Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар



Дата30.01.2018
өлшемі57,53 Kb.
#36261
түріСабақ
Күні: 23.10.2017 жыл Сыныбы: 9 пәні: сызу мұғалімі: Б.Тогысбаев

Қысқа мерзімді жоспар

  1. Сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар.

  2. Сабақтың мақсаты:Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық проекцияның кескіндерінсалу тәсілдерін және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндіру. Ойлау қабілетін дамыту.

  3. Оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер:Сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, ДЖИГСО әдісі.

  4. Сабақта 7 модульдің кіріктірілгені: Сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктерін ескеру, талантты және дарынды балаларды оқыту,АКТ, оқытуды басқару және көшбасшылық.

  5. Оқып үйренудің нәтижесі: Тетіктің екі сызбасы бойынша аксонометриялық проекциялаудың салу ережелерін үйренеді.

Сұрақтарға еркін жауап бере алады. Бір- бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады. Тетікбөлшектіңаксонометриялық проекциясын сыза алады.

қ/с

Сабақ бөлімінің кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Сілтеме

1

Ұйымдастыру бөлімі


3

Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру.

Фронталь (V), горизонталь (H), профиль (W) және х, у, zосьтерарқылы оқушыларды топтарға бөлу.



Оқу үрдісіне бағытталуы, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдау, сабаққа кірісу және төрт топқа бөлінеді.

Төрт топқа бөлінуді үйренеді.

2


Жаңа сабаққа дайындық

5

Үй тапсырмасын сұрау арқылы, алған білімдерін еске түсіру, оқушылардың белсенділігін арттыру.

1. Бірнеше тетіктердің аксонометриялық проекцияда орындалған суреттерді ажырату.

2. Проекция қай елдің сөзі, қазақша мағынасы.

(латын сөзі, қазақша «ілгері лақтыру» деген мағынаны береді)

2.Аксонометрия сөзінің қазақша мағынасы.

(қазақша мағынасы «осьтер бойынша өлшеу» дегенді білдіреді)

3.Проекция жазықтықтары бір-біріне қалай орналасқан?

(проекция жазықтықтары бір-біріне өзара перпендикуляр орналасқан)

5.Алдыңғы көрініс қай жазықтықта алынады?

(фронталь жазықтықта алдыңғы көрініс алынады)

6.Аксонометриялық проекцияны неше әдіспен салады?

(аксонометриялық проекцияны екі әдіспен салады)

7.Изометрия сөзінің қазақша мағынасы.

(тең өлшем)




Әр топтағы оқушылар үй жұмысына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.


Үй тапсырмасын орындап келеді.

3

Қызығушылығын ояту

5

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында төрт топтағы оқушыларға сұрақтар беру. Ой-қозғау.

1.Фронталь жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(алдыңғы көрініс)

2.Горизонталь жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(үстіңгі көрініс)

3.Профиль жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(сол жақ көрініс)

4.Үш жазықтықтағы көріністерді біріктіргенде тетіктің қандай көрнекі кескіні шағады?

(үш көріністі біріктіргенде тетіктің толық кескіні шығады)




Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатына байланысты қойылған сұрақтарға жауап бере алады.





4

Мағынаны тану

22

Оқулық мәтіні бойынша топтық жұмыс. Суреттерді пайдаланып, аксонометриялық проекцияны салу жолдарын түсіндіру.

1.Фронталь диметриялық проекция.

2.Изометриялық проекция.

Миға шабуыл.

1.Тапсырма. Салынған екі проекцияға байланысты тағы нелерді салуға болады?

Деңгейлік тапсырмалар.

1. Тапсырма. Тетіктің аксонометриялық проекция бойынша дұрыс орындалған түрін көрсет.

2. Тапсырма. Берілген үш көріністің сызбасына сәйкес келетін аксонометриялық проекцияны көрсет.

3.Аксонометриялық проекцияда бір тетіктің неше сызбасы орындалған?

4.Изометриялық проекцияда орындалған бір тетіктің неше көрнекі кескіні орындалған?


Тетіктердің фронталь диметриялық проекциясы мен изометриялық проекцияны салу жолдарын үйренеді.




5


Сергіту сәті

2

Оқушыларға дене шынықтыру жаттығуына байланысты бірнеше қимыл қозғалыстары бар видео ролик арқылы көрсету.


Видео роликтегі көрген қимыл қозғалыстарды оқушылар қайталайды.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

6

Ой толғаныс

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін төрт топқа бірдей тапсырма беріледі.

1. Алты тетіктің изометриялық проекцияда орындалған көрнекі кескініне сәйкес басты және үстіңгі көріністерді тауып, кестені толтыру.




Аксонометриялық проекцияға байланысты қойылған сұрақтарға жауап беруге үйренеді.




7

Бағалау критерилерін анықтау

2

Сабаққа байланысты құрылған критерийлері бойынша оқушыларды бағалау және өзін – өзі бағалау.

Өзін- өзі бағалау және топтардың жұмыстарын бағалауы.

Бағалау критерилері жазылған плакат


8

Үйге тапсырма

1

Практикалық жұмыс: А4 пішімге 1, 2, 3, 4, 5, 6-нұсқадағы сызбаға қарап отырып, тетіктің изометриялық проекциясын орындап, өлшемдерін түсіріңдер.

А4 пішімге 1, 2, 3, 4, 5, 6-нұсқадағы сызбаға қарап отырып, тетіктің изометриялық проекциясын салуды және өлшемдерін түсіруді үйренеді.







Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары: Б.Күзембаев
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет