Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» Сабақтың мақсаты



Дата14.04.2017
өлшемі45,68 Kb.
#13815
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев « Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыра отырып,өлеңнің негізгі идеясын ашу.Қыстың қатаң көріністерін түсіндіру,өз ойын жүйелі байланыстырып айта білуге үйрету,оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Есте сақтау,өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін,сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғат сұлулығын тануға,қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,әңгімелеу,топтастыру,

Түрі: жаңа білім беру.

Жүрісі:

I Ұйымдастыру бөлімі:



1.Психологиялық дайындық: Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын.

Тәуелсіздік туы

Мәңгі биік тұрсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

II. «Үзінді ойыны» Өткенді пысықтау.

1.Алғашқы қазақ жасағын кім құрды?

2.30 жасында қолбасшы болған кім?

3.Кенесарының бірінші әскери кеңесшісін ата.

4.»Махамбет пен Жақия» мәтінінің авторы.

5.»Азаттық жолында» мәтінінің басты кейіпкері.

6.Үй суық.Жыртық терезеден кірген ызғырық шекеден шыққандай.Үйдің ішін жылытуға пешке жағатын отын жоқ.Отын табылар жерде жоқ-қай мәтіннен үзінді?

7.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңі.

8.Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам.

9.Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі.

10.Күрес алаңына Мұқанмен кім шықты?

11.Рейхстагқа ту тіккен кімдер?

12.Ноғайбай мен Дәметкеннің үшінші ұлы кім?

-Бөлімде халқымыздың өмір тарихы,қилы заман кезеңдері толық қамтылған.

III. Қызығушылығын ояту.

Жұмбақтарды шеш:

1.Қыста бар да,жазда жоқ.(қар) 3. Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ. (мұз)

2.Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды. (аяз)

4.Қанаты жоқ –ұшады.

Аяғы жоқ-желеді.

Аузы жоқ-ұлиды. (қыс)

Жұмбақтың шешуіндегі сөздер нені білдіреді? (Қыс)

Қыс-жыл мезгілі.

-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Қазір қай мезгіл?

-Қыс айларын ата.

Топтастыру




Қыс

IV. Жаңа сабақ

-Бүгін біз «Туған жерге қыс келді» тарауын өтеміз. Сол тараудың бірінші тақырыбы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.Абай Құнанбаев жазба әдебиетінің

негізін салушы,кемеңгер,дана,ұлы ақынымыз туралы не білеміз?

1.Автор туралы мағлұмат.

Абай Құнанбаев Ұлы ақын,ағартушы,философ.Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген.Әжесі Зеренің бауырында

өскен.Өте ақылды,зерек бала болған.Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.Абайдың көптеген шығармалары бар.

Абай-ғалым,ұстаз,ойшыл,ақын,сазгер,дана,аудармашы,күйші,қара сөздің шебері.

Абай өлеңдері жастарды өнер-білімге,еңбек етуге үндейді.

Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те айтамыз,өйткені ол табиғаттың әсем сырларын,ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз»,»Күз»,»Қыс» т.б

2.Мағынаны ашу.Өлеңді оқу.

Қыс


Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

3.Өлеңнің шығу тарихы.

-«Қыс» өлеңін Абай атамыз 1884жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған,мал қырылған.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.Сондықтан ақын қысты »Ақ киімді,денелі,ақ сақалды»зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

4.Тізбектей оқу.

5. Сөздік жұмыс.

Шидем-қой жөнінен тоқылған сырт киім.

V. Сергіту сәті:

VI. Өлеңге талдау жасау.»Кубизм» әдісі

-Ақын қысты кімге теңейді?

-Шалдың киімдері қандай?

-Киім деп отырғаны не?

-Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?

-Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?

-Соқыр,мылқау деген себебі не?

-Түрі,түсі қандай?

-Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген?

VII. Сөзбен сурет салу.



  1. Шалдың киімі қандай?(Аппақ)

  2. Денесі,түсі қандай?(Денесі ұзын,ақ сақалды)

  3. Мінезі қандай?(Мінезі қатал,ештеңені көрмейтін соқыр)

  4. Үсті қандай?(Ақ қырау,мұз басқан,сондықтан сықырлайды)

VIII.Дәптермен жұмыс.Шығармашылық тапсырма.»Ұйқасын тап»

... керемет,

... себелеп.

Ұшып жүрген бейне бір,

... көбелек.

IX.Бес жолды өлең.»Қыс»

X.Қорытынды.

-Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

-Авторы кім?

-Өздерің Абайдың қысын қалай бейнелер едіңдер?

XI. Үйге тапсырма .

Жатқа айту.Қыс суретін салу.



XII. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет