Сабақтың тақырыбы : «xix ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» тарауы бойынша «Жұлдызды сәт»



Дата02.07.2018
өлшемі35,33 Kb.
#45664
түріСабақ



Сабақтың тақырыбы : «XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» тарауы

бойынша «Жұлдызды сәт» ойыны



Сабақтың мақсаты : 1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті бойынша өтілген материалдарды ойын арқылы бақылау, тексеру.

2. Өз бетінше ізденіп, шығармашылықтарын дамытуға үйрету.

3. Білімдері бойынша бәсекелесіп оқып, ойларын қысқа, нұсқа жеткізуге баулу.

Сабақтың түрі: М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша

сөйлесу бөліміндегі ойын сабағы.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жұлдызшалар, жеңімпаздың жұлдызды мінбері, түйе, киіз үй ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақ, слайд, үлестірмсе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарихпен, музыкамен

Сабақтың жүрісі :

I.Ұйымдастыру. Студенттермен сәлемдесіп, сабақта жоқтарды түгендеу. Сабаққа даярлықтарын тексеріп, назар аударту.

II.Тарау бойынша өтілгін материалдарға шолу жасау.


Модуль құрылысы

Тақырыптар

Уақыты

Кіріспе бөлім



  1. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті. Жалпы шолу.

  2. Дулат Бабатайұлы. Өмірі мен шығармашылығы.

«Ақжайлау мен Сандықтас», «Еспембет» дастаны, «Ақтанға»

  1. Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы. «Менің атым – Махамбет», «Әй, Махамбет, жолдасым», «Мінгені

Исатайдың Ақтабан-ай», «Қара нар керек біздің бұл іске»

90 минут



  1. Сүйінбай Аронұлы. Өмірі мен шығармашылығы.

«Бөрілі менің байрағым»

«Сүйінбай мен Тезек төре»

«Әділеттік орнаса»


  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы

«Толғау»

«Ұрлықтың түбі қорлық-ты»


90 минут


Диалогтік бөлім

  1. Конференция сабақ.

  2. «Жұлдызды сәт» ойыны

45 минут
45 минут

Қорытынды бөлім

  1. Тест жұмысы.

  2. Шығармашылық жұмыс.




45 минут
45 минут




III. «Жұлдызды сәт» ойынының шарты түсіндіріледі.

Мұғалім: Құрметті студентер!Бүгін бізде ерекше сабақ.Оқып, танысқан «XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» тарауы бойынша оқығандарымызды таразыға салмақпыз. Елбасымыз «XXI ғасыр-бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр» деп айтқанындай осы сабақта мына отырған МБ-10-1 тобының студенттері білімдеріміз бойынша бір-бірімізбен бәсекелеспекпіз.Әркім-ақ жұлдыз болуға ұмтылады, биіктен көрінуге талпынады. Сондықтан осы ойында сұраққа бірінші және дұрыс жауап беру арқылы мейлінше көп жұлдыз жинап, бүгінгі сабағымыздың ең құрметті орыны боп саналатын «Жұлдызды мінберді » иеленуге мол мүмкіндігі бар.

Олай болса,

«Жұлдызды сәт»-сын сабақ,

Білімдіден мол талап

Күтіледі.Оны біл,



Жұлдызсыз мүлде болмайық!,- деп ойынымызды бастаймыз.

  1. «Жаңғырық» бөлімі. Бөлімнің бұлай аталуы жай емес.Ата-бабамыз көшпелі ел болған.Жазда жайлауға, қыста қыстауға түйеге жүк артып, қонысқа жайлы жерге қоныстанып өткендігін бәріміз білеміз. Көш көлігі табиғаттың бар жағдайына төзімді түйе болса, баспанасы- киіз үй. Біз танысқан XIX ғасырдың бірінші жартысындағы көптеген оқиғалар да қазақтың осынау шұрайлы жерлерін отаршылардың тартып алуына тікелей байланысты болғандықтан, осы кезең әдебиеті, ақын-жыраулары, олардың шығармалары туралы киіз үй артқан түйеден өз үлесіміз-сұрақтарымызды аламыз.(барлық студенттің сұраққа жауаптары тыңдалады.Дұрыс жауапқа жұлдызша үлестіріледі. Жауап бере алмаса, білетін оқушыдан сұралады.)

Сұрақтар :

  1. Зейнолла Қабдоловтың Махамбет Өтемісұлы туралы айтқан пікірі қандай?

(Махамбет – өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасіреттің символы)

  1. Қай жылы М. Өтемісұлының 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды?

(2003 жылы)

  1. М. Әуезовтың Сүйінбай Аронұлы айтқан сөзі қандай?

(Сүйінбай – айтыс өнерінің діңгегі)

  1. Бала Сүйінбайға қандай сипаттар тән еді?

(Сүйінбай 13-15 жасынан ақындық жолды қуады, жыр-дастандарды, аңыз-хиссаларды жиын-тойларда жатқа айтып, өз жанынан өлеңдер шығаратын болған)

  1. Зар заманмен тұстас өмір сүрген адам мінездерін түзеу туралы жырлаған кім?

(Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

  1. 1883 жылы жарық көрген «Қырғыз хрестоматиясында» Майлықожаның қай өлеңдері жарық көрді?

( «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» өлеңдері)

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетінің мазмұн байлығын толықтырған кімдер?

( Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ұлбике Жанкелдіқызы, Байтоқ Алаша)

  1. Махамбеттің әкесі, отбасы, әкесінің түрмеге қамалуы жайы туралы не білесің?

(Ол 1817 ж. «үйінде қашқындарды ұстап отыр» деген жаламен түрмеге түседі және сонда қайтыс болады)

  1. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы көтерілістің себептері

(Бұл кезде Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы күрестер мен қозғалыстар етек ала бастады. 30-жылдардағы Исатай – Махамбет көтерілісіне байланысты туған Махамбет, Шернияз, т.б. ақындардың жалынды жырлары әдебиеттің күрескерлік мазмұнын байытты)

  1. Кенесары Қасымов көтерілісі туралы не айтасыз?

(40-жылдарда Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы бағытталған бұл көтеріліс қазақ даласын қамтыды. Кенесары қазақтың хандық мемлекетін сақтап, дербес, тәуелсіз ел болуды мақсат етті. Ресейдің қазақтың кең өлкесін өз меншігі деп жариялануына, бекіністер салуына қарсы болды. Тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтарып беруді талап етті.)

  1. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы әдебиет қай бағытта дамыды?

(Бұл кезеңдегі әдебиетте азаматтық сипаттағы саяси – әлеуметтік лирика дамып – қалыптасты. Шөже, Түбек, Жанақ сияқты ақындар тапқырлығы, сыншылдығымен үлгі болды. Қара өлең, толғау, терме, өлең-жыр, арнау, айтыс кең дамыды.)

  1. Махамбет өлеңдерінің жалпы саны, шығармаларының тақырыбы.

(Махамбет өлеңдерінің жалпы саны онша көп емес, шығармаларының «Жыр - семсер» толық жинағына 70 туындысы енген. Соның барлығы дерлік тарихқа Исатай екеуінің атымен белгілі 1836-1838 жылдардағы әйгілі ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты болып келеді. Ал уақыт жағынан 1)көтеріліске дейін; 2)көтеріліс кезінде; 3)Көтеріліс жеңілгеннен кейін шығарылған өлең-толғаулар деп бөлінеді. Өлеңдерінде жастық, азаматтық қасиеттер, ел, жер, ерлік туралы жырланады.)

  1. Исатай қазасынан кейінгі өлеңдерінің алғашқы «Мұнар күн» туралы айтыңыз.

(Исатай қазасы Махамбетті қайғыртты. Ол 1838 жылы 2 шілде күні. Осы күні Ақбұлақта болған шайқаста Исатай мерт болды. «Мұнар күнде» соғысты суреттемейді, Исатай өлімімен бірге соғыс та мәнінен, суретінен айырылғандай. «Мұнар» сөзін 3 рет қайталау арқылы жер – көк бұлыңғыр тартты, сұрқай кеңістікке айналды дейді; жамандық нышанындай суреттейді.)

  1. Болашақ ақын, бала Дулат туралы не білесіз?

(Дулат 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы «Ақжайлау мен Сандықтас» деп аталатын өңірде туылып, 1871 жылы қайтыс болған. Болашақ ақын алғыр, зерек, пысық болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Мұсылмандық білімі терең болған. Өмірбаянына, өмірінің белгілі бір кезеңіне қатысты деректер жоққа тән.)

  1. Дулаттың «Аягөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа!», «Ақжайлау мен Сандықтас» жырлары туралы айтыңыз.

(Бұл өлең патша отаршылдары құтты қоныстан шетке ысырған кезде шығарылған. Өлеңдерде сол жерлердің көркем келбетін суреттей отырып, «Осынау атамекен, берекелі көркем қоныс енді кімдікі деген?» сұрақ қойып, жүрегінің күйінішін әкеледі. Туған жерді мадақтайды.)

  1. Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы туралы айтыңыз.

(Бұл поэмада ақын елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардың шайқасын өзек етіп, батырлық дастан жазған. Батырлар жыры үлгісінде жазылғанмен, онда қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер жоқ)

  1. Махамбет өлеңдерінің тұңғыш жинағы туралы не білесің?

(Махамбет өлеңдері өткен ғасырдың бастапқы кезіне дейін ел аузында сақталып келді. 1908 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинақта жарық көрді. Ақын шығармаларының кейінгі басылымдарына негіз болған тұңғыш жеке жинағы алаштың дарынды ұлы Халел Досмұхамедұлының құрастыруымен және алғы сөзімен 1925 жылы Ташкентте шықты)

  1. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жатқа оқып бер.

  2. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Ақын аға» деген атпен жарық көрген алғашқы 1-кітабындағы «Екі ана-Зере әже мен Ұлжан шешенің жасөспірім Абайдың өтінішімен ауылдарында бір ай шамасы аялдатып, жырлататын ақыны» кім еді?

(Дулат Бабатайұлы)

  1. Дулаттың атқамінерлердің мінін бетпе-бет, шаршы топта айтатын қандай арнау өлеңдері бар?

(«Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Ақтанға»)

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы сөз өнерін үйренуде кімдерді үлгі тұтты?

(Ол өз бетінше сауат ашады, Шығыс әдебиетін оқиды.Науаи, Фирдоуси, Низами шығармаларына ден қояды. Йассауи, Сүлеймен Бақырғани, Асан Қайғы, Бұқар жырау шығармаларымен танысады. Дулат, Шортанбай, Молда Мұсалармен пікірлес болады)

  1. Майлықожа қай өлеңінде жаз, күз, қыс, көктемді адам тұрмысымен, шаруа кәсібімен ұштастыра бейнеледі?

(«Жылдың төрт мезгілі»)

  1. «Зар заман» ұғымының пайда болуы туралы айтыңыз.

(Қазақ даласында отаршылдық өктемдіктің орнығуы-халықтың сол заманға деген наразылығын, ашу-ызасын өршіте түсті. Осы кезеңде өз халқының тіршілік-тынысын, көңіл күйін терең түсінген Дулат, Шортанбай сияқты ақындар шоғыры езгіге түскен ел-жұртының қайғы-қасіретін тебірене толғады, өздері өмір сүрген бұл дәуірге «зар заман» деген айдар тақты)

  1. «Дерекке-дәйек» бөлімі. Интерактивті тақтаға жазылған деректердегі дәйектерді бірінші жазған студент жұлдызшаға ие болады.

Ал, қанеки, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұлдызсыз мүлдем болмайық!-деп назарларымызды тақтаға аударамыз.


  1. Махамбеттің басқа ақын-жыраулардан алабөтен айырмашылығы-бүкіл дерлік өлең толғауларының _______1836-1837ж.ж.елдің батысын дүр сілкіндірген жойқын көтерілістің _______Исатай батыр екеуі бастаған Бөкей ордасы қазақтары көтерілісінің поэтикалық шежіресі болуында.



  1. ________Дулат Ақтан деген баланың _______________ болашағы

Көбірек толғандырады. Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халыққа өз еркі өзіндегі өткен дәуреннің қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.

3._______1883ж. _______Ташкент қаласында жарық көрген «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады.Адамгершілікке шақыратын ғибратты сөздерге толы өлеңдердің авторы Майлықожа Сұлтанқожаұлы ________1898ж. жылы қайтыс болды.

4. Сүйінбай Тезек төремен айтысында төренің _______________________баукеспе екі ұрысына ұрсып жатқанын,соймақ болған қойын, әйелі мен қызын,кәрі атын,қаракер атын сынайды.

  1. «Ғасыр жаршысы» бөлімі. Бұл бөлімде Махамбет Өтемісұлы, Сүйінбай Аронұлы, Дулат Бабатайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармаларынан үзінді келтіріледі.Студенттер үзінді кімнің қай өлеңінен екендігін тапса, жұлдызша үлестіріледі.

1....Жасқұстағы Жәңгір хан

Ісінен болдым құса-дерт.

Атасы өткен Айшуақ.

Соның көзі көрді ғой......

(М.Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»)

2....Осы жақта мен өліп.

Артымда тірі сен қалсаң,

Жасөспірім Жақияны.

Жолдасым, саған тапсырдым.

(М.Өтемісұлы «Әй,Махамбет,жолдасым»)

3...Мінгені Исатайдың Көгілдірді ай,

Әскерін Баршақұмға төгілдірді-ай.

Мыңды алған,бірді беріп Ақтабанды,

Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай ...

(М.Өтемісұлы «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»)

4....Қарасы –антқор, ханы-арам

Батыры көксер бас аман .

Бәйбіше –тантық,бай-сараң

Бозбаласы –бошалау,

Қырсыға туды қыз балаң,

Нары-жалқау, кертабан

Құсы- күйшіл,ат- шабан

Жырғалаң жоқ,жобалаң

Есі кеткен ел болды,

Енді қайда мен барам?!.

(Д.Бабатайұлы «Ақжайлау мен Сандықтас»)

5....Бәрін айт та бірін айт,

Туған елге кетсем деп.

Өнерім болса,еліме

Адал еңбек етсем деп,

Болмаса өнер бойымда,

Қараш құл боп өтсем деп...

(Д.Бабатайұлы «Еспенбет»)


6...Көңілмен құрғақ бос жүрсең,

Алақандай жер жүзі

Аспан болар айнадай,

Істемей қолмен іс болмас,

Құры сөзде күш болмас...

(Д.Бабатайұлы «Ақтанға»)



7....Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз...

(С.Аронұлы «Бөрілі менің байрағым»)

8....Арғы атам Әділ төре, Абылайдан

Үш жүздің баласына даңқын жайған.

Тінтушідей ордаға кіріп келдің.

Сұраймын аты-жөнің,келдің кайдан?..

«Сүйінбай мен Тезек төре»

9....Халқым бір мені қолдаса,

Халықты тілмен қорғадым.

Сөз шындыққа келгенде,

Бас кессе де, болмадым...

(С.Аронұлы «Әділеттілік орнаса»)

10...Парасатты ер жігіт,

Жақсыдан ыбырат алады.

Ерінбей бейнет еткеннің,

Еңбегі дейді жанады...

(М.Сұлтанқожаұлы «Толғау»)

11....Ақылды жігіт адал жар,

Ұлықты қылып мақтанба.

Ұрлық,өтірік, жалған ант,

Мұсылманға жаққан ба? ..

(М.Сұлтанқожаұлы «Ұрлықтың түбі қорлық-ты»

12....Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға.

Қос үлектен туған катепті,

Қара нар керек біздің бұл іске...

(М.Өтемісұлы «Қара нар керек біздің бұл іске»)
Сергіту сәті. (Студенттерден жыраулар шығармашылығы бойынша жаттаған үзінділерін мәнерлеп оқу сұралады. Сол мезгілде ең көп жұлдызша жинаған екі оқушы ортаға шығарылады)


  1. «Жұлдызды мінберге жол» бөлімі. Бұл-шешуші бөлім.Қазақ қызы-ешбір халықта кездеспейтін бейне. Қазақ қызы ақылына көркі сай, өзі тұла бойы ізет пен инабатқа толы, қажет жерінде орынды шешім қабылдап, ұтымды жауап бере алатын, шебер де шешен болған. Бүгінде осы қасиеттермен қатар, мыңнан тұлпар болатын білімділікті де қажетсініңкіреп жатамыз. Ақыл-парасаты, асқан білімпаздығымен талайды тәнті еткен қыздарымыз да аз емес. Солардың бейнесінің символикасы іспетті мына ару ұсынатын аз уақытта көп сұраққа жауап берсеңіздер, бүгінгі сабағымыздың төрі – Жұлдызды мінберге ие боласыздар.Олай болса, конверт таңдайық.(Әр студент құмсағат өлшемімен жылдамдық сұрақтарына жауап береді.Дұрыс жауап санымен жұлдызша беріледі. Қорытындысы шығарылады.)

1. Бала Абай тыңдаған ақын кім ? (Дулат)

2. Жамбылдың ұстазы кім? (Сүйінбай)

3. Өтемістің үйін шауып, дүние-малын олжалаған кім ? (беріштің ру басы Сүйінішқали)

4.Исатайды жоқтаған Махамбеттің аза жыры. («Мұнар күн»)

5.Үмбетәлі қай елдің ханы? (Қырғыз елінің)

6. Оның әкесі кім? (Орман)

7. Майлықожа Сұлтанқожаұлы қай өлеңінде күнді босқа өткізбей, табыс табуды насихаттады? («Бұлбұл» өлеңінде)

8. «Қырғыз хрестоматиясы» жинағы қай қалада басылып шықты? (Ташкент)

9. 1834 жылы Жәңгір хан кімді старшина етіп сайлады? (Махамбетті)

10. Дулат Бабатайұлы қай жылы дүниеге келді? (1802 ж)

11. Сүйінбайдың ерліктің гимні іспеттес өлеңі («Бөрілі менің байрағым»)

12. Майлықожа неше жасында жетім қалды? (14 жасында)

13. Сүйінбай Аронұлы қай жерде дүниеге келді? (Алматыға жақын жерде Қарақыстақ аулының Бұлақ деген жерінде дүниеге келді.)

14. Майлықожа қай жылдар арасында өмір сүрді? (1835-1898 жылдар)

15. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келді? (Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында, Бекетай құмында)

16. Сүйінбайдың арғы атасы кім? (Күсеп)

17. Ол кім болған? (ақын әрі қобызшы)

18. Сүйінбайды ұстаз тұтқан кім? (Жамбыл Жабаев)

19. Махамбеттің өмір сүрген жылдары (1803-1846)

20. Исатай - Махамбет көтерілісінің уақыты (1836-1838 жылдар)

21. Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңдері («Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым»)

22. Суырыпсалма ақындық өнер (Айтыс)

23. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің шумағы неше тармақтан құралған? (5-10 тармақтан)

24. Махамбеттің 19 жол, 1 шумақтан тұратын өлеңі («Ереуіл атқа ер салмай»)

25. Майлықожа өлеңдерінің жалпы тақырыбы (адамгершілікке үндейтін ғибрат сөздер)

26. Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысқан жалынды жыршы кім? (Шернияз Жарылғасұлы)

27. Дулат Бабатайұлы қай өңірде туылған? (Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында туылған)

28. Махамбет – ақын, әрі ... (күйші, палуан)

29. «Исатай – Махамбет» дастанының авторы (Ығылман Шөреков)

30. Махамбет поэзиясының жанры (толғау түріндегі лирика)

31. «Бұлбұл» өлеңі кімдікі? (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

32. Махамбетті старшын қып сайлаған кім ? (Жәңгір хан)

33. Махамбеттің жорықтағы ағасы кім ? (Исатай)

34. Өз заманының «байғыз қарты» атанған кім ? (Дулат)

35. Өтемістің неше баласы бар ? (он)

36. Махамбет Өтемістің нешінші ұлы ? (үшіншісі)

37. Біз қай ғасыр әдебиетін оқыдық?( XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті)

38. Бүгінгі сабағымыз қандай технрологиямен жүргізіп отырмыз?(М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» Сөйлесу бөлімі)

IV. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан студенттер бағаланады.

Жеңімпаз студент Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйімен мінберге тұрып, өз арман-мақсатымен бөліседі. Жеңімпаз студенттің құрметіне Ж.Байырбекова орындауындағы Майлықожаның термесі жолданады.



V.Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру.Модуль бойынша өтілген тақырыптар бойынша қайталау, тест жұмысына даярлық.
Каталог: uploads -> doc -> 008d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
008d -> Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Бақытсыз Жамал»
008d -> Сабақтың тақырыбы: §14. Еуразияның географиялық орны. Материктің жағалауындағы мұхиттар,ашылуы,зерттелуі
008d -> Педагог – психологтың 2016 – 2017 оқу жылына арналған жылдық жоспары
008d -> Облыс орталығында, ұлы Отан соғысы жеңісінің 70-жылдығына арналған парадқа қара құрым ел жиналған екен. «Әй, Мәскеуде де осындай халық жиналмаған шығар!»- дейді біреу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет