Сабақтың тақырыбы: Адам мəдениет жасаушысы Жалпы мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі22,72 Kb.
#46444
түріСабақ

Адам.Қоғам.Құқық 9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Адам – мəдениет жасаушысы

Жалпы мақсаты:

1. Мәдениет ұғымына сипаттама беру.Мәдениеттің бірлігі және көптүрлілігі жөнінде түсінік қалыптастыру

2. Оқушылардың проблеманы өз дәрежесінде шешіп, өзгені тыңдай білу дағдысы мен өз пікірін талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдануға ықпал ету,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

3. Дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін дамыту; өзге адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.


Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары

Оқыту нәтижесі

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша өз беттерімен білім алады.

2.Сөздік қоры көбейеді.3. Сыни ойлайды.

4.Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді.

5.Тақырыптың мазмұнын түсініп талдайды.

6.Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

7.Бір-бірін тыңдауға үйренеді.


Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты және дәлелді жеткізе білу.

Негізгі қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, оқыту үшін бағалау (формативтік) және оқуды бағалау.

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топқа сұрақ-тапсырма, постер жасау.

Оқушының іс-әрекеті

1.Берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну.

2.Сабақ соңында бағалау кестені толтыру, рефлексия жазу

3.Өз нәтижесіне көз жеткізіп,өз біліміне сараптама жасайды


Мұғалім іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Салемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу. Сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау, бағалау.



II.Жаңа cабақ:

  1. Мәдениет – адамның қызметінің нәтижесі

  2. Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық

  3. Мәдени дәстүрлер және жастардың талғамы

Мәдениет – материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі. Мәдени әрекет деп, мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады.

Мәдениет екі салаға – материалдық және рухани мәдениетке бөліп қарастырылады.

Мәдениеттің даму үрдісінің екі жағы болады. Бірі- тұрақты, екіншісі – дамушы, жаңалыққа толы. Тұрақты жағы – мәдени дәстүр. Ол – мәдениеттің дамуындағы тұрақты жағы. Адамдар мәдениетке қандай да бір жаңалық енгізетін болса, сол дәстүр көлемінде енгізеді.Соның негізінде мәдениет өмір сүреді. Мәдениет дәстүрсіз өмір сүрмейді.

Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелейді. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.


Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тақырып бойынша бөліп беру. Дәптермен жұмыс жасату.

III. Қорытынды:

  • Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?

  • Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Мәдени дәстүрлерге не жатады ?

  • Қазіргі жастардың талғамдары қандай?

IV.Үйге тапсырма: Тақырыпты меңгеру, қосымша материалдар негізінде реферат, презентация жасау.


Каталог: uploads -> doc -> 03f6
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f6 -> №11 Тақырып Ар – намыс керек адамға Құндылық
03f6 -> Қош келдіңіздер!
03f6 -> Сабақ Пән: қазақ тілі Тақырып: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер. Пән мұғалімі: Жамантаева Сәуле Ғабделмәлікқызы Сынып: 7
03f6 -> Сабақ : С. Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі 6
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы. Сабақтың мақсаты
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері. Пәні: География Оқытушы: Ангсатова А. Т. Тобы: шб-11


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет