Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы Сабақтың мақсаты


Абылайдың шығу тегін ретімен орналастыр



бет5/6
Дата01.07.2018
өлшемі2,55 Mb.
#45199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

10. Абылайдың шығу тегін ретімен орналастыр

1

Көркем Уәли

2

Есім

3

Жәңгір

4

Жошы

5

Уәлибақы

6

Әбілмансұр

7

Әз-Жәнібек

8

Абылай

.................................................................................................................................

Жеке жұмыс . Тест жұмысы І нұсқа

1.Орта жүздің сұлтаны, Уәлидің баласы Әбілмансұр дүниеге келген жыл: А)1711 В)1771 С)1781 Д)1721 Е)1741

2.Абылай ханның әкесі: А)Жәңгір В)Абылай С)УәлиД)Есім Е)Уәлибақы

3.ХҮІІІ ғ. қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан: А)Тәуке В)Әбілқайыр С)Нұралы Д)Ералы Е)Абылай

4.Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала: А)Түркістан В)Сайрам С)Тараз Д)Отырар Е)Жетісу

5.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: А)Қожалақ В)Әбілмансұр С)СабалақД)Дарабоз Е)Салқам

6.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам: А)Үмбетей В)Бұқар С)Тәтіқара Д) Баян Е)Ерасыл

7.Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан жас шамасы: А)13жас В)12 жасС) 17 жас Д)18 жас Е)20жас

8.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл: А) 1740 жВ)1741ж С)1758ж Д)1745ж Е)1760ж

9.1741-1743 жж. Абылай сұлтан тұтқында болды:А)ҚытайдыңВ)Жоңғарияның С)Хиуаның Д)Ресейдің Е)Қырғыздардың

10.Абылайдан пана табу үшін Орта жүзге қашқан билеуші: А)Қалдан В) Әмірсана С)Батыр Д)Дорджи Е)Шарыш

11. 1755 ж көктемде Әмірсана бастаған Маньчжур-Цин қарулы күштері басып кірді: А)Қазақстанға В)Ресейге С)Хиуаға Д)Қырғыздарға Е)Жоңғарияға

12.Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы: А) 1757 В)1760 С)1758 Д)1759 Е)1762 13.Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы: А)1745 В)1740 С)1731 Д)1724 Е)1757

14.Қытайлар қазақ жеріне осы ханның тұсында басып кірді? А)Абылайдың

В)Әбілқайырдың С)Нұралының Д)Айшуақтың Е)Ералының

15.Орта жүз ханы Әбілмәмбет дүние салды: А)1781В)1711 С)1761 Д)1751 Е)1771 ж



ІІ нұсқа

1.ХҮІІІ ғ. 70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала: А)Бұхара В)Қырғыз жерінС) Ташкент

Д)Ходжент Е)Созақ

2. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: А)Әбілпайыз В)Болат С)Батыр Д)Құдайменді Е)Ералы

3.1778 жылы ІІ Екатерина Абылайды ханы етіп бекітті:А)Ұлы жүздіңВ)Кіші жүздің С)Орта ЖүздіңД)Үш жүздің Е)Атығай руының

4.Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс: А)Хан билігі шексіз болды В)Билердің билігі шексіз С)Сұлтан билігі шексіз Д)Ақсақалдар билігі Е)Рубасы билігі

5.1761 жылы Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды: А)ІІ Екатерина В)І ЕкатеринаС) І Елизавета Д) Петр Е) І Александр

6.Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: А)Аңшылық В) Егіншілік С)Омарталық Д)Малшылық Е)Ісмерлік

7.Абылайдың ұнатқан , Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен ХҮІІІ ғ. ІІ жартысындағы танымал ақын: А)Үмбетей В)Бұқар С)Малайсары Д)Баян Е)Тәтіқара

8.Батырлардың ерлігін жырлаудан талмаған,ханға жақын болған жырау: А)Үмбетей В)Бұқар С)Малайсары Д)Баян Е)Тәтіқара

9.ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: А)Үмбетей В)Бұқар С)Малайсары Д)Баян Е)Тәтіқара

10.Абылай хан жерленген қала: А)Түркістан В)Сайрам С)Тараз Д)Отырар Е)Жетісу

11.ХҮІІІ ғ. ІІ ж. көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: А)Жәңгір В)Абылай С)Уәли Д)Есім Е)Уәлибақы

12.Абылайдың бас мирасқоры: А)Уәли В)Әділ С)Сүйік Д)Қайып Е)Батыр

13. 1777ж Абылай жорық ұйымдастырды: А)ҚытайдыңВ) Жоңғарияның С)Хиуаның Д)Ресейдің Е)Қырғыздардың жеріне

14.1764ж Жетісу қазақтарына шабуыл ұйымдастырып, наймандардың ауылын тонаған ел: А)Жоңғарлар В)Қырғыздар С)Қытайлар

Д)Хиуалықтар Е)Орыстар

15.Абылайдың Қытай билеушісіне аманатқа жіберген ұлы: А)Әділ В)Сүйік С)Батыр Д)Қайып Е)Уәлибақы

................................................................................................................................

оқушыларға ұялы телефон суреті беріліп «СМС» әдісі арқылы кері байланыс жасау

Үйге тапсырма:§7-8
..................................................................................................................................

Сабақ тақырыбы: «Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.

Мақсаты: Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу

Сабақ мақсаты белгілі бір уақыт аралығында орынадалатын , өлшемді , қолжетімділікті , нақтылықты басшылыққа алып , жеті модульді кіріктіре отырып жоспарланды.

Тақырыптың түйінді идеясы: Абылайдың өмірі мен ерлігін таныстыра отырып сипаттай алатындай,аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшылық қасиеттерін тұжырымдайтындай, Абылай ханның ішкі- сыртқы саясатта ұстанған бағытын сараптап маңыздылығына баға беретіндей оқушылар бойында мақтаныш сезім ояту.

Сабақ құрылымын жасау барысында оқушылар «нені білу керек? , «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарды өзіме қоя отырып жоспар құрдым. Сабақ мақсатына жету үшін АКТ мүмкіндігін пайдалану , ББҮ стратегиясын қолдану , топтық , жұптық , жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса отырып оқушыларға тақырыпты толық меңгерту көзделді.

Бұл тақырып алдыңғы тақырыппен тығыз байланыста болғандықтан ББҮ кестесін сабақтың бірінші кезеңінде қолдану тиімді болды. Кесте тақтада толтырылғандықтан оқушылардың білімін тез жинақтап тақтаға жазуға асығуы , оқу үрдісінің қарқынды басталуына , уақытты үнемдеуге әсері болды . Оқушылар қарастырылатын тақырыпты ой елегінен өткізіп, ол бойынша не білетіндігін естеріне түсірді.Бұл әрекет оларды белсенді жұмысқа ынталандырды және өздерінің бұрын алған білімдеріне баға беруге итермеледі. Себебі, әр оқушы «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Менің білетінім қандай дәрежеде?» деген сұрақтар бойынша әрекет жасай отырып жаңа білімді игеруге ынталанды , оларда қызығушылық пайда болды. «Бүгінгі сабақтан не білгім келеді ?» сұрақ төңірегінде мәселелер талқыланып, ББҮ кестесінің екінші бөлігіне жазылды. Оқушылардың білгісі келетін сұрақтарын тақтаға жазды – 1.Абылайдың балалық шағы.2. Абылай қолбасшы. 3.Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы осы әдіс арқылы жаңа сабақ арнасына бұрдым.

Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.Электронды оқулықтан жаңа тақырып бойынша мәлімет тыңдап «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі арқылы жұмыстану. Оқушы мен оқушы, Мұғалім мен оқушы диалог жасап, жаңа тақырыптың негізгі мазмұнын аштық.Тақырып бойынша суретпен жұмыс( тарихи әңгіме құрастыру) топтық жұмыста орындалды бұл әдіс оқушылардың «Сыни ойлау» деңгейіне байланысты.Әр топқа суреттер беріліп өз беттерінше талдауға жұмылдырылды. 1- ші топқа «Абылайдың балалық шағы», 2-ші топқа «Абылайдың жоңғарлардың тұтқынына түсуі» , 3-ші «Абылайдың сыртқы саясаты» 4-ші топқа «Абылайдың хан сайлануы».Топпен жұмыс істеп дағдыланғандықтан оқушылар бірден жұмысқа кірісті.



Оқушылардың іс–әрекетіне назар салдым.Әр топ мүшесінің пікірін тыңдай отырып , топ жұмысының бірқалыпты болуына ықпал етті,сондықтан тақырыпты талдауға белсене кірісіп нәтижесінде керемет баяндап берді. Оқушылар топта бір-бірінің ойын толықтыра отырып , тақырыпты толық талдады.



Сабақ көрінісі бойынша түйгенім, топ жұмысы баланың өзін-өзі реттеуіне , қызығушылығын оятуға , ынтасын ашуға ықпал ететіні толық дәлелденгендей..


Ал,жұптық және деңгейлік тапсырмалар арқылы: семантикалық картамен жұмыс ,сәйкестендіру, тарихи диктант, Қашан?,Қайда?,Не болды?, Дискуссиялық өрнек толтыру, сөзжұмбақтар т.б тапсырмалар берілді орындау барысында оқушылар арасында сұхбаттасу өрбіді.Деңгейлеріне байланысты берілген жұптық тапсырманы да, нәтижелі орындап шығысты.


Каталог: uploads -> doc -> 07a8
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07a8 -> 79. Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім- саяхатқа шығу. Сабақтың Мақсаты
07a8 -> Сабақ Тақырыбы: Таза бұлақ Ыбырай Алтынсарин Сыныбы: 3
07a8 -> «П. Г. Карелин атындығы орта мектебі» К. М. М сынып жетекшісі: Касенова Ж. Е. 2014-2015 оқу жылы «П. Г. Карелин атындығы орта мектебі»
07a8 -> Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
07a8 -> Қош бол сүйікті,Әліппе!
07a8 -> Сабақтың тақырыбы : Қазақ тіл білімінің негізін салушылар Сабақтың мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін салушылар
07a8 -> Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым Сабақтың мақсаты
07a8 -> 3 сынып Тақырыбы: Отбасы мүшелері Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет