Сабақтың тақырыбы: 4а біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы



Дата24.11.2016
өлшемі96,65 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

7.4А Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы.

Қазақ хандығының құрылуына қандай саяси оқиғалар себеп болды?



Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі. Талдықорған қаласы

Уақыты:


Мұғалімнің аты-жөні: Шиликбаева Арайлым Мураткаликызы

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты

Білімділік: ақпаратты бірнеше дерек көздерінен алады;деректі біршама күрделі сұрақтарға жауап беру үшін салыстырады;әртүрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табады;тарихи тұлғалардың қызметіне сипаттама береді –деген оқу мақсаттарын жүзеге асыру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, өзгерістерді анықтау, талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отаншылдық, елжандылық қасиеттерін шыңдай отырып, тәуелсіздікті сақтау идеяларын жан-жақты қабылдауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;

4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.


Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар (төменде келтірілген жазбаларды өзіңіз орындататын тапсырмалармен алмастырыңыз)

Дерек көздері

Басы

Жоспар:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Қызығушылықты ояту

  3. Мағынаны тану

  4. Ой толғаныс

  5. Қорытындылау

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Рефлексия


Психологиялық серпіліс:

Құрметті оқушылар сіздермен орыс халқының ойшылы, жазушы, әдебиет сыншысы В. Г. Белинскийдің мына ойымен бөліскім келеді. “Мақсатсыз әрекет жоқ, қызығусыз мақсат жоқ, ал әрекетсіз өмір жоқ. Мақсат пен қызығу – іс әрекеттің көзі” деген екен. Осы сөзді сіздер қалай түсінесіздер?

Ендеше құрметті оқушылар мен де сіздерді бүгінгі сабақты мақсатты іс әрекетпен, қызығушылықпен өткізуге шақырамын.
Қызығушылықты ояту”

Мағыналы құрылымдық қабаттар – жаттығуы

Құрметті оқушылар төмендегі суреттерге назар аударыңыздар!

Менде қандай сұрақтар туындады?

Мен нені байқай алдым?

Сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?






Ортасы

Білу

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін мозаиканы жинақтау арқылы мәтін құрастыру
Жұптық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар


1465 -

1466

мен

Керей

жылдары

Жетісу

сұлтандар

Батыс

Жәнібек

жері

Қозыбасы

деген

жерде

хандығы

ның


қазақ

туын

біртұтас

мемлекет

тігіп

құрды.


Жауабы

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасы деген жерде қазақ хандығынның туын тігіп, біртұтас мемлекет құрды.


Жинақталған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер

Біртұтас қазақ мемлекеті қай жылдарды құрылды?

Қазақ хандығын кімдер құрды?

Қазақ хандығы қай жерде құрылды?


Түсіну

Алынған мәліметтерді қайта қарастыру және оған сипаттама беру үшін жазбаша жұмыс орындаңыздар


Екі бағанадан мәтіннің тірек сөздері мен сөз тіркестерін тауып сәйкестендіріп жазыңыздар.

Әбілқайыр хандығы мен Моғалстан хандығының күш –қуаты әлсіреп,

біріктіру міндеті алға тартылды.

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы

қазақ хандығын құру мүмкіндігі туды.

Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп

күйреу дәрежесіне жетті.

Бұл міндеттердің шешілуі үшін

негізгі себептері мен алғышарттары еді.

Бұл жағдайлар Біртұтас қазақ мемлекетін құрудың

өзара талас – тартыстар толастамады.


Жауабы:


Екі бағанадан мәтіннің тірек сөздері мен сөз тіркестерін тауып сәйкестендіріп жазыңыздар.

Әбілқайыр хандығы мен Моғалстан хандығының күш –қуаты әлсіреп,

күйреу дәрежесіне жетті.

Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы

өзара талас – тартыстар толастамады

Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп

біріктіру міндеті алға тартылды.

Бұл міндеттердің шешілуі үшін

қазақ хандығын құру мүмкіндігі туды.

Бұл жағдайлар Біртұтас қазақ мемлекетін құрудың

негізгі себептері мен алғышарттары еді.



Қолдану

Алған білімдеріңізді шешім қабылдай отырып, дәлелдемелер келтіру арқылы көрсетіңіздер
«Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының тұңғыш хандары»
Сурет ұсынылады. Дәл суреттегідей кейіпке енуіңізді сұраймын.

Сұрақ :


1) Не көріп, не естіп, не сезіп, не ойладың?

2) Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?

3) Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?
Талдау және сыни ойлау

Алған білімдеріңізді сараптай, талдай отырып, одан әрі дамытудың жолдарын көрсетіңіздер
Құрметті оқушылар сіздердің назарларыңызға төмендегі сайтта көрсетілген бейнероликті ұсынамын.
Назар салып тыңдауларыңызды сұраймын.
http://www.youtube.com/watch?v=l_IBpGqSvfk

Тапсырма:

Керей мен Жәнібекке мінездеме жазыңыздар

Кейіпкерге мінездеме жазу үшін келесі критерийлерге негізделу қажет:

1. Кейіпкердің өмір сүріп отырған дәуіріне толық сипатама жазу;

2. Кейіпкердің өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;

3. Тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі.

4. Адам ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері.

5. Кейіпкерге тарихи баға беріп, қорытындылау.



6. Кейіпкер туралы жеке көзқарасы.

Қорытындылау
Алған білімдеріңізді бір ортаға жинақтау арқылы қорытынды жасаңыздар

Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіздер?


Қорытынды ой







Соңы

Бағалау

Бағалау дөңгелегі



Бағалау дөңгелегін толтыру

  • Қарым – қатынас

  • Шешім қабылдау

  • Ыңғайлы сезіну

  • Қызығушылығының артуы

  • Уақыттың тиімді пайдаланылуы

  • Әрекет ету

Рефлексия

  1. Маған бүгінгі сабақтан ұнаған үш жағдай...

  2. Мені бүгінгі сабақта ойландырған екі жағдай...

  3. Менің бір ұсынысым немесе сұрағым...

Үйге тапсырма: «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы - тәуелсіздіктің бастамасы» тақырыбына эссе жазып келіңіздер.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет