Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров. «Қар күреген бала. Жаяу сүйреген шана»



Дата02.07.2018
өлшемі239,54 Kb.
#45536
түріСабақ
Ыбырайым Гүлпадиша Нұрманқызы

Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы

№4 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



Сабақтың тақырыбы:Қалмақан Әбдіқадыров. «Қар күреген бала. Жаяу сүйреген шана» («Қажымұқан» хикаятынан)
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүние жүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту.

ә)дамытушылық:оқушылардың талдай,түсіне оқу,тақырыпты қорыта алу,пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру,рухани танымдарын кеңейту.
б) тәрбиелік:«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа, басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес

Сабақтың типі:жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақта қолданылатын технология: АКТ (ақпараттық-компьютерлік технология), СТО технологиясының элементтері – ойын дәлелді жеткізу, топтастыру, эссе, шығармашылық жұмыс элементтерін қолдану.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:суретпен жұмыс, мазмұндау, әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру, сөздік, «Миға шабуыл», зерттеу, әңгімелесу, «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Қалмақан Әбдіқадыров пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының портреттері, бүгінгі спорт саңлақтары – Бақыт Сәрсекбаев, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанлоның суреттері, интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін презентация, Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы деректі фильм, семантикалық карта.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, география, өзін-өзі тану, дене тәрбиесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. оқушылармен амандасу, түгендеу:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекші, бүгін сыныпта кім жоқ?

2. сыныпты сабаққа әзірлеу:

- Қазір қазақ әдебиеті сабағы. Сабаққа барлықтарыңыз әзір болыңыздар.



ІІ. Жаңа сабақ:

  1. Қызығушылығын ояту кезеңі. «Миға шабуыл» стратегиясы. Ассоциация (суреттерге қарап, ортақ ой-тұжырым, сөз шығару)



  1. Балалар, бұл суреттердің өзара қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

  2. -Туған жерлеріңізге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін қалай асырамын деп ойлайсыздар ма?

- Бұл суреттер қандай тақырыпты қамтып тұр? Отанын сүю кіреді ме?– Сонымен, бұл суреттер топтмасынан «патриот», «чемпион», «балуан» секілді сөздерді айтсақ болады.

2.Қызығушылығын ояту стратегиясы. (Ауызша)

- Балалар , «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі , оның мағынасын қалай түсінер едіңдер ?

Ықтимал жауаптар немесе сөздер:

1. Заңғар күш иесі

2.Батылдық , алғырлық

3. Қайратты, күшті

4. Отанын, жерін қорғаушы

5. Мықты, қайсар

6. Өжет , табанды

7. Ер, батыр

8.Алып күш

9.Күш атасы

10.Ерлік

Осы аталған атаулар бойынша әр топ өздері топтың атын анықтап, жазады. 5-6 оқушыдан 5 топқа бөлінеді. (№ қасына топ атауын, топ мүшелері мен топ басшысын қағаздарға жазады)

  • Ал,енді балалар, әр топ бір-біріне бүгінгі күнге тілек айтып, сабақты бастайық.

(балалар тілек айтады)

  • Сіздер Қалмақан Әбдіқадыров туралы не білесіздер,қандай шығармаларымен таныссыздар?(4-сыныпта Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - Жица» әңгімесін өткен)

2.Мағынаны танукезеңі:

Жазушының өмірі туралы мәлімет бойынша топтастыру:

  • Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туылған.

  • Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.

  • Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.

  • «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.

  • «Мың бір түнді» ең алғаш аударған.

  • «Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.

Үлестірмелі сұрақтар:

1-топ. Қалмақан Әбдіқадыров қай жылдары өмір сүрді? Қай жерде туылды?

2-топ. Қалмақан Әбдіқадыров еліне қандай жақсылық жасады? Не салдырды? Қай өңірде?

3-топ. Қалмақан Әбдіқадыров кім болған? Қандай шығармалары бар?

4-топ. Қалмақан Әбдіқадыров әлем әдебиетіне қандай үлес қосты? Демек, ол тағы кім?

5-топ. Қалмақан Әбдіқадыров қай шығармасында Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы баяндайды? Бұл шығарманың қай түріне жатады?

Сөздікпен жұмыс:

Қызылжар – қазіргі Петропавл (картамен жұмыс)

Кіреші – жүк тасушы

Пұт – 16 кг-ға тең

Кіресін алу – ат-көлігін жалдама жұмысқа беру

Городовой – қала бастығы

Полицмейстер – полиция бастығы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы шығарманы талдау:

  1. Шығарма қалай басталады?

  2. Шығарманың күлкілі тұстарын тауып, рөлге бөліп оқыңдар.

  3. Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?

  4. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? Бай бұны қалай бағалады? Ал сен не дер едің?

  5. Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойынан тағы қандай үлгілі қасиеттер көрінеді?

  6. Мұқанның сыртқы түрін, мінез-құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан тауып оқы.

  7. Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстанның атын шығарып жүрген спорт саңлақтарын ата.

Қызықты дерек!

  • С. Сейфуллиннің «Күш атасы» атты өлеңінде былай деген екен:

Қалың бет,бура түсті қара нардай,

Жұп-жұмыр,жуан діңгек,бойшаң дардай

Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,

Айбынды, жолбарысқа болар пардай, - депсуреттеген екен. Осындай жойқын күш иесі Қажымұқанның тұлғасы қандай екен?

Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша:

1.Салмағы–174 кг.


2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқкиімі–54 размер.

(Қажымұқан туралы бейнефильм 8 мин 30 сек)

Мұғалім:

Осындай таңдаулының бірі – Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы бейнефильмді біз сендермен тамашаладық, осы бейнефильмнен қандай көріністер, нелерді көрдіңдер?



Мұғалім: «Көп бейнеттің зейнеті болады» демекші, бірде дастархандас болып отырған жерлесі

  • Қажеке,сіздің арманыңыз жоқ шығар? – деген екен.

Сонда Қажымұқан:

  • Армансыз адам болмайды.Мен сол арманды орындау үшін қанша әрекет етсем де,күш өнеріндегі биікке шыққан қандастарымды көруді армандаймын, - депті.

Қажекеңнің бұл арманын кейінгі ұрпақ жүзеге асыруда. Ізбасарлары – Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков,Дәулет Тұрлыханов сынды қазақ таланттары спорт тарихына енді.

Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс

Сөзі:

Иван Ногич

Мұқан

Орлий Масликов

Бай

  • Ей, сенің әкеңнің аты кім?

...

  • Сен онда неге қарайсың? Қарыңды күре де, тиісті тиын-тебеніңді алып, құры. Бөгде нәсеге бұрылып қараудың саған қанша керегі бар?

+










  • Бала, сен қайдан келдің, ә?.. Мен білем, сен Қызылжардікі емес. Қай болыс, қай ауылдікі?







+




  • Құда түсейін деп пе едің?.. Айтатыныңды айта бер.

  • Сонда сарайға кірген тау көтерілмей жатыр ма?

  • Тау дегенге таңырқасам, бұл шелектей-ақ ыдыс қой.




+







  • Ойбай, ат қайда?.. Иттің баласы!










+

ІІІ.Сабақты бекіту. Ой толғаныс кезеңі.

Эссе:


1. Мен– шана сүйреген баламын.

2.Мен – қаркүреген баламын.

3.Қажымұқан ағаға хат.

4.Мен –балуанмын

5.Қалмақан ағаға хат. (Уақыт 5 минут беріледі) Әр топтан 1-2 оқушы эссесін оқиды, соларға да жетон беріледі.

Сабақты қорытындылау: «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
Әр топтан бір оқушы шығып, сабақтан не білді, не түсінді, не игергенін бір ауыз сөзбен білдіреді.

Үйге тапсырма:

  1. Хикаятты соңына дейін оқу, мазмұндау.

  2. Өз қалауымен ұнаған бөліміне сурет салу.

  3. Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы іздену.


Бағалау: әр топтың топ басшылары жазып отырған қағазын береді, сол бойынша оқушыларды бағалаймын, топтың жеңісі ретінде қай топта көп ұпай жиналған сол
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет