Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. "Сабырсыз, арсыз, еріншек"



Дата04.05.2017
өлшемі150,79 Kb.
#15474
түріСабақ
Абибуллаева Айдана Аскаровна

№ 8 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев. "Сабырсыз, арсыз, еріншек"

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.
Сабақтың міндеттері: а) Өлеңнің негізгі идеясын ашу.

ә)Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
б)Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, сұрақ жауап.

Көрнекілігі: Абай портреті; сызба;

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

"Орындалған арман" С.Көбеев. Жоспар бойынша мазмұнын сұрау.

Үй тапсырмасын бекіту.

Тесттік тапсырма.

1. "Орындалған арман" әңгімесінің авторы кім?

а) Мағжан Жұмабаев;

ә) Спандияр Көбеев

б) Ыбырай Алтынсарин

2. Әңгіменің негізгі идеясы не?

а) қазақ балаларын оқыту;

ә) бай балаларын оқыту;

б) кедей балаларын оқыту.

3. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?

а) Абай

ә) Мұхтар

б) Ыбырай

4. Жай шаруалардың балаларын оқуға алуға кім қарсы болды?

а) Қаржасов

ә) Ыбырай

б) ешкім

5. Оқу қашан басталды?

а) 1997 жыл;

ә) 1887 жыл, 10 декабрьде;

б) 2007 жыл.

6. Кімнің арманы орындалды?

а) Спандиярдың;

ә) Абайдың;

б) Сәкеннің.

7. Ыбырай кім?

а) әнші;

ә) күйші;

б) ақын, жазушы, ағартушы.

Тесттің жауаптары:

1 - Ә; 2 - А; 3 - В; 4 - А; 5 - Ә; 6 - А; 7 -Б.

Тесттің тексеру, екеу-ара, талдау, қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабырсыз, арсыз, еріншек.

Тақтаға сөздер тізбегі ілінеді.

Сабырсыз, байсалды, тиянақты.

Мейірімді, арсыз, сыпайы.

Еңбекқор, ізденімпаз, еріншек.

- Балалар, өткен сабақта біздер өз армандарымыз туралы айтқан болатынбыз. Енді, осы арманымызға жету үшін, алдымызға мақсат қоя білуіміз керек деп айттық. Ал мақсатымызға жету үшін біздің бойымызда қандай қасиет болмау керек? (Жоғарыдағы сөздер қатарынан іріктеп алады). Осылай жаңа тақырып жарияланады.

Күннің жадын, тақырыпты, авторын жазғызу.

Өлең авторымен таныстыру.

Абай Құнанбаев туралы видеоролик көрсету.

Көрген видеороликке сүйене отырып сызба толтырады.

Абай Құнанбаев

Туған жылы, жері. Шығармалары Ол кім болған?

10 тамыз 1845ж , Күз, Қыс, Жаз, Жазғытұрым - Ақын.Лирик ақын.

Қазіргі Семей обл, "Желсіз түнде жарық ай", - Компазитор

Абай ауданы. "Айттым сәлем, Қаламқас

6 шілде 1904жылы Лермонтов пен Крыловтың - Аудармашы

қайтыс болған. шығармаларын

"Қара сөздері" - Ойшыл

- Мұғалімнің оқуы(жатқа). Өлең туралы қысқаша мәлімет айтып өту.

«Сабырсыз, арсыз, еріншек...» - Абайдың 1887 ж. жазған сатиралық өлеңі. Туындының тармақ саны біркелкі емес, көлемі 85 жол. Абайдың ел билігіне араласып, әділ төреші болуға, нашарлардың жоғын жоқтауға күш салып жүрген тұсында, неше түрлі зорлық-зомбылықты, мейірімсіздік пен әділетсіздікті т. б. кесір-кесапатты әшкерелеп жазған сықақ елеңдерінің қатарынан бүл туынды көрнекті орын алады.

Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған

Оқулықпен жұмыс:

- Оқушыларға тізбектей оқыту.

- Сөздікпен жұмыс жүргізу.

(Сандықшадан сөздерді шығарып, сол сөздер бойынша жұмыс жүргізу)

Өлеңнен сол сөздерді тауып, мағыналас сөзіменен алмастырып оқыту, мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті: Абайдың "Желсіз түнде жарық-ай" әнін айтқызу.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.



Адамның мінез құлықтары

Жағымды Жағымсыз



- Адамның мінез құлықтарын сипаттайтын тағы қандай өлеңін білесіз?

- "...Талап" деп басталатын. Осы екі өлең бізді қандай болуға тәрбиелейді?



- Абай атамыздың тәрбиесін бойына сіңірген кіршіксіз, тәрбиелі бала қандай болу керек?

Бекіту.

Абайдың он тоғызыншы қара сөзін тыңдату.



Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Бағалау. Сабаққа жақсы араласып отырған балаларды бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет