Сабақтың тақырыбы: §24. Жапония Сабақтың мақсаты



Дата03.02.2017
өлшемі312,61 Kb.
#8676
түріСабақ
Қызылорда облысы , Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті , Ы. Алтынсарин

атындағы №204 мектептің тарих

пәні мұғалімі Назарова Әсел

Пәні: «Дүние жүзі тарихы» Сыныбы: 8 «д»

Сабақтың тақырыбы: §24. Жапония

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билігі кезінде дағдарыстар болғанын, Жапония қоғамында капитализмнің баяу дами бастағандығын әңгімелеу.

  • Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және реформалар біртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келіп, жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде мемлекет құрылымының өзгерісінің мәнін түсіндіру.

  • Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланатын педтехнология әдіс- тәсіл: СТО,түсіндірмелі, иллюстр. сұрақ – жауап, сөздік

Қолданылатын құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:интерактивті тақта, кітап,бор,тақта,суреттер,карта,таратпа материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет,география

Пайдаланылатын әдебиеттер: Дүние жүзі тарихы оқулығы 8 сынып, ШЫҢ-кітап 2014, 2015 жыл,интернет материалдары

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Сынып тазалығы,жоқ оқушыны түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

  • Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?

  • Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?

  • Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?

  • Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?

  • «Өзін-өзі күшейту саясатын» кімдер жүргізді, ол немен аяқталды?

  • Реформаның «жүз күні» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сунь Ятсеннің қызметі және оның құрған саяси ұйымы туралы айтыңдар

  • Ихетундар кімдерге қарсы шықты?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жапониядағы қос билік

  2. Токугава сегунатының сыртқы саясаты

  3. Жапониядағы діндер және олардың атқарған қызметі

Жапониядағы қос билік
2-ші билік сегунда болды. Сегун /әскери қолбасшы/


  • Токугава әулеті 1603-1867 жылдар аралығында билік жүргізді.

  • Бұлардың билігі атадан балаға беріліп отырды.

  • Бүкіл елде халықтың саны 18 млн-ға жетті. 80 % ауыл шаруашылығымен айналысты

  • Елдегі ең бай феодалдық әулет Токугава үйі болды.

  • XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды.

  • Елдің астанасы Эдо қаласына көшірілді. /Қазіргі Токио/

  • Жапонияда әскери тәртіп орнады.

  • Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, сауда мен қолөнер орталықтары өсті. /Эдо, Киота, Нагая, Хаката, Нагасаки/

  • Сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйесімен сипатталады.

2. Токугава сегунатының сыртқы саясаты.

Токугава әулеті шетелдіктермен байланыс жасады.

Шетелмен байланыс не үшін қажет болды?

2. Қару –жарақ жасау әдісі

1. Техникалық білімі

Бірақ шетелдіктердің елдегі тіміскі әрекеттері, елде өз ықпалдарын орнатуға тырысуы үлкен қауіп тудырды.
Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты . Осы кезде Жапонияда 700 мың христиан дінін қабылдаған адам болды.
Өзге діннің ықпалы бұл елде ішіне іріткі салады деп қорыққан билеушілер 1637 жылдан бастап бұл елге шетелдіктерді кіргізбей «жабық есік » саясатын ұстанды.
Жабық есік саясатының басты әрі негізгі себебі, сегундіқ билік арқылы бүкіл халықты бағыныштылықта ұстау, жатжерлік шапқыншылықтан, шаруалар көтерілістерінен мемлекетті қорғай алатын тәртіп ортану болды.
Жабық есік саясаты ХІХ ғасырға дейін созылды.
Токугава сегунаты шетелдіктердің елге келуіне тыйым салғанымен , әлемдегі мәдени өзгерістер мен техникалық жетістіктерді білудін бас тартқан жоқ.
XVII ғасырдың аяғынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «бастыстық техника» деген принцип қалыптасты. Яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да , ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды.
XVII-XVIII ғасырлар жапон мәдениеті өркендеген кезең.

3. Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі.

  • Жапондықтардың көпшілігі синтоизм дінін ұстанды.

  • Токугава әулетінің билігі тұсында халықтың басым бөлігі синкретизмді –синто мен буддизмдің қатар ұстады.

  • Сондай-ақ Жапонияға сырттан христиан діні мен Қытайдан конфуцийлік дін енген еді.

Синтоизм- табиғат күштеріне табынатын дін. Синтоизм императорлық билікті жақтаушылардың сиынатын діні болды.


  1. ХІХ ғасырда Жапонияның экономикалық жағдайы және Токугава сегунатының саяси дағдарысы

  2. Еуропалықтардың Жапонияны ашуы

  3. Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және жүргізілген реформалар.

  4. Жапониядағы капитализмнің дамуы.

  5. Жапония Азиядағы бірден-бір ХХ ғасырдың басындағы отарлаушы ел.

  6. Қорытынды

ХІХ ғасырдағы Жапония экономикасы

Кемшіліктер

Жетістіктер

Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады

Өңделетін жер көлемі азайды.

Халық саны күрт төмендеді.


Капитализм баяу болса да дами бастады

Мануфактуралар көбейді (180 мыңнан астам)

Ішкі сауда дамыды

Қолөнер, сауда орталықтары өсті.

Қалалар көбейді. (Эдо, Киота, Осако, Нагасаки, Сакаи, Хаката.)

Ауыл шаруашылығында жаңа салалар қалыптасты (жібек, қағаз, қант, қыш, фосфор, тоқыма).



Ішкі рынок қалыптасты


ІҮ. Сабақтың бекіту:

Кестені толтыру
Жапониядағы Мэйдзи реформалары

Мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер

Қоғамдық қатынастардағы өзгерістер

Экономикалық қайта құрулар

Білімсаласындағы өзгерістер














Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§24. Кестені аяқтау
Қазақстан_тарихы___Сыныбы:_8_«д»'>Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8 «д»

Сабақтың тақырыбы: §37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстандағы ХҮІІІ – ХХ ғасырдың бас кезіндегі этностық топтардың қалыптаса бастауы туралы айта отырып, ұлттық рухтағы тарихи санасы қалыптасқан, жеке тұлға тәбиелеу.

  • Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.

  • Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланатын педтехнология әдіс- тәсіл: СТО,түсіндірмелі, иллюстр. сұрақ – жауап, сөздік

Қолданылатын құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:интерактивті тақта, кітап,бор,тақта,суреттер,карта,таратпа материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет,география

Пайдаланылатын әдебиеттер: Қазақстан тарихы оқулығы 8 сынып, ШЫҢ-кітап 2014, 2015 жыл,интернет материалдары

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Сынып тазалығы,жоқ оқушыны түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.

  2. Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.

  3. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.

Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).

Картадан мынаны көрсетіңдер:

  1. Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?

  2. Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері

Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:

  • Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;

  • Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.

Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.

Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;

«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»

Жылдары

Қоныс аударушылардың саны

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушыларждың жағдайы

Кәсіптері

Мәдениетінің дамуы

Ұйғырлар

Дүнгендер






















  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.

  2. Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.

  3. Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?

  4. Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?


Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.

«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)

Халықтар

Қоныс аударған уақыты

Тілі

Діні

саны

Кәсібі

Жазуы (араб, кириллица, иероглиф)

Қазақстар



















Орыстар



















Ұйғырлар



















Дүнгендер




















Жаңа сабақ түсіндіру

Жоспары:

  1. Орыс халқы

  2. Украиндар

  3. Татарлар

  4. Белорустар

  5. Немістер

  6. Поляктар

  7. Қазақстанға басқа да ұлт өкілдерін қоныстандыру.

Тақырып материалы өзінің мазмұны жағынан онша ауыр емес, сондықтан кіріспе сөзден кейін, оқушылар өз беттерінше оқып танысулырана болады.

Тапсырма: Парагарафты оқып шығып, Қазақстан аумағындағы қоныс аударушылардың өмірі мен қоныс аудару ерекшеліктерін ашу үшін мына кестені толтырыңдар:

Халықтар

Қоныс аударушылардың саны (%)

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушылардың жағдайы

Кәсібі

Мәдениеттің дамуы

















Оқушылардың жұмыстарын тексетіп, талқылағаннан кейін Қазақстан аумағында тұратын халықтарға тоқталамыз. Алғашында оқушылардан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстан халықтары ассамблеясы жөнінде не білетіндерін сұраймыз. Олардың жауаптарынан тыңдағаннан кейін мыналармен толықтырамыз:

  • Олардың құрылу тарихы

  • Қызметінің мақсаты мен бағыттары

  • Олардың қызметіне қандай негізгі құжаттар сипаттама береді?

  • Бұл ұйымдардың маңызы:

  1. Мемлекет өмірінде

  2. Дүние жүзі халықтары арасындағы қарым-қатынаста

  3. Бір мемлекеттің ішіндегі халықтар арасында

  4. Жеке адамның өмірінде

Сабақты бекіту:

  1. Оқулықтың 260-бетіндегі құжаттармен жұмыс. Құжат мәтіні бойынша сұрақтар:

  • Орыс шаруаларының казактардан сыртқы бейнесі жағынан қандай айырмашылығы болды?

  • Украин деревнясы басқа халықтардікінен несімен ерекшеленеді?

  • Алғашқы неміс колонистері қашан және қайда пайда болды?

  • Қазақстан қалаларында қай халықтардың өкілдері тұрды?

Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, қазіргі Қазақстанда тұратын неғұрлым ірі диаспоралардың саны мен орналасқан жерлері туралы әңгімелеңдер.


Пәні: « Қазақстан тарихы»

Сыныбы: 8 «д»

Сабақтың тақырыбы: §38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға шетелдердегі қазақ диаспорасының қалыптаса бастауы туралы айта отырып, ұлттық рухтағы тарихи санасы қалыптасқан, жеке тұлға тәбиелеу.

  • Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.

  • Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланатын педтехнология әдіс- тәсіл: СТО,түсіндірмелі, иллюстр. сұрақ – жауап, сөздік

Қолданылатын құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:интерактивті тақта, кітап,бор,тақта,суреттер,карта,таратпа материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет,география

Пайдаланылатын әдебиеттер: Қазақстан тарихы оқулығы 8 сынып, ШЫҢ-кітап 2014, 2015 жыл,интернет материалдары

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Сынып тазалығы,жоқ оқушыны түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырма: Парагарафты оқып шығып, Қазақстан аумағындағы қоныс аударушылардың өмірі мен қоныс аудару ерекшеліктерін ашу үшін мына кестені толтырыңдар:

Халықтар

Қоныс аударушылардың саны (%)

Орналасқан аумағы

Қоныс аударушылардың жағдайы

Кәсібі

Мәдениеттің дамуы

















  1. Оқулықтың 251-бетіндегі құжаттармен жұмыс. Құжат мәтіні бойынша сұрақтар:

  • Орыс шаруаларының казактардан сыртқы бейнесі жағынан қандай айырмашылығы болды?

  • Украин деревнясы басқа халықтардікінен несімен ерекшеленеді?

  • Алғашқы неміс колонистері қашан және қайда пайда болды?

  • Қазақстан қалаларында қай халықтардың өкілдері тұрды?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстардың Қазақстаннан тыс жерлерге көшу себептері

  2. Қазақстар Ресей империясының ішкі губерниялар аумағында.

  3. Қытайдағы қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері

  4. Монғолиядағы қазақстар.

  5. Қазақстар Түркіменстанда, Өзбекстан мен Ауғанстан жерінде.

Оқушыларға алдымен қазақтардың шет елдерге кету себептерін (саяси, әлеуметтік-экономикалық) түсіндіру керек. Ол үшін оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға болады.

  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар не себепті шет елдерге кетті?

  2. Бұл үрдіске қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін?

  3. Бұрынғы өткен тақырыптар бойынша қазақ миграциясы туралы мысалдар келтіріңдер.

Қазақ

диаспорасы

Сыртқа кетуге себеп болған оқиғалар

Орналасқан аумағы

Қоныстанушылардың саны

Кәсібі

Ресей империясының ішкі губернияларындағы қазақтар













Қытайда тұратын қазақтар













Монғолияда тұратын қазақтар













Өзбекстенда тұратын қазақтар













Ауғанстанда тұратын қазақтар













Сонан соң оқулық материалдарына сүйене отырып, көрнекілік ретінде пайдаланылатын кестенің көмегімен шет елдердегі қазақтардың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Сабақты бекіту: Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын пайдалана отырып, оқушыларды шетелде тұратын қазақтардың тұрмысымен таныстырып, өкіметтің оралмандар мен шетелдердегі қазақтарды қолдау жөніндегі бағдарламасы туралы айту керек.

Үйге тапсырма: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Сертификат тапсырыс үшін, анкета Сертификаттың электронды нұсқасына

Облыс, аудан, ауыл: Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп
Пән мұғалімі: Тарих пәнінің мұғалімі

Аты-жөні: Назарова Әсел

Cайтқа шыққан сабақтар тізімі:
1. «Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы» Қазақстан тарихы

2. «Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы» Қазақстан тарихы
3. «Жапония» Дүние жүзі тарихы

Мекен Жайы:

Облыс, аудан, Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Көше аты: М. Жұмабаев
Үй номері, пәтер номері______14

Индексі(Міндетті түрде)______120400

Байланыс телефондар: 87787347301


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет