Сабақтың тақырыбы : Шалбар сызбасының құрылымы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ә



Дата10.04.2017
өлшемі287,62 Kb.
#13637
түріСабақ
Бекітемін:

Пән: Технология

Пән мұғалімі: Айгүл Қуанышқызы

Сынып 9

Күні: 11. Х І.

Сабақтың тақырыбы : Шалбар сызбасының құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әйелдер сызбасының негізгі құрылымдарына тоқталып өту.

Дамытушылығы : Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін , ой-өрісін дамыту .

Тәрбиелілігі : Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу , жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтау, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ, сарамандық, өзара сабақ.

Көрнекі -құрал: см .таспа ,қайшы,оқулық , ,дәптер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу.

Шаттық шеңбер арқылы психологиялық ахуал туғызу.

Өткенді сабақты қорытындылау

1.Теориялық жүзінде үй тапсырмасын сұрау

2. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сән журналдарынан бұйымның өлшемін алу жолдарын көрсету.(өлшемдерін түсіндіру)

ІІ. Топқа бөліну . Шалбар арқылы(Оқушыларды топқа бөлеміз)

1 топ : классикалық шалбар

2 топ : Джинси

Сарамандық жұмыс

ІІІ. Екі топ өздерінің технология сабағында қолданатын қауіпсіздік ережесін жазу

Слайд№1 Шалбар сызбасының құрылымдау суретін көрсету.(22 сурет)

Сергіту сәті . Мақал – мәтелдер жалғастыру

1.Өнерлінің .....

2.Өнерлінің қолы алтын,....

  3. Еңбеккер ұйқыдан шираптұрады......



 4. Шебер адам қорқақты сүймес.

5. Ащы еңбектен

6Ұстаның бізі сүйкімді......

7.Шебердің .........

8.Шеберді.....

9.Еріншектің ....

ІҮ Шалбардың артқы және алдыңғы жартысының сызбасы.

Слайд №4


Слайд№5 Шалбардың алдыңғы жартысы негізінің сызбасын құрылымдыры №15 кесте

Слайд №6 ң Шалбардың артқы жартысы негізінің сызбасын құрылымдыры №15 кесте
Оқушылар дәптерлеріне салып орындайды . Тапсырма орындап болған соң екі топ бірі-бірінің сызбаларын тексеріп бағалайды.

Ү. Қорытынды: Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін рефлекция арқылы көрсетеді

Үйге тапсырма : Сызбаны аяқтап келу

.

Сабақтың тақырыбы: Аққу құрағын құрау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға құрақ құру, өрнектер құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау

жолдарын үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ертеден келе жатқан салт- дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау картасы, құрақ көрпеше, үлгілер, компьютермен жасалған слайдта.

Қажетті құралдар: мата қиындысы, ине- жіп, қайшы, үлгілер, нұсқау карта

Пәнаралық байланыс: сурет,геометрия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, қажетті құралдарды тексеру, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тест арқылы білімдерін тексеру
ІІ. Жаңа сабақ .

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын үнтаспадан «Аққу» күйі орын далады

-Балалар бұл қандай күй

-Аққу қандай құс?

Қазақтар аққуды киелі құс деген:

  • Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.

  • Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.

  • Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.

Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.

Ендеше бүгінгі Аққу құрағын құраймыз
Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесі

Алдымен қауіпсіздік ережесіне назар аударайық:


Тот басқан ине қолданба.

Жіпті тісіңмен қима.

Қайшының үшкір жағымен, қасыңдағы адамға ұсынба.

Қайшыны көзіңе жақындатпа.

Қайшыны ашық қалдырма.

Жұмысың аяқталған соң, стол үстін жина.



Нұсқау картасы таратылады.

Жұмыс кезінде оқушыларға ережені естеріне түсіріп, көмек беру керек.


Жұмыстың орындалу реті

Қажетті заттар

1.Материал дайындау

Мата қиындылары

2. Үлгісін дайындау

Картон, қайшы

3. Құрақты қырқып дайындау

Қайшы, бор, үлгі

4. Көктеу, тігу

Ине жіп, тігін машинасы

5. Үлгілер дайындау.

Мата қалдығы

6. Құрақ көрпешені астарлау

Мата, ине, жіп, тігін машинасы

7. Бұйымды мақта салып аяқтау

Ине, жіп, мақта

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын үнтаспадан «Аққу» күйі орын далады

-Балалар бұл қандай күй

-Аққу қандай құс?

- Аққу құсы туралы жазған ақынды білесіңдер?

Нұсқау карта

Оқушылар нұсқау картамен жұмыс жасайды.

« Құрақ» сөзін топтастыру

Күнде оны көремін,

Қиып, қырқып жүреді.

Тек өзіне керегін,

Ойып алып жүреді. (қайшы)

  1. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине- жіп)

  1. Саусаққа киіп ем тобатай,

Инені жүгіртіп оп- оңай.(оймақ)
Қорытындылау :

Балалар матадан әртүрлі бұйымдар жасайтынын білеміз. Мата қиындыларын да іске асыруға болады екен. Бүгінгі сабағымыз сол

қиындылардан құрақ құрауды үйрендік .
« Құрақ» сөзін топтастыру.

Үйге тапсырма : құрақты аяқтап келу
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет