Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі273,39 Kb.
#685
түріСабақ
1   2

Сабақтың тақырыбы: Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы



Сабақтың жалпы мақсаты: отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

  1. М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж

  2. Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

  3.  Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

  4. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.

  5. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.

  6. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»



I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.


II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
Отыз екінші сөз. Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» - дейді.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын қарасөздерін оқу және талдау.


Отыз Екінші Сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.

Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,

ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді

білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил¹ болады. Сол рахат білгеніңді

берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар,

махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған

шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе,

білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолга түседі. Шала мейір шала

байқайды.

Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті² зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану³ жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық⁴, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —мұлахаза⁵, екінші — мұхафаза⁶. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде⁷ болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар⁸, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз

сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі



бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!



Сөздікпен жұмыс


  • ¹ тыныштық, рахатшылық

  • ²күндеу, күндеушілікті

  • ³ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу

  • ⁴менмендік, ірілік

  • ⁵(ар. ملاحظة ) – ойласу, пікір алысу

  • ⁶(ар. محافظة ) – өз пікірін қорғау, мықты болу

  • ⁷Барлық күшті жұмсау, тырысу

  • ⁸қалайда, əйтеуір






Сабақты қорыту.


Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Отыз екінші қарасөзін оқу.





 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Мерзімі

Кемпрекова

Абайтану

Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол

11-сынып

16.01.2015

Жалпы мақсаттар

Ақын лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық,

сүйіспеншілік жайындағы ой- топшылаулары, ғашықтық,

құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстарын, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық

тұжырымдарын қалыптастыру.

Міндеттер

Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіруін, қушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, оқушыларға эстетикалық, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттырды үйрету.

Күтілетін нәтиже

Абай шығармашылығымен танысады

Дереккөздер мен жабдықтар

Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы

Сабақ кезеңі

Сабақ барысы

Уақыт

Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

«Кең ауқымды дәріс», «Миға шабуыл», «Алты телпек», «Түртіп алу». Пәнаралық байланыс: ән – күй, бейнелеу.


5 мин


Мағынаны тану



Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Көлемі - 12 жол. Ақынның шабыттана көп жазған махаббат лирикасына жатады. Абай бұл өлеңде екі жастың сүйіспеншілігі мәселесіне үңіліп, философиялық салмақты тұжырым жасайды. Ақынның ұғымынша, ғашықтық пен құмарлық - екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашықтық емес. Құмарлық пен ғашықтықтың арасы жер мен көктей. Ақын құмарлықты - нәпсі құмарлық деп түсінеді: «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол». Ал, ғашықтық - ерекше, жоғары сезім. Ғашықтық пен көрсе қызар құмарлықты ажырата білу керек. Абай ғашықтықты ауруға, ғашық адамды ауру адамға теңейді. «Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып» деп жырлайды. Ғашығыңнан үміт үзсең, «тұла бой тоңар, суыр», ал «Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып» дейді. Абайдың лирикалық кейіпкері ғашығына «Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол» дейді. Бұл - шын ғашықтың ғана айтатын сөзі. Ғашығына «сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!», «Жасырынба, нұрыңа жан қуансын» деп тіл қатады. Өлеңнен Абайдың ғашықтықты аса жоғары бағалағанын аңғаруға болады.



25 мин

Ойтолғау

Шығырмашалақ жұмыс

10 мин

Үйге тапсырма

«Сезімнің сыртқа шықпас күші бар ма?...» ойтолғау жазу.

2 мин

Бағалау



3 мин

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет