Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер). Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата21.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#14342
түріСабақ
  1   2
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)»

6 «б» сыныбы

Информатика пәнінің мұғалімі:

Тастанбекова Ырысай Заутбековна

2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және

циклдік алгоритмдер).



Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік

алгоритмдер) тақырыбын түсінгендерін тексере отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс- әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.



Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен

іскерлігін,   танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.



Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек

сүйгіштікке, ұқыптылыққа және өз өмірінде алгоритм құра білуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтастыру, «қызығушылықты ояту», «Бас бармақ» бағалауы, Кері байланыс.



7 модульдің ықпалдастығы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту мен оқудағы көшбасшылық, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар, смайликтер.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды тұгендеу

3. «Шаттық көңіл-күй» сыйлау

4.Сыныпты топтарға бөл, топ мүшелерін тағайындау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ- жауап



ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

  1. Топпен жұмыс «Кластермен жұмыс».

ІV. Сабақты қорытындылау

1. Компьютерде практикалық жұмыс.



V. Үйге тапсырма

№3,3 пораграфты оқып келу.



VІ. Бағалау (Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша топ мүшелері өздерін бағалау).
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылармен сәлемдесу;

  • оқушыларды түгендеу;

  • Топтастыру (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер арқылы топқа бөлу);

ІІ.Үй жұмысын тексеру. «сұрақ-жауап»

    1. Алгоритм дегеніміз не?

    2. Алгоритм түрлері?

    3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

    4. Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

    5. Циклдік алгоритм дегеніміз не?. Мысал келтір.


ІІІ. Практикалық сабақ

  1. сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);

  2. тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);

  3. циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейн командалардың қайталануы).

Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез келген алгоритмді практикалық түрде орындауға мүмкіндік береді.

1.Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.



Мысалы, тал егу алгоритмі

  1. қолға күректі аламыз

  2. жерді қазамыз

  3. жерге су құйямыз

  4. талды жерге орналастырамыз

(1-сурет).

Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, бұл жерде командалар  белгілі реттілікпен орындалады.
(1 сурет)

Каталог: uploads -> doc -> 0695
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0695 -> Сабақтың тақырыбы: Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет