Сабақтың тақырыбы: «Алғыс айтудың шексіздігі»



Дата10.04.2022
өлшемі263,42 Kb.
#138724
түріСабақ
Байланысты:
тәрбие сагаты
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі22-23

Педагогтың аты-жөні

Избасарова Гульназ Избасаровна
№88 жалпы орта мектебі

Күні

26.02.2022 жыл

Сынып 5 «Г» сыныбы

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Алғыс айтудың шексіздігі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.

  • үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту.

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар




Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.


Шаттық шеңбері.


Қайырлы таң ұстазым
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулықты сезейік



 Ұзтазбен амандасады

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, орындайды.





Тілектер жазылған парақша



Сабақтың ортасы

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
- Сынып жетекшісі: (эпилог)
мың алғыс ата-бабама
жарық күн үшін қан төккен
мың алғыс ата-әжеме
аманатын ап жеткен
мың алғыс ата-анама
әкелген мына өмірге
мың алғыс ұстаз анаға
тойызған бізді білімге
мың алғыс дос-жаранға
сақтап келген сырымды
мың алғыс ағайын тумаға
көтерген қиын күнімді
мың алғыс туған еліме
бар мүмкіндік жасаған
мың алғыс туан жеріме
татулықты бастаған
мың алғыс елбасы
бірлікті нығайтқан
мың алғыс өзіңе
атың қалсын тарихта
Біздің бүгінгі өтетін оқу қызметіміз – сөйлеуді дамыту, өтетін тақырыбымыз: «Алғыс айтудың шексіздігі»-деп аталады. Олай болса балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, күнге ұқсап шеңбер құрайық. Біз бүгін сендермен «Алғыс» тақырыбында әңгімелесеміз.
-Балалар, мен бүгін өте көңілдімін, сендерше?
-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.
Балалар айтыңдаршы, сендерге жылы тілектерді үнемі айтып отыратын дүниедегі ең мейірімді, қамқоршы адам кім?
-Ана бойындағы жақсы қасиеттерді атайықшы?
-Балалар Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.


Балаларға Мәдихан.Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтінін оқып беремін сендер мұқият тыңдап отырыңдар балалар .

-Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?


-Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
-Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
-Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсы-лыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахметдеп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Сергіту сәті


Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз"
Педагог балаларға "Алғыспен ел көгерер" деген халық мақалын түсіндіреді. Үлкендердің айтқан тілін алу, сыйластыққа әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, ризашылығын білдіреді."Алғыспенен ел көгерер"деген сөз осыдан шыққан балалар
-Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен қамқорлығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін.

-

Пікірлерін білдіріп, тарихты еске түсіреді


Оқушылар тындап, оқылған монологтың мазмұнын талқылайды


Ана туралы таратпа қағаздарға жазады


-Оқушылар аналарының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады (қымбатты, ардақты, мейірімді, аяулы, қамқоршы).
Оқушылар әңгімені мұқият тыңдайды.
Жұмыс дәптеріне түсініктерін жазады

Оқушылар сынып жетекшімен бірге қайталайды.






Слайд



Таратпа қағаздар


Жұмыс дәптері


слайд




Сабақтың соңы

- Оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Бүгінгі оқу іс - әрекеті сендерге ұнады ма?

Жүректен жүрекке: «Біздің тілек». Ғ.Жұмабаев
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз







Кері байланыс «Алғыс
себеті» әдісі

Алғыс хаттарын жазып салады

Таратпа қағаздар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет