Сабақтың тақырыбы: Аминдер Сілтеме



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі380,91 Kb.
#14821
түріСабақ
1   2   3

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ------------------




Мұғалімнің аты-жөні




-------------- орта  мектебі

Сыныбы

11

57 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сандық есептер шығару .




Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Химиялық реакция теңдеулері бойынша экологиялық мазмұнды есептер шығару .Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту,танымдық ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру жұмыс дағдысын нығайту.Жеке тұлға болып қалыптасуға,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған есептер шығаруға дағдыландыру,танымдық ойлауға баулу. Математикалық біліктілік қалыптасады ,химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізе алады.

Негізгі идеялар

Танымдық есептер-білім кілті.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивтітақта, интерактивтік тақтаарқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар.

Сабақтың түрі

Жазбаша қорытындылау сабағы .Есеп шығару.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар Тақтамен жұмыс.


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. «Банан іздеу» ойыны бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу
ІІ. Кіріспе

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ

Сандық есептер шығару «Ойлан,жұптас,бөліс»әдісімен тапсырмалар беріледі,екеуара жұптасып орындайды,сосын топпен бөліседі.

І-топқа: Есеп: Жаңа сыпыртқыңыз ұзақ қызмет ету үшін,оны ЭХ затының ерітіндісіне 2-3 сағат малып қою керек.Ол заттың молярлық массасы 58,5г/моль.Оның құрамында 39,3% «Э» ,60,7% «Х» элементтері бар.Осы заттың формуласын анықтаңыз?

Шешуі: Массасы 100 г ерітіндіні қарастырамыз: М(ЭХХу)=39,3/х+60,7=58,5г/моль 1 моль-58,5

х моль-100г х=1,709 моль

1,709 моль - 39,3г

1моль - у г « Э» У=35,5 демек «Х» элементі СІ.

Белгісіз заттың формуласы- NaCI

ІІ-топқа: Асханалық күмістен және мельхиордан жасалған бұйымдарды дақтан тазалау үшін ас тұзы ерітіндісінде аздап қайнатады немесе 5-10 мин сірке суы ерітіндісінде ұстайды. Массасы 100г ерітіндіге қышқылдың массасын және массалық үлксін анықтаңыз. Ерітіндідегі көміртектің массалық үлесі 1%

Шешуі : Ерітіндідегі көмірдің массасы: m(С)=100г х 0,01=1г М(СН3СООН)=60г/моль

1моль-24

х моль-1г х= 0,042: m(СН3СООН)=0,042мольх 60г/моль=2,5г

Ерітіндідегі сірке қышқылының массалық үлесі:W(СН3СООН)=϶ х М=100%m(ер)=2,5х100:100=2,5%

ІІІ-топқа: Массасы 6 кг ескі велосипед рамасы бір жыл бойы ылғал сарайда сақталды. Ондағы 11,2г темір жемірілуге ұшырағаны анықталды. Егер таттануы 2,9%-тен аспаған конструкцияларды ғана қолдану қауіпсіз екендігін ескеретін болсақ,онда осы раманы ары қарай қолдануға бола ма?Таттың негізгі компоненті болатын темір(ІІ)оксидінің қандай массасын рамадан тазалау керек? Шешуі: 4Ғе+3О2=2Ғе2О3 11,2 - х 56г/моль х=16г Ғе2О3

Массалық үлесі:

6х103-100% 11,2-х% х= 0,18% 0,18%<2,9% Есептер жалғаса береді....

4-есеп.Көлемі1,5л жемісті лимонад бөтелкесіндегі 22г СО2 бар болса,осы ерітінді концентрлі бола ма? Жемісті судың тығыздығы 1,09г/мл

5-есеп «Қияр мен қайнатылған картоп»тамағын қайнату кезінде судың мөлшері 1/11 есе артады. Картоп массасы 300г,қияр массасы 130г, картоптағы судың мөлшері 33%, ал қиярдағы су мөлшері70%.Осы тағамды дайындау үшін судың қандай массасы қажет?



6-есеп Тоңазытқыштарда жағымсыз иістің пайда болуынан сақтану үшін көмір кесегін салып қояды.Оның құрамындағы бөтен қоспалар әдетте 4%-тен аспайды. Күкірт қышқылымен әрекеттесіп, 9 г су түзетін осындай көмір үлгісінің массасы қандай?

ІҮ кезең Қорытынды.



Үйге тапсырма: Қайталау.

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»постерге стикер арқылы өз пікірлерін жазып қыстырады.


Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Түрлі-түсті стикерлер арқылы оқушылар бағаланады.Өзін- өзі, өзара бағалау



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары ---------------



Мұғалімнің аты-жөні




---------- орта  мектебі

Сыныбы

11

58 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Белоктар, белок молекуласының құрылысы, біріншілік,екіншілік,үшіншілік,төртіншілік құрылымы.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Белокты мысалға ала отырып табиғи полимерлер жайлы білімді терендетеді;полипептидтер құрамы, құрылымдары және қасиеттері жайлы биологиядан алған білімдерін толықтырады

Күтілетін нәтиже

Оқушылар белок молекуласының құрылысын,физикалық қасиеттерін біледі,белоктардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылымдарын ажырата алады.

Негізгі идеялар

Белоктар- аминқышқылдарының қалдығынан құралған жоғары молекулалы биополимерлер, биологиялық өршіткілер,яғни ферменттер,табиғи полипептидтер.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдта.Виртуальды зертхана. «Белоктан бөліп алынған кейбір аминқышқылдарының құрылысы» кестесі, жұмыртқа белогы, мыс (ІІ) сульфаты, натрий сілтісінің ерітінділері, су, мақта, сынауықтар мен спиртшам.

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі демонстрациялы,баяндау сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті, АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар «Сен маған, мен саған» әдісі Сарамандық жұмыс №8 Белоктардың қасиеттерін зерттеу. №9 Тағамдық өнімдерді зерттеу.


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. «Шаттық шеңбер»ойыны бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Сен маған,мен саған» әдісі

Сабақ барысында оқушылар жұп болып бір-біріне сұрақ қояды.Әрбір дұрыс жауабына бір-біріне фишкаларды беріп отыруға болады. Сонында фишкалар санына қарай оқушыларды бағалауға болады.

Сұрақтар:

1.Гетероциклді қосылыстар деп қандай заттарды айтады? 2. Қандай атомды гетероатом дейді? 3. Гетероциклді қосылыстар табиғатта қандай заттарда болады? 4. Пиррол негіздік қасиет көрсете ме? Түсіндіріңдер. 5. Пиридиндегі азот атомының қанша бос электроны бар? 6. Урацил, тимин, цитозинде қанша азот атомы бар? Бұлар қай қосылыстың туындылары? 7. Пуриннің құрамында қандай қосылыстардың ядролары бар?



Өзіндік жұмыс:

  1. Аминкапрон қышқылы негіздік қасиет көрсететінін реакция теңдеулерін жазумен дәлелдеңдер.

  2. Аминпропион қышқылының қышқылдық қасиетін дәлелдейтін кемінде 3 реакция теңдеуін жазыңдар.

  3. Аминпропион қышқылының молекулалары бір-бірімен әрекеттесе алатынын қалай дәлелдейсіндер? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІІ. Кіріспе

1Белоктарға қандай химиялық реакциялар тән? 2 Белоктардың салыстырмалы молекулалық массасы неліктен үлкен?

3.Аминқышқылдарының өзара әрекеттесуінен қандай байланыстар түзіледі?4. Биология пәнінен қандай белоктарды білесіндер? 5. Белокты қалай анықтауға болады?

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Белоктар, белок молекуласының құрылысы, біріншілік,екіншілік,үшіншілік құрылымы

«Ойлан,жұптас,бөліс»әдсімен тапсырмалар беріледі,екеуара жұптасып орындайды,сосын топпен бөліседі.

Оқушыларға 3 топқа 3 түрлі тапсырма түрлері беріледі : І- топқа: Біріншілік құрылымы ІІ- топқа Екіншілік құрылымы ІІІ- топқаҮшіншілік құрылымы : Тапсырма : Берілген мәтінді әр топ өздері түсіндіріп ізденуші ролін атқарады.

Жұмыстың орындалуы: Сарамандық жұмыс №8 Белоктардың қасиеттерін зерттеу.(Ақуыздың спиртпен әрекетесуі бейнежазба көрсету)

ІҮ кезең Қорытынды



  1. Не себепті белоктарды жоғары молекулалы қосылыстарға жатқызады?

  2. Белок полимері мен көмірсулар полимерінің айырмашылығы неде? Белок мономерін атаңдар.

Үйге тапсырма:Белоктар белок молекуласының құрылысы.

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» постерге, стикерге өз пікірлерін жазып қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді
Түрлі-түсті стикерлер арқылы оқушылар бағаланады.Өзін-өзі, өзара бағалау.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы топта талдайды, сосын топтың бір мүшесі басқа топтарға қорғайды , жұмыстары бағаланады.Өзін-өзі, өзара бағалау.

Оқушылар белок молекуласының құрылымын сызбанұсқасын сызады.«Өзін-өзі бағалау» парағын шартты белгілерін толтырады.






Бекітемін:

Мектеп басшысының



оқу ісі жөніндегі орынбасары


Мұғалімнің аты-жөні







Сыныбы

11

59 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Белоктардың қасиеттері. Белоктар гидролизі, денатурациясы. Түрлі-түсті реакциялар. Белоктардың ағзада өзгеруі. Белоктарды синтездеу.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты

Белок гидролизі, денатурация жайлы ұғымдарды түсініп, оларға түсті реакция арқылы белоктың химиялық және биологиялық синтезімен, жасанды және синтетикалық тағамдар жасайтын микробиологиялық өнеркәсіптердің жұмыстарымен танысады

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға білім беруде стратегиялар мен амал -тәсілдерді қолдана отырып, өз бетімен тиімді жұмыс жүргізуі қалыптасады. Лабораториялық тәжірибе жасау арқылы белоктардың химиялық қасиеттерін біледі.

Негізгі идеялар

Белоктар-биологиялық өршіткілер, яғни ферменттер,табиғи полипептидтер

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Виртуальды зертхана. Жұмыртқа белогы, мыс (ІІ) сульфаты, натрий сілтісінің ерітінділері, су ,мақта, сынауықтар мен спиртшам.

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі демонстрациялы,қорытынды сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сергіту сәті,АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар,«Джигсо» әдісі ,№12 Зертханалық тәжірибе. Белоктарға тән түрлі-түсті реакциялар.


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. «Алма, алмұрт, жүзім» бойынша оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Аялдама» әдісі

І топқа : Белоктың біріншілік реттік құрылымын сипаттандар.

ІІ топқа: Белоктың екіншілік реттік құрылымын сипаттандар.

ІІІ топқа: Белоктың үшіншілік реттік құрылымын сипаттандар.



ІІ. Кіріспе Бейнематериал «Белоктардың қасиеттері»

ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ. Белоктардың қасиеттері. Белоктар гидролизі, денатурациясы. Түрлі-түсті реакциялар. Белоктардың ағзада өзгеруі. Белоктарды синтездеу.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдсімен тапсырмалар беріледі, екеуара жұптасып орындайды,сосын топпен бөліседі.
Оқушыларға 3 топқа 3 түрлі тапсырма түрлері беріледі :

І- топқа:Белоктардың гидролизі және денатурациясы а)белок ерітіндісіне концентрлі азот қышқылын ; ІІ- топқа түрлі-түсті реакциялар: ә) белок ерітіндісіне сілтінің қанық ерітіндісін; ІІІ- топқа белоктарды синтездеу: б) белок ерітіндісіне қорғасынның(ІІ)тұзы ерітіндісін құю .

Тапсырма : Берілген мәтінді әр топ өздері түсіндіріп ізденуші ролін атқарады,виртуальды зертхана арқылы тәжірибе жасап көз жеткізеді.

Жұмыстың орындалуы: №12 зертханалық тәжірибе: Белоктардың түрлі- түсті реакциялары. №9Тағамдық өнімдерді зерттеу.


ІҮ кезең Қорытынды. Бауырда аминқышқылдары қандай өзгеріске ұшырайды және бұл процесс кезінде қандай өнім пайда болады?

Үйге тапсырма: Белоктардың қасиеттері. Белоктар гидролизі, денатурациясы.

Әр топ қысқа хабарлама жасайды:

1. Белоктың микробиологиялық синтезі және оның маңызы;

2. Жасанды және синтездік тағамдар жасау проблемасы;

3. Алмастырылмайтын аминқышқылдары деген не?

Рефлексия «Мен не үйрендім? «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»постерге стикер арқылы өз пікірлерін жазып қыстырады.




Оқушы іс-әрекеті Топқа бөлінеді

Топтар өздерінің түрлі түсті маркерлерімен әр топтың тапсырсына өз ойларын түсіреді.Соныңда әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғап шығады.


Оқушылар тәжірибе жасап практикада қолдана біледі, белок молекуласының құрылымын сызбанұсқасын сызады.. «Өзін-өзі бағалау» парағын шартты белгілерін толтырады.


Белок денатурациясы


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет