Сабақтың тақырыбы: Ақ бата Сабақтың мақсаттары



Дата06.07.2018
өлшемі183,99 Kb.
түріСабақ
Байгонова Гулзада Мендешовна

ОСШ№3 имени Абая города Талгара Алматинской области

учитель казахского языка


Сабақтың тақырыбы: Ақ бата

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіріп, халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру.

3. Тәрбиелік: Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы,кең өрісті азаматын тәрбиелеп,өнегелі,

өнерлі болып өсуіне ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау,бейнетаспа тамашалау,мәнерлеп жатқа оқу,ой қозғау , сұрақ- жауап , жатқа оқу, мазмұндау, синтаксистік талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Ақ бата» презентация, Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспалар , «Қыз Жібек» фильмінен үзінді

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1. «Ел бірлігі» Мәтінін мазмұндау.

2. Ел бірлігі, Отан туралы мақал- мәтелдер.

Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

III . Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

- Сабағымыз ғасырдан ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазынамыз- батаға арналады. Бүгінгі сабағымызда батаның түрлерін қарастырып, халқымыздың өмірінде алатын орны туралы сөз қозғаймыз.



IV Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Бата туралы презентация.

1) Бата туралы бейнетаспа.Бата- ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: «Бата-сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын»,«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас».

2. Бата туралы ұлылардың сөзі:

Б.Момышұлы:«Халқымыздың игі салт – дәстүрлері - біздің асыл мұрамыз» 
Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты тартуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады»

3. Шәкір Әбеновтің Н. Назарбаевқа берген батасы туралы бейнетаспаны тамашалау.

Бата билік басына келген хан, патшаларға, Елбасына да беріледі. Мәселен, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы алғаш рет Президент болып сайланған кезде өзінің таққа отыру рәсімінде Елбасымыз аты әлемге жайылған ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбенов ақсақалдан алды.

4. Аудандық «Дарын» ғылыми- практикалық конференциясының жүлдегері Ахметова Д. «Қазақ тіліндегі тілек-бата сөздерінің қолданылуы» туралы жобасы туралы.

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Батаның негізгі түрлері

1.Ақ бата.

2.Теріс (қарғыс) бата.

3.Серттесу батасы (баталасу).

1)Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі береке –бірлікке шақыру.

2)Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, Отанын сатқан, ауыр қылмыс жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. «Қыз Жібек» фильмінен үзіндіні тамашалайды.( Төлегенге берген әкесінің теріс батасы туралы)



3) Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең.

5. Жаңа сөздермен жұмыс.

Батагөй, зерделі, парасатты, жеткіншекқұт- береке



6. «Ақ бата» мәтінін оқып, талдау.

IV.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1. 4- тапсырма .Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

- Адамзат болашақ ұрпағына не тілейді?

- Алғыс сөзде қандай тілек айтылады?

- А. Байтұрсынов бата туралы не дейді?

2. 3- тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс

екенін анықтаңдар.



VI.Бекіту кезеңі: Ақылдың алты қалпағы.


Ақ қалпақ - Батаның шығу тарихы, түрлері туралы ақпарат береді.



Сары қалпақ – Батаның адамға деген әсері, бата адамдардың жолын ашуы туралы деректер.

Көк қалпақ - Батаның түрлеріне, олардың маңызына, айтылатын орны, жастарды неге үйрететіні туралы қорытынды сөз.

Жасыл қалпақ - «Қыз Жібек» фильмі бойынша, егер Төлеген әкесінің батасын алғанда... , мүмкін ол ... Адамдар бір-біріне түсіністікпен қараса...

Қызыл қалпақ- Бата алған адамдардың сезімдері туралы.

Қара қалпақ- Теріс бата алған адамдардың тағдыры,болашағы, олардың жан- дүниесі туралы.

VII.Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма:

1.«Ақ бата» мәтінін мазмұндау.

2.1- тапсырма. «Қандай?»деген сұраққа жауап беретін сөздерді сөз құрамына талдау.



VIII. Сабақты қорытындылау:

Ата - бабамыздан мирас- өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік.

Тәуелсіздікке бата:

Уа, Жаратқан Ием!

Халқымды даласымен сақта.

Елімізді данасымен сақта,

Сәбиді анасымен сақта

Азаматты санасымен сақта

Уа, халқым бауырың бүтін болсын!

Күніміз ұлысты болсын!

Жеріміз ырысты болсын!

Елбасы бірлікке себепті болсын!

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Бұл бата қабыл болсын!



Әумин!
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабақ (Өткенді қайталау) Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сыныбы: 11- сынып Пәні: Қазақ әдебиеті
raznoe -> Сабақ: Театр Күні: 20. 07. 2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Калыкова Д. А
raznoe -> Тіл дамытуға арналған мәтіндер Тауық, тышқан және құр
raznoe -> Сабақтың мақсаты : Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру
raznoe -> А.Қ. Шайхысламова
raznoe -> Педагогикалық технологиялар
raznoe -> Іс-шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлей білеміз бе?» Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін тереңірек үйретіп, сөздік қорларын байыту. Құрметті ұстаздар мен оқушылар қош келдіңіздер! Бүгін 1-4 сынып аралығында «Қазақша сөйлей білеміз бе?»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу