Сабақтың тақырыбы: Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар. Сабақтың мақсаты



Дата22.03.2017
өлшемі40,74 Kb.
түріСабақ

Асем Сыдыкова

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Екіаша орта мектебі КММ

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі

Пәні: Биология Сыныбы : 7 Күні:------------------ Сабақтың тақырыбы: Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар жайлы түсінік беру.

2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1 Оқушылармен амандасу .

2 Оқу құралдарын түгендету.

3 Назарларын сабаққа аудару.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру:


10

10

10

20

20

20

30

30

30

1.Сүйекті балықтар класы деген атау неліктен берілген?

10 2.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

3. Сүйекті балықтардың қандай класс тармактары бар?

1. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін ата.

20 2. Сүйекті балықтардың желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар?

3. Бекіретектес балықтардың өзіне тән қандай белгілері бар?

1. «Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды»- деген ұғым нені білдіреді? 2. «Балықтардың өрістеуі» - дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Сәулеқанатты балықтардың кеңінен таралған отрядтарын сипатта.


Жаңа сабақ :

Қосмекенділер – алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар.Олар екі ортада:суда да құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дәрнәсілдері сулы ортада дамиды.Қазіргі кезде 4000- нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік аймактарда кездеседі.Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Үш отрядқа бөлінеді.






Құйрықсыз

Құйрықты

Аяқсыз

3500-дай түрі бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды.Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған.

Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақ тарының арасындағы терілі жарғақ тар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады. Құрбақалардың түсі қоңыр қай, тері бұдырлары айқын байқалады.



350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі – жетісулық бақатіс. Басы – жалпақ, тұмсығы – доғал. Алдыңғы аяқтарыда – төрт,артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді.1996 жылы қызыл кітапқа тіркелген.

170- тей түрі Африка, Америка, Үндістан, Цейлон жерінде тіршілік етеді.Солардың бірі

Сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан , сақиналы құртпошым деп аталады.Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар – жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол.



Оқулықпен жұмыс:

148-сурет,149-сурет, 150-суреттерді талдату.

№ 19 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы:«Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасын пайымдау.»



Ү Сабақты қорыту:

Балықтар

Қосмекенділер (ересектер)







  1. Тері жабынында мүйізді қабыршактар болмайды.

  2. терісінің сыртқы қабыршақтармен қапталған.

  3. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.

  4. Жүрегі үш қуысты.

  5. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.

  6. Екі қанайналым шеңбері бар.

  7. Мишығы нашар дамыған.

  8. Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.

  9. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.

  10. Жүрегі екі қуысты.

  11. Қантарату жүйесі – тұйық.

  12. Терісі арқылы да тыныс алады.

  13. Дәрнәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.

  14. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.


ҮІ Үйге тапсырма беру: № 53 оқу . Сұра – жауап. № 19 зертханалық жұмысты аяқтау

ҮІІ Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0613
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0613 -> Сабақ №1 Тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяты
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Microsoft officeWord редакторында кесте құру,пішімдеу Пән мұғалімі: Асанова Молдир
0613 -> Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды жетілік»
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Менің туған өлкем
0613 -> Сабақтың тақырыбы: Линза және оның оптикалық параметрлері. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет