяна, monkey)

  • Бұл жануар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.  (көртышқан, крот, mole)

  • Бұл құстардың жұмыртқасын суда пісіруге 40 минут уақыт кетеді. (түйеқұс, страус, ostrich)

  • Суық белдеуде мекендейтін бұл жануар сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.  (ақ аю, белый медведь, polar bear)

  • Не қолы, не аяғы жоқ, басы мен құйрығынан ғана барлық денесі құралады. (жылан, змея, snake)

  • Өзі патша, өзі жүйрік, Мадагаскар мультсериалының кейіпкері (арыстан, лев, lion)

  • Қазақ батырларының негізгі серігі, досы, құтқарушысы (жылқы, лошадь, horse)

  • Әлемдегі ең үлкен, алып жануар, суда мекендейтін сүтқоректі. (кит, кит, kit)



  1. Суреттер сөйлейді. Екі топқа бір-бірден суреттер беріліп, оқушылар сурет бойынша қызықты әңгіме құрастыруы керек. Ең көңілді де, қызықты әңгіме үшін 30 ұпай. Әңгіме жазбаша болуы тиіс. Сөйлемнің дұрыс құрастырылуы, грамматикалық қателер ескеріліп, жалпы мазмұнына назар аударылады.









  1. Каталог: uploads -> doc -> 0928
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0928 -> Есентай Ерботин


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет