Сабақтың тақырыбы : Сын ecім. Мен Отанның азаматымын. Астана. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі302,39 Kb.
#6750
түріСабақ
1   2

1 тапсырма 1 минутта әр топ зат есімдерді тақтаға жазады (әр топтан 1 адамнан шығады)
8 слайд

1 топ 2 топ



Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса, сөйлем құр.

Бала, ойын, кен, жазу, тап.

Керекті жұрнақтар: - шы, - қыр, - лық, - шық, - ші.

Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз. Сөйлемдер құр.

...... - кезекші ........ - іскер

...... - сыйлық ........ - сөздік

....... - көлшік ........ - достық

Сөйлемдерді аударып септік жалғауларын табыңдар.

  1. Мама в магазине купила 2 кг риса.

  2. Вчера мы ходили в лес на прогулку.

  3. Сания сделала вкусный салат.

  4. Меруерт помогла сестренке сделать домашнее задание.

  5. Аксакалы дали нам свое благословение.

  6. Асқар и Әсет ездили в Астану на соревнование.

  7. Летом я отдыхала у дедушки с бабушкой.

Сегодня Алина получила пять.

Сөздерден сөйлемдер құрып септік жалғаулрын табыңдар.

Отырмын, бірінші, мен, қатарда.

Дүкенге, кірді, жұмыстан кейін, Гүлнар.

Бесінші, Азаматтың отбасы, тұрады, қабатта.

Маған, әперді, күрте, анам, әдемі.

Сабаққа, дайындалды, Арман.

Оқыдық, біз, хандар туралы, сабақта.

Абайдың өлеңін жаттады, Әсия.

Көп қырыққабат, біз, жинадық, бақшамызда.


9 слайд

Жұмбақтар

1 топ 2 топ

Бірінші жұмбақтың шешімін тәуелде

Бірінші жұмбақтың шешімін жікте

Қыста қызып денесі,

Бүлкілдейді өңеші.

Демалады содан соң,

Күзге дейін келесі.

Аралап қалың орманды,

Қалайды сұлу болғанды.



Ақ сақалды атамнан,

Барлық бала бата алған.

Жаңа жылда келеді,

Сағындырып сапардан.


Құйсаң шығар гүл өсіп,

Қатады қыста сіресіп.




III. Мақсат қою кезeнi: - Өткен сабақта зат есім сөз табын өттік, зат есімнің заттың атын білдіретінін біліп, дәлелдедік. Енді сол кез келген заттын түpi, түci, дәмі, көлемі, сыны, сипаты болады екен.

Мысалы, даладан кіргенде «Күн суық екен» дейміз, кәмпит жегенде, «Тәтті екен» дейміз. Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы – Сын eciм.



10 слайд

Заттың сындық қасиеттеpi.



ҚАНДАЙ?

ҚАЙ?


С

Ы

Н



Е

С

І



М

ЗАТТЫҢ


СЫНЫН

БІЛДІРЕДІ




түсі

(цвет)


көлемі,

мөлшері, ауданы

(объем, величина, размер)


мінез-құлқы, сапасы,

сипаты


(характер, свойство, качество)

дәмі

(вкус)


тұлғасы

(форма)


түсі

(цвет)


ақ,

сұр,


қара, қоңыр

қең,

қысқа,


ұзын,

үлкен


мықты, жуас, тентек, сұлу, жалқау, қатты

тәтті, ащы, қышқыл, тұщы, тұзды

түзу,

қисық, домалақ, сопақ, томпақ



ақ,

сұр,


қара, қоңыр

ДАРА - НЕГІЗГІ ыстық, терен, сыры

- ТУЫНДЫ таулы, қыздай, күзгі



КҮРДЕЛІ - ҚОС СӨЗ қап-қара, биік-биік

- ТІРКЕС СӨЗ көк ала, кең иықты



САПАЛЫҚ

Түбір күйінде заттың сынын білдіреді көк, жуан, жіңішке

ҚАТЫСТЫҚ

Басқа сөз табына жұрнақ жалғану арқылы шаңды, күшті, күзгі



ІV. Жаңа тақырыпты түciндіру кезеңі:

Сын eciм - сөз табы қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Заттардың, құбылыстардың әртүрлі белгілерін, сынын білдіреді. Сын eciм сөйлемде зат есімнің алдында тұрып, анықтауыш болады. Қазақ тілінде сын есім жекеше, көпше турінде болмайды, септелмейді.



Заттың сындық қасиеттері:

  1. Түс (цвет): көк ала ат (серо-пегий конь), көк ту (голубое знамя), күрең ат (лошадь темно-рыжей масти), сұр көйлек (серое платье), қара-көк (темно- синий), ашық сары (оранжевый).

  2. Көлемі ауданы, мөлшері (объем, величину, размер): биік ғимараттар (высокие здания), ұзын көше (длинная улица), үлкен қала (большой город)

  3. Сапасы, мінез-құлқы, қасиеті, сипаты (характер, свойство, качество): арық мал (худой скот), қатты зат (твердый предмет), еңбекқор адам (трудолюбивый человек)

  4. Дәмі (вкус) : тәтті балмүздақ (сладкое мороженое), ащы бұрыш (горький перец), дәмсіз тағам (невкусная пища), тұзды салма (соленая лапша)

  5. Тұлғасы (форма): түзу жол (ровная дорога), дөңгелек шар (круглый шар)


Сын eciм мағынасына қарай: сапалық, қатыстық болады.

Сапалык сын ecім (качественные прилагательные) Tүбip күйінде заттың сынын сапасын білдіреді: қызыл алма, жақсы жігіт, сұлу қыз.

Қатыстық сын eciм (относительные прилагательные) Tүбірге жұрнақ жалғану арқылы заттың сапасын білдіреді қысқы пальто, таулы жер, жазғы кеш.

Сын eciм тұлғасына қарай негізгі, туынды болады.
11 слайд

Сын есім тудырушы жұрнақтар

Сын eciм құрамына қарай дара күрделі болады.

а) - ты/- ті, - ды/- ді, - лы/- лі



тау, тас, су, жаңбыр, қар, жел, боран, тоғай, ай, жұлдыз, сәт, бақыт, қарағай, ақыл, білім, бедел, өнеге.

ә) - қы/- кі, - ғы/- гі

түс, қыс, жаз, кеш, таңертен, көктем, күз, түн, сырт, соң, іш, бүгін, кеше, ертең;

б) – дай/- дей, - тай/- тей

ана, бал, әке, күн, қар, су, тау, сым, ай;

в) – сыз/- сіз

су, күн, жел, бұлт, тәртіп, ұят, дәм, бақыт, сәт, жай, ақыл, тәрбие.

г) – лық/- лік, - тық/- тік, - дық/- дік

қала, аудан, ауыл, ұлт, республика, жер, жүзі, қоғам.
Сын есімнің үш шырайы бар:

  1. жай шырай (положительная степень): ақ қар, терең көл, ыстық шай

  2. салыстырмалы шырай (сравнительная степень): -ырақ / -ірек (дауыссыздан), -рақ / -рек (дауыстыдан) - тереңipeк, үлкенірек, арзанырақ, тәттірек, қымбаттырақ. – лау / -леу, -дау / -деу, -тау / -теу - ыстықтау, биіктеу, аласалау, дәмділеу

  3. күшейтпелі шырай (превосходная степень): қап-қара, ұп-ұзын, жап-жаман, сұп-суық, өте биік, тым ащы, ең әдемі.

12 слайд


Зат есімнің шырайлары

ШЫРАЙ – бір сынды әр түрлі дәрежеде көрсету арқылы заттардың бір-бірінен не артық, не кем екендігін білдіретін сапалық көрсеткіш

ЖАЙ

түбір күйінде келеді

Қызыл алма


САЛЫСТЫРМАЛЫ

Жай шырайға

-ырақ / - ірек (дауыссыздан)

- рақ / - рек (дауыстыдан)

-лау / - леу

-дау / - деу

-тау / - теу

Жұрнақтарды жалғағанда заттардың сыны бір-бірімен салыстырыла көрсетіледі

Қызылдау алма


КҮШЕЙТПЕЛІ

1 күшейтпелі буын арқылы жасалады

Қып – қызыл алма

2 күшейтпелі сөздер арқылы жасалады

Тым қызыл алма



13 слайд

Мен Отанның азаматымын.

Менің Отаным – Қазақстан. Әр адам өз Отанының азаматы болуы тиіс. Отанның азаматы - бұл Отанды сүю, Отанның тарихын білу, ата-бабалардың мұрасың сақтауы тиіс.

Қазақстан - көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазастан мемлекетінің рәміздері: елтаңба, әнұран, ту. Рәміздер бірлікті, еркіндікті білдіреді. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстанда 126 астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен тату тұрады. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Біз Қазақстанның болашағымыз.

Мұғалім: қазір алдымыздағы мәтінмен оқып, аударып танысайық. Әр сөйлемге сұрақ қоямыз. Танымайтын сөздерді жазып алайық. Ал еңді сұраққа кім жауап береді? Біздің Қазақстан тағы қандай мемлекет? Осы сын есімдерді сөздікке жазып алыңдар.



14 слайд

Балалар біздің Қазақстанның бас қаласы қандай қала?

15 слайд

Астана

Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920 - 1925), одан кейін Қызылорда (1925 – 1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министерліктердің үйлері, көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Толе би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның 21 ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлүлығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлү, әйгілі қала болмақ. Астана – Қазақстан Ресубликасының саяси, әкімшілік, экономиялық, мәдени орталығы, бас қала. Астана – Қазақстанның жүрегі.
17 слайд

Сын есімдерді пайдаланып сұхбат құру

1 топ 2 топ



“Дүкенде”

“Базарда”

қымбат - дорогой

арзан - дешевый

жасыл - зеленый

тәтті - сладкий

жаңа піскен – свежий

қызыл – красный

тұзды - соленный

әдемі - красивый

қысқа - короткий

ұзын - длинный

сұр - серый

жылтыр - блестящий

жылы - теплый

жүнді - шерстяной


19 слайд

Сын есімдер арқылы өздеріңнің тобынан бір оқушының келбетін сипаттау. Бұл тапсырма топ капитандарына беріледі.

1 топ 2 топ



Беделді – авторитетный

Мейірімсіз - безжалостный

Жауапсыз - безответственный

Ұстамды - выдержанный

Көңілді - веселый

Ұзын бойлы - высокого роста

Ақмақ - глупый

Екі жүзді - двуликий

Адал - честный

Мейірімдді - добрый

Парасатты - порядочный

Аласа - низкий

Орта бойлы - среднего роста

Кеңпейіл - широкая натура

Арықша - худощавый

Жауапты - ответственный

Білімді - образованный

Сенгіш - доверчивый

Еңбекқор - трудолюбивый

Ашушаң - вспыльчивый



. Үйге тапсырма беру кезеңі:

  1. «Астана» мәтінін мазмұндау.

  2. Өлен жаттау

  3. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Астана туралы сөздерін аудару (20 слайд):

“...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі елордамыз – Астана!”. Н.Ә. Назарбаев

  1. Сын есім туралы түсінік беру, ереже жаттау.

  2. Салыстырмалы шыраймен күшейтпелі шыраймен үш сөйлемден құру.


V. Сабақты қорыту, бағалау.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет