Сабақтың тақырыбы : Саңырауқұлақтар тірі ағзалардың ерекше патшалығы Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата04.12.2019
өлшемі192,29 Kb.
#53032
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Кмж умж

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тірі ағзалардың көптүрлілігі

Күні:

Сынып: 8

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:
Пазыл Мадина Ғаниқызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың ерекше патшалығы

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Саңырауқұлақтардың ерекше белгілерің біліп, түсіну




  • Саңырауқұлақтарға өсімдіктерге және жануарларға тән белгілерін ажыратып сипаттау




  • Жеуге жарамды, жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды саралап, талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Саңырауқұлақтың негізгі белгілерін анықтайды.
Білу,түсіну және қолдану

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады:

Оқушыларды пікірталас, диалогтерге тарту, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдалануға ынталандыру.



Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері:
мүктер,
саңырауқұлақтар,
қыналар.
Сапрофиттер- Saprophytes
Сахаромицеттер-Sacharomycetes
Бүршіктену-Budding

Микориза-Mycorriza


Зең саңырауқұлақтар-Moldymushrooms
Ашытқы саңырауқұлақтар-Yeast
Қалпақшалы саңырауқұлақтар-Hotmushrooms
ПенициллPenicellium

Талқылауға арналған тармақтар:

Саңырауқұлақтар түрлері -------------------

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар -------------------------

Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар -----------------------------



Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, топтық жұмыста - сыйластық

Пән аралық байланыс

География

Алдыңғы білім

7- сыныптан тірі ағзалардың жүйелену тақырыбынан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



Ұйымдастыру.

1. Психологиялық дайындық



«Жылы лебіз» тренинг жүргізу.

Мақсаты. Ойын жинақтау, сабақты жақсы игеруіне ықпал ету,


1. «Зымыран сұрақтары»

Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Төмеңгі сатыдағы өсімдіктер» деген түсініктемеге анықтама бер.

2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдерін атаңдар?

3. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерін сипатта?

4. Жоғары сатыдағы өсімдік бөлімдерінің қалыптасу кезеңдерін ата?

5. Өсімдіктердің әртүрлі бөлімдерінің әртүрлі мүшелерінің пайда болу себебі туралы пікір айтыңдар?

6. Саңырауқұлақтардың эволюция барысында қалыптасу кезеңдері мен жеуге жарамды, жеуге жарамсыз саңырауқұлақты ата?



.ҚБ: Оқушылар дұрыс жауаптарын ауызша мадақтау. Шапалақтау.






Сабақтың ортасы
5 мин

4 мин

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

« Бинго» әдісі бойынша стикерлер арқылы топтарға бөліну.

Мақсаты: ақпаратты визуалды қабылдау.

1-топ. Зең саңырауқұлақтары

2-топ. Қалпақшалы саңырауқұлақтар


3-топ Ашытқылар
4-топ Саңырауқұлақтар

«Миға шабуыл» сұрақтар қою арқылы

Балалар, сіздер Зең саңырауқұлақтар мен Қалпақшалы саңырауқұлақтар топтарына бөліндіңіздер. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қаңдай болмақ?



  • Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың ерекше патшалығы»

Тірі ағзалардың қанша патшалығы бар?

Неліктен саңырауқұлақтар жеке патшалыққа жатады?

Саңырауқұлақтарды тек өсімдіктерге жатқызуға бола ма?




  • Саңырауқұлақтар тірі ағзалардың жеке патшалығы. Тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері бойынша топтарға бөлеміз. Зең саңырауқұлақтары –қоректену үшін нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды, тірі ағзалардың ыдырап жатқан қалдықтарын пайдалануға бейімделген. Оған пеницилл мен мукор жатады. Мукор – ақ немесе нанның көгеруі, ол мақта кесегіне ұқсайды. Пеницилл- көк-жасыл немесе сары жасыл түсті көпжасушалы саңырауқұлақ. Біржасушалы саңырауқұлақтар- ашытқылар. Олар қантты сіңіріп,одан энергия алуға бейімделген.

  • Қалпақшалы саңырауқұлақтар- қалпақтан және түбіртектен тұратын, жемісті денесі бар көпжасушалы ағза. Олар топырақтан органикалық заттарды қарашірік сіңіреді, жеуге жарамды және жеуге жарамсыз болып бөлінеді. Қыналар- төмеңгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, денесінің екі құрам бөлігі балдыр мен саңырауқұлақ селбесіп тіршілік етеді.

2. «Тұжырымдамалық кесте»



Саңырауқұлақ ағзасының ерекшелігі

Құрылысы

Пайдасы - зияны










Бағалау критерийі :

Саңырауқұлақтың негізгі белгілерін анықтайды.
Дескриптор:

1. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшілігін жазды.

2. Саңырауқұлақтардың құрылысын сипаттады.

3. Саңырауқұлақтардың пайдасы мен зиянын ажыратты.


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.
3. «Суреттер сөйлейді»


Суретке назар аударыңыз.

Суреттегі саңырауқұлақ түрлеріне сипаттама беріңіз











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет