Күнделікті сабақ жоспары Сыныбы: 9 «В», 9 «Б»,9 «Г», 9 «Д» Күні: 23-25.09.13
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Абайдың өлең туралы жаңа, тың көзқарастарын, өлең сөзге берілген шынайы бағасының мәнін таныту. 2. Дамытушылық:Абай өлеңдерінің құны мен құдіретін сезіне алу, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың әдеби мұраларын, олардың қалыптасу, даму тарихын білетін, оны таразылай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Абай өлеңдерін оқытудың арнайы әдістемесі
Сабақтың көрнекілігі: «Абайтану әліппесі» кітабы, слайд, Абай шығармалары. Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:Оқушылардың:
Абайдың білім-ғылым тақырыбына жазылған өлеңдері туралы жасаған салыстырмалы талдауларын;
Өлең құрылысы мен тілін талдауға берілген тапсырмаларын;
Еркін ойлау мен еркін сөйлеу мақсатында берілген жазба жұмыстарын тексеру.
Жаңа сабақ
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай)
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» өлеңі
Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады.
Тапсырмалар жүйесі:
І Мазмұн мен мағына
Тапсырма:
Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау:
Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;