Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі44,67 Kb.
#30151
түріСабақ
Күні: 21.10.2011

Тобы: «Мейірбике ісі» бөлімі 32 топ

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Әлиакбар Қамарсұлу Махмутқызы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері

Сабақтың мақсаты:

а) Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңмен

салыстыра отырып, қарасөздермен мазмұн бірлігін, сабақтастығын

түсіндіру;

ә) әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой

түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-

түсінігін дамыту;

б) ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып, адами

қасиеттерге баулу, ойшыл көтерген мәселелер тағылымынан үлгі-өнеге алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: құрама

Сабақтың әдісі: шығармашылық, баяннндау, талдау

Көрнекілігі: электронды оқулық интер.тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, медицина, валеология

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу, түгелдеу; ә) сабаққа әзірлеу

II. Үй тапсырмасын сұрау

Абайдың «Ескендір» поэмасы

Үй тапсырмасының жоспары:

1. Абайдың Ескендір поэмасын жатқа оқу, талдау, мазмұнын ашу;

2. Жоспар құру;

3. Ескендір бейнесін ашу

4. Көрініс;

5. Поэмадан мақал-мәтелдер тапқызу;

6. Бекіту сұрақтары:

Поэманың жоспары:

1.Ескендір жорығы;

2.Бұлақ басындағы кездесу;

3.Ескендір бұйрығы;

4.Күзетші сыйы;

5.Аристотельдің сүйекті өлшеуі, оның сыры;

6.Ақынның өсиет сөзі.

3) Ескендір бейнесін ашу

Ескендір: мақтаншақ, ашуланшақ, даңғой, қанағатсыз, патша,тойымсыз, нәпсіқұмар, Филипп баласы, 21 жаста

4)Көрініс (оқушылар дайындаған)

5)Поэмадан мақал-мәтелдер тапқызу (үй тапсырмасы бойыннша)

6)Бекіту сұрақтары:

-Абай поэмаларын атап беріңіз

-«Ескендір» поэмасының негізгі идеясы қандай?

-«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең»,-Абайдың қай өлеңінен үзінді?

-«Ескендір» поэмасының әрқайсысы қанша тармақ, қанша шумақтан тұрады?

III.Жаңа сабақ

«Даналықты іздесең,Абайды оқы ерінбе» (слайд)

Мұғалім сөзі:

Абай ХIХ ғасырдың 90 жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған. Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қарасөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады. Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.

Абайдың қарасөздері-көркем әңгімесі емес, ғақлиялық даналық сөздер.

Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар.Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап

беруге тырысады.Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой-пікір үлгісінде құрылады.

Абай өзінің қарасөздерін жазудағы мақсатын былайша баяндайды: «Ақыры ойладым:осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі жоқ десе,өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» (бірінші қарасөзін тыңдату).

«Шын хәкім,сөзің асыл-баға жетпес,

Бар сөзің мың жыл өтсе де дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес»,-деп

Мағжан жырлағандай Абай өмірі мен шығармашылығын насихаттау-әрбір тіл маманының міндеті деп білемін.

Абай қарасөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

1)Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселелерін көтерген қарасөздері;

2)Надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған қарасөздері;

3)Ар-ұят адамгершілік жайлы қарасөздері;

4)Ғылым, білім, өнер жайлы қарасөздері;

5)Қазақша мақал-мәтелдерін сынаған қарасөздері;

6)Қазақ халқы жайында қарасөздері.

Абай қарасөздерімен өлеңдері бірін-бірі толықтттырып отырады.

Ғылым таппай мақтанба өлеңін айтқызу,

5 нәрсеге асық болу-талап еңбек, терең ой, қанағат,рахым: (34 қарасөзін оқып,талдау)

5 нәрседен қашық болу-өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ (21 қарасөзін тыңдау,талдау)

17 қарасөзін тыңдату (талдау)

Жүрекке тоқталу (атқаратын қызметі)

Имандылық,жүрек,ақыл,қайрат,тән мен жан сұлулығы туралы айтып нақты валеологиямен салыстыру.

Ортақ тұжырымдасы

Абайдың қарасөздері 14,17,43 валеология пәні

Түсініксіз сөздермен жұмыс (43)

Жибили-еріксіз болатын тілек

Кәсіби-еңбкпен табылған нәрсе

Арзу-тілек,мақсат,армап

Хасил-пайда

Баз махфи олмая-айтылмай жасырын қалмасын

IV.Бекіту. «Егер де мен...»

(Абай үлгісінде ой толғау немесе қарасөз жазу)

V.Қорыту. Бейнефильм көрсету.

«Абай не нәрсе жайлы жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін, қарамай жазады. Әрі жазушы, әрі жазғанына сыншы,әрі көркем,шырайлы ойдың шебері»

А.Байтұрсынов

«Абайды тану арқылы өз Қазақстанымызды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

VI.Үйге тапсырма:

-«Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін... (шағын шығарма)

-Өз қалауы бойынша бір қарасөзін жаттау,мазмұнын ашу



-Жүрек қызметінің бұзылуынннан болатын аурулар
Каталог: uploads -> doc -> 1104
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1104 -> Театр әлеміндегі өшпес тұлға – Қасым Жәкібаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет