Сабақтың тақырыбы : Сызықтық алгоритмді программалау. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі115,75 Kb.
#9390
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;

  • Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;

  • Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, презентация

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға – техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:

1. Алгоритм дегеніміз не? (Алгоритм - іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы )

2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз? (сызықтық, тармақталған, циклдік)

3. Алгоритм жазу пішімі қандай?



алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары



соңы

4. Берілген блоктың негізгі әрекеті (Математикалық өрнектерді есептеу)


5. Алгоритмді жазу түрлері:

  • Қарапайым тіл арқылы

  • Түйінді сөздер арқылы

  • Блок-схема арқылы

  • Программалау тілі арқылы

6. Мәліметтерді енгізу және шығару блогы қандай? ( )

7. Программа қандай қызметші сөзден басталады? (Program)

8. Алгоритімді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? ( программалау тілі)

V. Жаңа тақырып түсіндіру



Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық программа жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:

Сызықтық алгоритм дегеніміз- іс әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.

Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады:

Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.

Паскаль программалау тілінде











Операторлар




Меншіктеу операторы

Енгізу-шығару операторы

Басқару операторы

Функция мен процедураларды анықтау операторлары

Операторлардың жіктелуі



  • Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.

  • Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

  • Сызықтық программа қарапайым

операторлардан тұрады.

Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:
«:
=» - меншіктеу операторы;
Read немесе readln –енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы

Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:

- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.

- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.

- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.

- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.

- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.

- Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.

Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.

Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.



Есеп 1. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program qq;
var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі
begin
read ( a, b ); енгізу операторы 
c := a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім 
writeln ( c ); шығару операторы
end. 
Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру, 
Программаны орындау үшін . 

Паскаль тілінде программаны тексеру - Ғ9

Программаны орындау – CTRL+F9

Нәтижені алу (көру) – ALT + F5


Есеп 2:
Каталог: uploads -> doc -> 09b9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b9 -> Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап Сабақ түрі: Лекция сабақ
09b9 -> «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет