Сабақтың тақырыбы: §42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. «Үш қадамды сұхбат әдісі»



Дата02.07.2018
өлшемі1,11 Mb.
#45836
  • Сабақтың тақырыбы:
  • §42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
  • «Үш қадамды сұхбат әдісі»
  • «Ішекқуыстылар типі» тақырыбы бойынша үш оқушы тақтаға шығады (бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді, үшінші оқушы жауапты толықтырады және орындарын ауыстырып тақырыпты толық ашады).
  • Үй тапсырмасын тексеру:
  • Жаңа сабақты баяндау кезеңі:
  • Жалпақ құрттардың 15000-дай түрі белгілі.
  • Олар 5 класқа жіктеледі:
  • 1. Кірпікшелі құрттар,
  • 2. Сорғыш құрттар,
  • 3. Моногенетикалық сорғыштар ,
  • 4. Таспа құрттар,
  • 5. Цестода тәрізділер.
  • Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер.
  • Жалпақ құрттардың пайда болуын протерозой заманына жатқызады және үлкен ароморфоздардың пайда болуымен айқындалады.
  • Анықтамалар мен терминдермен жұмыс:
  • Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталады.
  • Мезодерма (грекше «мезос» - аралық, + «дерма» - тері) – ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалы қабат.
  • Гельминтология (грекше «гельминс» - құрт, ішекқұрт, «логос» - білім) – зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін ғылым саласы.
  • Паразиттік түрлерінің дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс сірқабық қаптайды.
  • Эндопаразиттер - ағзалардың ішкі мүшелерінде өмір сүретін паразиттер.
  • Эктопаразиттер – ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік етеді.
  • Константин Иванович Скрябин (1878-1972жж.)
  • Әйгілі гельминтолог, академик, Социалистік Еңбек Ері (1957), Лениндік (1957), Мемлекеттік сыйлықтарының иегері.
  • 1907-1911 жылдары Әулие-атада (қазіргі Жамбыл қаласы) мал дәрігері болған. Ол ғылыми еңбегін ішекқұрттарды зерттеуге жұмсаған ғалым. Өз шәкірттерімен бірге 300-ге жуық гельминтологиялық экспедициялар ұйымдастырып басшылық жасады. Ол ішекқұрттарды жою және ішекқұрттары ауруларын болдырмау шаралары туралы ілім жасады.

Жалпақ құрттардың ерекшелігі:

  • Көпжасушалық және дененің үшқабатының қалыптасуы: экто, энто – мезодерма, тері-бұлшықет қаптың түзілуі;
  • Әр түрлі жасушалардың пайда болуы;
  • Екіжақты симметриялы;
  • Дененің алдыңғы бөлігінің пайда болуы, сезім мүшелерінің (көру, иіс сезу, дәм сезу) қалыптасуы;
  • Жүйке жүйесінің дамуы, өзара тығыз байланысқан жүйке өсінділерінің пайда болуы;
  • Ас қорыту жүйесінің қалыптасуы, олар алдыңғы, ортаңғы бөлімдері бар қуысты ас қорытуды қамтамасыз етуі;
  • Протонефрид деген жеке жасушалардан тұратын зәршығару жүйесінің пайда болуы. Бұл бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе;
  • Барлығында қантарату және тыныс алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады;
  • Тұрақты жыныс жүйесінің – жыныс бездерінің қалыптасуы.
  • Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит)
  • Сынып оқушыларының жаңа сабаққа ізденуге берілген тапсырмалары бойынша мәлімдемесі:

КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ. ақ сұлама – БЕЛАЯ Планария

АҚ СҰЛАМА – БЕЛАЯ ПЛАНАРИЯ

  • Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт
  • Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады
  • Ақ сұлама суда кірпікшелерінің көмегімен еркін жүзе алады

Ақ сұламаның жіктелуі

  • ПАТШАЛЫҚ: Жануарлар (Животные)
  • БӨЛІМ: Билатеральдылар (Билатеральные)
  • БӨЛІМШЕ: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые)
  • ТИПІ: Жалпақ құрттар (Плоские черви)
  • КЛАСЫ: Кірпікшелі құрттар (Ресничатые)
  • ОТРЯДЫ: Үштармақты ішекті турбеллярия(турбеллярия)
  • ӨКІЛІ: Ақ сұлама (Белая планария)

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет