Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі49,77 Kb.
#33686
түріСабақ
Сынып: 9А

Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыға ұлы дана ақын абай құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек мағлұмат беру, ақын аудармасының ерекшелігін көрсету аударма ісіне қызығушылық ояту;

ә) тәрбиелік: ақынның жан –дүниесін түсінуге, оны ойындағы асыл қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру;

б) дамытушылық: көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру, оқып –түйгендерін айтқызып жаттықтыру, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың түрі: аралас сабақ (қайталау, жаңа сабақ)

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, буклеттер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ –«Абай және орыс әдебиеті»

Сабақ Абай портретінен, буклеттерден баситалады. Интерактивті тақтада Абайдың 25-ші қара сөзі, ақынның достары (Михаэлис, Долгополов, Леонтьев). Абай және орыс поэзиясы: Пушкин, Лермантов, Крылов суреттері, аударманың түрлері туралы түсініктеме.

Топқа бөліп, әр топқа топқа тапсырма беріледі.

І топқа. Абайдың «Онегиннің өлердегі сөзі» мен Пушкиннің «Евгений Онегин» романының соңғы Татьянамен кездесу мәтіні беріледі. Тапсырма- аударма айырмашылығын табу. (Абай аудармасында Онегин қайғы мұңнан өледі, Пушкин романында Татьяна ұзатылған адамы адал екнін айтып Онегинмен қоштасады)

ІІ топқа. М. Лермантовтың «Горные вершины» өлеңінің аудармасы мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» аудармасы беріледі. Өлеңдегі ұқсастықты табу.

ІІІ топқа. И. Крыловтың «Стрекоза и муровей» мысал өлеңі мен Абайдың «Шегіртке мен құмырсқа» аудармалары салыстыруға беріледі. Өлеңнің шумақ, тармақ санының айырмашылығын табу тапсырылады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Мағынаны ашу стратегиясы




ақын




Абай



аудармашы

сазгер

Ассоциация құру.

V. Үйге тапсырма.

Толғаныс стратегиясы. Материалдар дайындау



Сынып: 9А Күні: 13.10

Сабақтың тақырыбы: Абай және Пушкин (1 сағаты)

Мақсаты:


  1. Оқушылар екі халықтың ұлы ақыны Абай және Пушкиннің шығармашылық өмірлерінің кейбір қырларымен танысады;

  2. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт алады, қазақша пікір айтуға үйренеді, ойлау мәдениетін жетілдіреді.

  3. Екі елдің ұлы ақындарының шығармашылықтарынан үлгі алады.

Сабақтың эпиграфы:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты іздесең, жаттап тоқы көңілге». С.Торайғыров

«Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары көрсете алады». С.Сейфуллин

Сабақтың барысы:


Себебі, Абай мен Пушкин –екі елдің ұлы тұлғалары. Олардың шығармашылықтары тығыз байланысқан. Абай қазақ оқырмандарына Пушкиннің шығармаларын аудару арқылы жеткізген.

Абайдың аудармашы ретінде екі қасиеті бар. Бірі –талғампаздық, екінші –ой тереңдігі. Абай орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе, екі ақынды аударған. Олар – Александр Пушкин мен Михаил Лермонтов.

Абай туралы:

-Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» деген романынан үзділер аударған. Абай «Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Татьянаның сөзі» және тағы басқа үзінділерді аударған. Абай аудармалары екі түрлі болып келеді. Бұл – дәл және ерікті аударма.

-А.Пушкин туралы:

А.Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Ол әр қилы лирик, ол өлең, поэма, әңгіме, повесть, таризи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек драмалық шығармалар жазды. Оның аса көркем туындыларының бірі –«Евгений Онегин» -шын мағынасында халықтық шығарма. Пушкин өз Отанының жалынды патриоты болған. Оны сонымен бірге басқа халықтардың өмірі, тағдыры қызықтырады. Ол қазақ халқының бай сөз өнеріне қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі – «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» дастанын жаздырып алдырған.

Венн диаграммасы

Салыстыру сұрақтары

Абай Құнанбаев

Ұқсастығы

Александр Пушкин

Олар қай жылдары өмір сүрді?
Қай жерде дүниеге келді?

Абай мен Пушкин кім?


олар қайда оқып, білім алды?

Қандай тілдерді меңгерді?

Кімдерді сынады, нені аңсады?

Шығармаларында неге тәрбиелейді?

Олар қандай әдебиеттің негізін салды?
Қандай шығармаларын білесіңдер?













1-тапсырма

Сөйлемдердің дұрыс –бұрыстығын анықтаңдар. Дұрыс сөйлемнің астын сызыңдар. Бұрыс сөйлемнің себебін түсіндіріңдер.



  1. Абай –ақын, Пушкин- сазгер.

  2. Абай Пушкинді қазақ халқына «Евгений Онегин» шығармасын аудару арқылы танытты.

  3. А. С. Пушкин Оралға Пугачев көтерілісінің тарихымен танысу үшін келді.

  4. Орал қаласы 1775 жылға дейін Яик қалашығы деп аталды.

  5. «Қозы Көрпеш- Баян Сұлудың» қайғылы махаббаты туралы аңыз Пушкинді қызықтырған жоқ.

2- тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.



  1. 2006 жыл... Абай жылы, ...Пушкин жылы.

  2. 1833 жылы Пушкин ... келді.

Керекті сөздер: Оралға, Ресейде, Қазақстанда.

Сабақты қорытындылау.

-Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. М.Әуезов Абайды дүние жүзіне әйгілі етсе, Абай Пушкинді «Евгений Онегин» романы арқылы қазақ халқына танытты.



Мыңдаған қазақ, орыс, басқа ұлттың жастары байтақ өмірде Абайдың тамаша әндерін радиода, сахнада шырқайды.

Үйге тапсырма: Венн диаграммасын түсіру.
Каталог: uploads -> doc -> 00f7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f7 -> Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «Ана» Сілтеме
00f7 -> Куратор Шебер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет