Сабақтың тақырыбы: 1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір Пән атауы: Қазақстан тарихы Тобы: бк-105 Күні: 17. 04



бет1/2
Дата23.04.2020
өлшемі20,37 Kb.
#64538
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір (3)


Сабақтың тақырыбы: 1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір Пән атауы: Қазақстан тарихы Тобы:БК-105 Күні:17.04.2020 Сабақ типі: теориялық Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ереше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, көмір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы салаға жұмсалды. Бұған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.Қазақ жерінде әскери өндірістің, Семейдегі атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды ұлғайтты. Ембі бассейнінде – Қартон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мұнай өндіру соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 %-ға өсті. Қаратау тау-кен химия комбинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақстан бойынша Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірақ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. 1949 жылы 29 тамызда Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретінде тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ өткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақтары өткізіле бастады. И.Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953ж.) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н.Хрущев сайланды. Осы кезде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Қ.Шаяхметов босатылып, оның орнына П.Понамеренко, екінші хатшылыққа Л.Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д.Қонаев сайланды. Н.Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру бағытында әресет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның ХХ съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Н.Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақталмай қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса өз күшінде екенін білдірді.

1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды.



  1. Интенсивті бағыт – экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілетін тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді.

  2. Экстенцивті бағыт – астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.

Кеңес одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн. гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн.гектары, яғни 50 %-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз қосылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты ұйғарып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес одағы бойынша 29,7 млн. га тың және тыңайған жер оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн. га, яғни ,6 жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 1 мың кг астық жеткілікті болатын.

Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн. га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн. адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды.

1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкеге біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.

Егіншілік мәселесін басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.

Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.

1958 жылғы Теміртаудағы әлеуметтік толқулар.Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды.Республикамызға өзге де одақтас республикалардан,сондай-ақ социалистік мемлекеттер достақтығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады.Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды.Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей,олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда,брезент палаткада өмір сүруіне тура келді.Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету,мәдени демалыс орындары(клуб,жөндеу орындары мен шеберханалар),білім беру (мектептер) және дүкен,асхана,буфеттерден,әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді.Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды.Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді.Мысалы,құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы,техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау,апаттардың жиілеуі,техниканың бүлінуі,тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды.

Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады.1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкілетпен қақтығысы болды.1тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады.Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды(25 мың жұмысшыға әрқайсысы 2120 орыннан 16 асхана болды).Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды,көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды,қалыпты өмір салты бұзылды.

Бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды.Қару қолдану жағдайлары да болды.Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.

Болған оқиғалар жайында БАҚ ешқандай хабар бермеді.Бірінші кезекте бұл туралы облыстық,республикалық партия ұйымдарының басшыларына,сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.

КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша құрамында КОКП ОК-нің өкілдері,сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.

1959 жылдың қазан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты ”Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы” қаулы қабылданды.Осы бойынша кінәлілер анықталып,жауапкершілікке тартылды.Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н.Исаев пен ”Қазметаллургқұрылыс” тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.

Теміртаудағы бүліншіліктіің негізгі себебі-жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.

Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді.Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес,өндірістік салада ғана болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет