Сабақтың тақырыбы: Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығы Сабақтың мақсаты



Дата01.08.2017
өлшемі31,15 Kb.
#22486
түріСабақ
Сынып: 6 Пәні: дүние тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы: Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығы
Сабақтың мақсаты:
♦ Орта Азия халықтарының грек - македондық басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігін, тәуелсіздік үшін күрескен даңқты басшысы - Спитамен ерлігін баяндау.
♦ Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы, батылдығы туралы айта келіп, оқушыларды батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, картамен, топпен жұмыс, СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Көрнекілігі: карта, слайдтар, тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Парсы патшалығы қалай құрылды?
2. Ежелгі парсылар мекендеген жерлерді атап, картадан көрсетіңдер?
2. Парсы тайпаларын қандай рудың көсемдері басқарды?
3. I Дарий қай жылы таққа отырды және оның енгізген жаңалығы қандай?
4. Парсылардың ең көрнекті әдеби шығармасы қандай? Бұл шығармада уағыздалатын дін не деп аталды?

Сабақ жоспары:
1. Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі.
2. Спитамен - тәуелсіздік үшін күрестің басшысы
3. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы.

III. Қызығушылықты ояту
а) Абай Құнанбаевтың "Ескендір" поэмасы
б) "Тұлғаны таны"

IV. Мағынаны тану
Александр кім болған?
Бұл сұраққа жауапты тарихи ұлы тұлғаға мінездеме беруден бастаймын. Ол - ежелгі Шығыстың көптеген мемлекеттерін жаулап алып, бас игізген ұлы қолбасшы, өз аты - Александр, қазақ оны Ескендір деп кеткен.
Бала күнінен - ақ әкесі Филиптің және оның нөкерлерінің көзінше асау атты ауыздықтайды. Жұрттың бәрі Александрдың ептілігі мен ержүректігіне таң
қалады. Филипп патша баласын құшақтап тұрып: «Ұлым - ай, өзіңе шақ патшалық ізде, Македония саған олқылық етер» деген екен.
Әкесінің өзіне айтқан осы сөзінен нені байқауға болады? Өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

V. Мағынаны ажырату
а) Әдеби үйірме
Осы жоспар бойынша бүкіл мәтінді екі топқа оқып шығуды тапсыру.
"Рөлдік ойын" бойынша қатысатын оқушылардың рөлдерін таныстыру.
1. Баяндаушы - тарихшы (мәтіннің мазмұнын баяндайды)
2. Ізденуші - тақырып туралы ақпарат жинайды
3. Сұрақ құрастырушы - журналист - тілші (сұрақ қояды)
4. Суретші - Сол кездегі өмірді қағаз бетіне бейнелейді
5. Сөз тапқыш немесе сілтемелер табушы - термин және жаңа сөздер табады
6. Дәнекер - Негізгі оқиғаларды қазіргі өмірмен байланыстыру
(Екі топта да топ мүшелері өз рөлдері бойынша тақырыпты түсіндіріп, кезекпен айтып өтеді).

VI. Жеке тапсырмалар
а) 5 жолды өлең
Зат есім - (Александр Македонский)
Сын есім - (батыл, қатыгез)
Етістік - (жаулап алды, барды, жойды)
Мағыналы 4 сөз - Македонский шығысқа бет алды
Синоним – Қолбасшы

Үйге тапсырма: 14 тақырыпты оқу

Рефлексия.

Маған ұнады?

Қиын соққан тапсырма:

Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет