Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. "Қыс" Пән мұғалімі: Ізбамбетова Гүлнар Наженқызы Атырау қаласы



Дата19.02.2017
өлшемі94,4 Kb.
#10664
түріСабақ
Жалпы білім беретін Абай атындағы

15 орта мектебі





Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалімдерінің қалалық десант сабағы

Пәні: қазақ әдебиеті

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. "Қыс"

Пән мұғалімі: Ізбамбетова Гүлнар

Наженқызы

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Қыс»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Абай шығатмаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) педагогикалық технологиясы.

Сабақтың көрнекілік құралдары: «Абайтану әліппесі» әдістемелік құралы (әлектронды оқулық), интербелсенді тақта, Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы, «Абай жолының хрестоматиялық баяны» (дидактикалық оқу құралы), Абай суреттері мен бейнекөріністер.

Сабақтың барысы: 1. Сәлемдесу.

І кезең – Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар өз бетімен жаңа сабақты меңгеруі үшін тақырыпқа байланысты ассоциациялар қатарын толтыру.

Ол үшін интербелсенді тақтада тірек болатын суреттер үлгісі сұрақтармен және дыбыс үлгілерімен жасырылады: а) Қазір қыс мезгілі екенін бәріміз де білеміз. Осы күндері ауа райы қандай? Байқап қарасақ, қыс нағыз өзінің күшіне енгендей. Қысқы ауа райы жөнінде сіздер қалай әңгімелер едіңіздер? Жалпы қыс мезгіліне қатысты ассоциацияларыңызды тізбектеп айтып көріңіздер. Ертеректе халқымыз немен күн көрген? Қыстың қиыншылығы алдымен кімдерге қатты әсер еткен? Адамдар қалай киінді? Қыс мезгілінің бар болмысын көз алдымызға елестете, тамаша сутереттеген қандай ақындарымызды білесіздер?

Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы. «Қыс»

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Абай

Осылайша өзінен кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай

(Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.

Кішкентайынан зерек Абай көпті көрген әжесі Зеренің және Ұлжандай ақылды ананың тәрбиесінде болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай ауқатты от басынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын

жоқтады. Сонымен қатар, Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі.

ІІ кезең – технология бойынша синтетикалық бөлім

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру.

«Дана үкілер» техникасы

1. Өлең шумақтарын оқушылар бөліп оқиды.

2. І топ тапсырмасы: Қыстың көріністерін жеке алып қараңыздар: кейпі (портреті), әрекеті (дем алысы, басқан жері, басын сіліккені,, долданғаны, қыстағы балалар, қыстағы малдың және малшының күйі.

ІІ топ тапсырмасы: Өлеңді «Қыстың сипаты» және «Қысқы ауыл» деп екі бөлімге бөліп көрсетіңіздер.

ІІІ топ тапсырмасы: Ақын қыс мезгілін қандай бейнелі сөздермен жасағанын қараңыздар.

ә) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігп талқылау.

Оқушы өзіндік ой-пікірін дәлелдеп, қорытынды шығарады. Оқушылардың өздері күш салып, қаншалықты меңгергендігін қадағаланады және қосымша фактілер беріледі.

Әдебиет теориясынан портрет және кейіптеу туралы тісінік беріледі.

Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жанжандыра, құлпырта суреттейді. Әдебиеттегі мұндай тәсілді кейіптеу деп атайды.

Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.

«Қыс» өлеңінде Абай жылдың қыс мезгілін адам кейпінде суреттей отырып, оның шынайы портретін айшықты сөзімен шебер суреттеген.

Интербелсенді тақтада оқушыларға өлеңнің құрылысына талдау жасату.

б) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

«Ара ұясы» техникасы: Оқушылар не білгендігі туралы пікір алмасып, екі сұрақтан дайындайды. Сұрақтарға жауапты басқа оқушылар немесе мұғалім жауап береді.

ІІІ кезең – технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында алған білімді дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін бағалау.

Абай Құнанбайұлының жылдың қыс мезгіліне арнап жазған, «Қыс» өлеңіне, ұқсас тағы қандай өлеңін білесіздер?

«Абайтану әліппесі» атты электронды оқулықтан Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңі оқытылады.

«Қыс» өлеңімен байланыстырыла отырып, өлеңнің мазмұнына талдау жасалады.

Интербелсенді тақтада түсіндірме сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

ықтырма – қотанның жел жағына жасалатын қалқа, ықтасын

күзеу – 1. Малшылардың мал күздетуге арналған мекен-жайы, күздік

2. күз айында қыстауға дейін қысқа мерзімге көшіп баратын қоныс

иін – мал терісін өңдеу үшін айран, қатықтан дайындалған малма

азғыр-азғыр – сөз айтып үгіттеп, жолдан тайдыру, айныту

бейіл – ниет, көңіл

Абайды оқы, ерінбе

Электронды оқулық көмегімен оқушылар «Абай оқулары» жеңімпаздарының мәнерлеп оқу үлгісімен танысып, өздерінің мәнерлеп оқу қабілеттерін интербелсенді тақтада дауыстап бақылайды.



Абайды оқы, таңырқа

Өлеңдегі Абай тілінің көркем айшықтары – құнды сөз, құнарлы оймен танысу.



Құнды сөз

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздер: кедейдің күйі

Көркем эпитеттер: тоңған иі артықша қызмет

маздап тұрған от өңшең жалбыр құрбы

үлкен сый аяншақтау кедей

жалынышты жалшы ұлы аңдыстырған құдай

өзіңдей ит артық қайыр

Құнарлы ой

1. Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,

Ол да өзіңдей ит болсын азғыр-ызғыр.

2. Байда мейіл, кедейде бейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

3. Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,

Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

Зерделе

1. Екі өлеңді салыстыру арқылы кестені толтыру, екі өлеңге ортақ ой үндестігін табу



кедейдің үйі байдың үйі

------------------------------------ ---------------------------------------

кедейдің күйі байдың күйі

-------------------------------------- ---------------------------------------

кедейдің баласы кедейдің баласы

------------------------------------- -------------------------------------

Оқушылардың жауабы дұрыс жауаппен салыстырырлады.

2. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі

Тапсырма: Кесте бойынша өлең құрылысына талдау жасап, өлеңге анықтама жазу.

1. Әр тармақтағы буын саны: 11-12

2. Әр тармақтағы бунақ саны: 3

3. Әр шумақтағы тармақ саны: 4

4. Өлеңдегі шумақ саны: 9

5. Ұйқасы: қара өлең ұйқасы – А А В А

6. Өлең ұйқасына анықтама:

Тармақтары 11-12 буыннан, 3 бунақтан, әр шумағы 4 тармақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен жазылған 9 шумақты өлең.



Қорытынды: оқушылар алған білм нәтижесін өз ойларын түйіндей отырып қылқалам көмегімен және сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

1. Сиқырлы қалам

Өлеңдер мазмұнындағы көнілге ұнаған, сезімдеріңізге әсер еткен көріністер бойынша қылқаламның көмегімен сурет салыңыздар. (Сурет салуды оқушылар интебелсенді тақтада орындайды.)



2. Білім сынағы

а) Оқушылар интербелсенді тақта көмегімен тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын анықтап үйренеді.

ә) Оқушылар өз бетінше тест сұрақтарына жауап беріп, портфолия қорларының нәтижесімен танысады.

Үйге тапсырма: «Табиғатқа тәуелді адам өмірі» тақырыбында өлеңдерді оқу, талдау барысында ақынның ой тастаған суреткерлік шеберлігін, көзқарасы мен сезім күйлерін:

─ ойтолғау

─ эссе

─ шығарма



─ әңгіме түрінде жазыңыздар.

Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, «Абай оқуларына» қатысуға атсалысыңыздар. Төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан нәр алып, әлемге таныта беруге атсалысыңыздар.



Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет