Сабақтың тақырыбы: §37. Моногибридті және дигибридті шағылыстыруға генетикалық есептер шығару



Дата06.06.2020
өлшемі79,42 Kb.
#72534
түріСабақ
Байланысты:
Шакаримде сабақ
ЛЕКЦИЯ

Ұзақмерзімді жоспар 12-бөлім. Тұқым- қуалаушылық пен

өзгергіштік заңдылықтары



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§37. Моногибридті және дигибридті шағылыстыруға генетикалық есептер шығару

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)



        1. моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

        2. дигибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару.




Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:




  • Терминологияны білуге арналған типтік есептерді шығарады.

  • Генетикалық таңбаларды есеп шығару кезінде қолдана алады.

  • Шағылыстыру сызбасын сызады.




Оқушылардың басым бөлігі:




  • Генетикалық есептерді рәсімдей біледі.

  • Моногибридті шағылыстыруға есептер шығарады.

  • Дигибридті шағылыстыруға есептер шығарады.




Кейбір оқушылар:




 Талдаушы шағылыстыруды қолданып генотипті табады




Сабақтың

құндылығы



«Мәңгілік Ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият




Бағалау критерийлері

  • Генетикалық таңбаларды біледі және оны есеп шығаруда қолдана алады.

  • Генетикалық есептерді рәсімдей алады.

  • Терминологияны білуге арналған типтік есептерді шығарады.

  • Дигибридті шағылыстыруға есептер шығарады.

  • Талдаушы шағылыстыруды қолданып генотипті табады.




АКТ дағдылары

Сандық білім ресурстарын іздеу, қолдану

https://bilimland.kz/ru






Тілдік мақсат

 сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және

пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері)









Негізгі сөздер мен тіркестер:




Генетикалық таңбалар, гомозиготалы, гетерозиготалы, доминатты,

рецессивті






Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




Талқылауға арналған тармақтар:




Генетикалық есептер шығару кезінде кездесетін терминдерді талдаңдар.




Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?




Неліктен моногибридті типтік есептерді А деңгейіндегі есептер деп

атаймыз?





Жазылым бойынша ұсыныстар:




Берілген есептерді және оның шығару жолдарын дәптерге түсіру




Алдыңғы оқу

Жартылай құрылымдалған карта

Доминаттылық типтері



Толық доминаттылық






Жоспар







Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар






Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Біздің сыныптың жүрегі».

Мақсаты: бір-біріне деген сенімділігін арттыру, топ ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып алып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін топ мүшелері түсті қағаздан кішкентай жүрекшелерді қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Бұл сыныптың жүрегі болады

І. Терминологияны білуге арналған типтік есептерді шығару және рәсімдеу.

Генетикалық есептерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

Моногибридті шағылыстыруға арналған есептерді үш топқа бөлуге болады.

1-топ: гаметалардың түзілуі мен типін анықтауға арналған есептер.

2-топ: ата-аналық даралардың генотиптері арқылы ұрпағының геноипі мен фенотипін анықтауға арналған есептер.

3-топ: ұрпағының фенотипі белгілі болған жағдайда аталық, аналық генотиптерін анықтауға арналған есептер.

1-есеп: генотиптері ААВВСС, ААВвСс, АаВв даралар қандай гаметалар түзеді?

2-есеп: Қызанақтың қызыл түсі сары түсінен басым. Қызыл гетерозигота мен сары дарақтан қандай ұрпақ күтуге болады?

3-есеп: Миоплегия (паралич) аутосомалы–доминатты тұқым қуалайды. Осы ауру бойынша әкесі гетерозиготалы, анасы сау отбасында ауру балалардың туу ықтималдығы қандай?

4-есеп: Ақ тауық пен шұбар тауықты шағылыстырғанда қандай түсті ұрпақтар алынады?

Дескрипторлар:



  • Генетикалық таңбаларды біледі.

  • Генетикалық таңбаларды есеп шығаруда қолдана алады.

  • Гамета алуды біледі.

  • Генетикалық есептерді рәсімдей алады.

  • Моногибридті шағылыстыру есептерін шығарады.




Белгілер

Сипаттамасы




Аналық ағза




Аталық ағза

Х

Будандастыру белгісі, егер нысан адам болса,

белгілер қолданылады;



Р

Ата-аналық ағзалар

F1 F2

Бірінші және екінші ұрпақтар

А,В,С,D

Доминантты белгідегі гендер

аbcd

Рецессивті белгідегі гендер

АВ

===


ab

Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау кезіндегі дигетерозиготалы генотип






Ортасы

ІІ. Дигибридті шағылыстыруға есептер шығару

1-есеп: Шабдалының екі түрін бір-бірімен шағылыстырғанда жемістің түктілігі және ақ еттілігі бойынша 28 түкті, ақ; 9 түкті, сары; 10 тегіс, ақ және 3 тегіс, сары ұрпақ берді. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

2-есеп: Асқабақ жемісінің ақ түсі С сары түсінен с толық доминатты. Ал жемісінің тегершік тәрізді пішіні Е шар тәрізді пішінінен е доминатты. Ақ түсті тегершік тәрізді өсімдікті ақ түсті шар тәріздімен шағылыстырғанда ата-аналары мен ұрпақтарының генотипі қандай болмақ?

3-есеп: Жемісі қызыл түсті, тұқымы тегіс гетерозиготалы қызанақты екі жұп белгісі бойынша рецессивті гомозиготалы түрімен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады?

4-есеп: Жүні қара түсті, мүйізді қошқар мен жүні ақ, мүйізді қойды шағылыстырғанда жүні қара, мүйізді қозы алынды. Келесі ұрпақтардың қанша бөлігі мүйізді және түсі жағынан анасына ұқсас болады?

Дескрипторлар:



  • Дигибридті есептерді рәсімдей алады.

  • Дигибридті шағылыстыруға есептер шығарады.

Сергіту сәті. Ми сергіту «Сөзден сөзді ізде».

Берілетін сөз: МОНОГИБРИДТІ



Оқулық

Аяқталуы

Талдаушы шағылыстыруға берілетін есептер

1-есеп: Қызыл масақты, мұртшасыз бидай өсімдігін ақ масақты, мұртшалы бидаймен будандастырғанда бірінші ұрпақта барлық өсімдіктер қызыл масақты, мұртшасыз болған. Ал екінші ұрпақта белгілердің ажырауы мынандай: 159 қызыл масақты, мұртшасыз; 48 қызыл масақты, мұртшалы; 57 ақ масақты, мұртшасыз; 16 ақ масақты, мұртшалы. Белгілер қалай тұқымқуалайды? Ата-аналық өсімдіктің генотипін анықтаңдар. Талдаушы будандастыру кезінде белгілер қалай ажырайды?

Дескрипторлар:

– Талдаушы шағылыстыру арқылы ата-аналары генотипін анықтайды.






Қосымша ақпарат

Генетикалық есептердің үш типі болады.

Ата-анасының генотипі белгілі болған жағдайда ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтау.

Ата-анасының және ұрпағының фенотипі арқылы ата-анасының генотипін анықтау. Белгілердің тұқым қуалау ерекшелігін анықтайтын есептер.






Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Генетикалық таңбаларды қолдана отырып есептерді рәсімдеп беріңдер. Қабілеті жоғары оқушы: Полигибридті шағылыстыруға есептер ойлаңдар.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз


Рефлексия. «Өзіме сараптама»

  • Не істедім?

  • Қандай мақсатпен?

  • Неге олай жасадым?

  • Қандай нәтижеге жеттім?

  • Не жасауым керек еді?




жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет