Сабақтың тақырыбы: Алатау. «Жау-жау, жаңбыр»



Дата21.04.2017
өлшемі59,09 Kb.
#14468
түріСабақ
Пәні: Ән – күй.

29.



Сынып: 2 «Г» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Алатау. «Жау-жау, жаңбыр» әні Б. Бейсенова.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Оқушыларды Н. Тілендиевтің өмір-баянымен, «Алатау» әнімен, Б. Бейсенованың өмір-баянымен, «Жау-жау, жаңбыр» әнімен таныстыру.

Дамытушылық: 2. Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Жеке тұлға және жалпы қабілеттілікті дамыту .

Тәрбиелік: 3. Ұлтжандылыққа, елін сүйе білуге, ұлттық музыкаға, салт-дәстүрге деген құрметін, сүйіспеншілігін оята білу. Қазақ өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру , топтастыру.

Пән байланысы: Сурет, тарих, әдебиет, қол өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдттар, кітаптар, музыкалық аспап, бейнетаспа, буфер, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

К. Әзірбаевтың өмір-баянын, «Алатау» халық әнін жатқа сұрау.



ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту .

1. «Ой шақыру» сатысы.

2. Мұғалімнің түсіндірмесі.

3. Н. Тілендиевтің өмір-баянымен таныстыру.

4. «Алатау» әнін тыңдау, талдау жүргізу.

5. Әр топ табиғат суретін салу

6. Сөзжұмбақ шешу.

7. Б. Бейсенованың өмір-баянымен таныстыру.

8. «Жау-жау, жаңбыр» әнімен таныстыру.

9. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.



ІV. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


V. Қорытындылау, бағалау.

Табиғат көрінісін жапсыру арқылы сұрақтарға жауап беру.


VІ. Үйге тапсырма .

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

К. Әзірбаевтың өмір-баянын, «Алатау» халық әнін жатқа сұрау.

Әр топ атауын қорғап, түсіндірмесін айтады.

І – топ. «Домбыра» тобы.

ІІ – топ. «Қобыз» тобы.

ІІІ – топ. «Сыбызғы» тобы.
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.


  1. «Ой шақыру сатысы».

  1. Балалар, біз қандай мемлекетте тұрып жатырмыз ?

  2. Қазақстанның табиғаты қандай ?

  3. Балалар, Қазақстанда қандай көлдер бар ?

  4. Бізде қандай таулар бар?

  5. Алатау туралы не білесің?


2. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қазақ халқында елге, жерге, табиғат сұлулығына арналған әндер көп. «Жер жаннаты Жетісу» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жетісудің көркі – алып Алатау шыңдары. Алатау — Орталық Азиямемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. ОларғаКүнгей АлатауыКузнец Алатауы,Талас АлатауыҚырғыз Алатауы,Жетісу АлатауыIле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

Көптеген ақындар мен композиторлар Алатаудың сұлулығын ән-жырға қосты. Белгілі композитор Нұрғиса Тілендиев те Алатаудай сұлу табиғатқа ән арнаған. Танымал ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов сол әннің өлеңін жазған. Дүниеге жаңа ән келіп, оның атын «Алатау» деп қояды.

3. Әннің авторы Н. Тілендиевтің өмірбаянымен таныстыру.
Нұрғиса Тілендиев (1925 – 1998) Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Домбыра тартуды 5 жасында меңгерген Нұрғиса, 12 жасында

оркестр құрамында ойнайды. Москваның П. И. Чайковский атындағы

консерваториясының дирижерлік факультетінде білім алды. Нұрғиса

қазақтың музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде

өшпес із қалдырды. Ол көптеген кантаталар, увертюралар, күйлер, әндер жазды.

Қорытындылау.



4. «Алатау» әнін тыңдау, талдау жүргізу.
5. Әр топ табиғат суретін салу.

Табиғат көріністерінің суреттерін тақтаға ілу.


6. Сөзжұмбақ шешу.

Әр топқа сөзжұмбақтар таратылады.



7. Б. Бейсенованың өмір-баянымен таныстыру.

Бота Бейсенова – Қазақстанның композиторы, сазгер. Ол көптеген қазіргі кездегі балаларға арналған әндерді шығарған. Солардың бірі – «Наурыз – көктем» әні.

Қорытындылау.
8. «Жау-жау, жаңбыр» әнімен таныстыру.
Жау-жау, жаңбыр.


  1. Келді міне көктемім,

Жердің жүзі көктеді.

Ақ жаңбырды сыйлады

Ақша бұлттар көктегі.

Қайырмасы:

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр,

Мөлдіреген тамшыларың.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр,

Табиғаттың сәні.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр,

Мөлдіреген тамшыларың.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр,

Табиғаттың әні.




  1. Жаушы, жаңбыр тағы да,

Күтіп сені сағына,

Кірсін жердің сәні де,

Топырақтың нәрі де.

Қайырмасы:



9. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.


ІV. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


V. Қорытындылау, бағалау.

Табиғат көрінісін жапсыру арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Алатау дегеніміз не ?

2. «Алатау» әнін кім шығарған ?

3. Нұрғиса Тілендиев кім болған ?

4. Н. Тілендиевтің қандай әндерімен күйлерін білесің ?


VІ. Үйге тапсырма .

1. «Жау-жау жаңбыр» әнін жаттау.

2. Н. Тілендиев туралы реферат жазу.

30 бастауыш мектебі




Ашық сабақ

Ән – күй


Тақырыбы :

«Алатау»

2 «Г» сыныбы

Ән – күй пәнінің мұғалімі : Дарменова Ж.

Тараз – 2015 ж.


Домбыра
Қобыз

Сыбызғы
Каталог: uploads -> doc -> 1065
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1065 -> Сабақтың тақырыбы: Мектеп формасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет