Сабақтың тақырыбы: §56. Құстарды экологиялық топтарға бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата19.02.2017
өлшемі50,71 Kb.
#10757
Сабақтың тақырыбы: §56. Құстарды экологиялық топтарға бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Құстарды дене құрлысына, тіршілік әрекетіне,жыл маусымына қарай бірнеше топтарға бөлу арқылы олардың көптүрлілігі, тіршілік ету ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортадағы табиғат байлықтарын тани білу,оларды қорғау,ұлттық,эстетикалық,экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,жүйелеу,қортындылау қабілеттерін дамыту және танымдық дербестігін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: МОТ әдістері.

Көрнекілігі: Құстардың түрлі-түсті суреттері,тірек-сызба,парақшалар.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Даналық ағашы». 15 оқушыға-15 сұрақ.



  1. Құстардың денесі қандай бөліктерге бөлінген?

  2. Құстарды неліктен жылықандылар деп атайды?

  3. Құстардың терісінде қандай без бар және ол қандай қызмет атқарады?

  4. Құс терісінің қосалқы бөлімдерін атаңдар?

  5. Құс қаңқасында өзіне тән қандай белгілер бар?

  6. Құстың безді қарны қандай қызмет атқарады?

  7. Құстың етті қарнының ерекшелігі неде және ол қандай қызмет атқарады?

  8. Құстардың қандай белгілері жорғалаушыларға ұқсас?

  9. Құстардағы қосарлы тынысалу деген не?

  10. Құстардың дыбыс шығаруы қандай мүшеге байланысты?

  11. Құстардың зәр шығару мүшелерінің қандай ерекшеліктері бар?

  12. Құс мекиендерінің жыныс жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

  13. Құс жұмыртқасындағы нәруыз қабаты қандай қызмет атқарады?

  14. Құстардың қантарату жүйесіндегі өздеріне тән белгілері қандай?

  15. Құстарды зерттейтін ғылым қалай аталады

ІІІ. Жаңа сабақ.

Құстар дене құрлысына,жыл маусымына,тіршілік әрекетіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.Олар:

Дене құрлысына

Қыртөссіздер Жүзетін Қыртөстілер

(түйеқұстың түрлері) (пингвиндер)

Сулы жердегі Орман Ашық жердегі

құстар құстары құстар

(үйрек,қаз, (тоқылдақ, (жыртқыштар,

шағала т.б.) жапалақ) дуадақтар т.б)

Жыл маусымына

Жыл құстары Көшпелі құстар Қыстап шығатын құстар

Тіршілік әрекетіне

Сұңқартәрізділер Тырнатәрізділер Торғайтәрізділер
Тауықтәрізділер Жапалақтәрізділер
Жаңа сабақ жоғарыдағы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.
«Сен білесің бе?» Құстар туралы қызықты деректермен таныстыру.
ІV. Бекіту тапсырмалары.


  1. «Құстарды таны» ойыны

Оқушыларға құстардың суреттерін таратып,оның қай құс екенін, олардың қай топқа жататынын тірек-сызба арқылы анықтап және оған қысқаша беру тапсырылады.
2) «Мені түсін» ойыны

Ірі құс,салмағы 16 кг.жетеді.Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірде көптеп ауланған. (Дуадақ)


Үш саусақты,қанаты жақсы дамыған,бірақ ұша алмайды,жылдам жүгіреді.Қораздары да жұмыртқа басып,ұрпағына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг.Еті,қауырсыны,жұмыртқасы бағалы болғандықтан көптеп ауланады. (Нанду)
Жұп құрып тіршілік етеді,әрі жұптарын өмір бойы сақтайды.Антарктида жағалауында ғана таралған.Көбейер кезде бір жерге топтасып,жұмыртқа-сын тасты жерлерге салады.Жұмыртқасын көбіне жарғақты табанының үстіне қойып шайқайды. (Пингвин)

  1. «Сиқырлы сандықша» ойыны

Сұрақтарға жауап беру.

А) Қазақстан жалауында құсқа тән қандай бейнелеу бар?

Б) Біздің халық құсты қадірлеп,оған деген сүйіспеншілігін дәріптеп,ең жақсы көретін адамын құсқа теңеген. Мысал келтір

Сұлуын аққуға Ұлдарын сұңқарға

Әншісін бұлбұлға Батырын қыран бүркітке т.б.

В) Қазақ халқы өмірге келген ұрпағына ат қою кезінде құс атауларына сәйкес есімдер берген. Олар қандай...

Қарлығаш,Сандуғаш,Лашын,Балапан,Қаршыға т.б.

Г) Мына мақалдардың жалғасын тап.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

«Тобымен ұшқан торғайға, тұрымтайда бата алмас»

«Ерте оянған құс тойып алып тұмсығын сүртеді,

Кеш оянған құс көзінің былшығын сүртеді».

«Өлеңге енсе сөз сұлу, Аққу жүзсе көл сұлу»


  1. «Жұмбақтас». Жұмбақтарды шешіп,қазақша,орысша және ағылшынша

жауаптарын айту.

А) Бейбіт өмір нышаны

Самғап көкте ұшады. Көгершін Голубь

Б) Маң маң басқан жүрісі

Барлық құстың ірісі

Қашқанда құстай ұшпайды

Қуғыншы бірақ ұстайды Түйеқұс Страус

В) Ағашта жабысып тұрады

Тұмсығын алмай ұрады Тоқылдақ Дятел

Г) Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды. Үкі Сова

5)Құстарды қорғау аңыз,ертегілерде де көрініс берген.

1/ «Төле би бабамыздың әңгімесі»

2/ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы

3/Мемлекеттік табиғи орын қорық. Ерекше қорғалатын табиғи қорық

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан «Қорғалжын»

қорығы.Бұл қорықты «құс базары» деп те атайды.

V. Қорытынды Ақын Ә.Қожамұратов.

Тиме,аққуға!

Аққудың киесі бар

Кеудемде жүрек барда басылар ма ой

Тиме,аққуға!

Кіршіксіз асыл ар ғой

Тимеңдерші көңілдің көркі болсын

Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой.

VI.Үйге тапсырма. §56. Құстар тіршілігі туралы қосымша деректер жинау.



VII.Бағалау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет