Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі70,04 Kb.
#18865
түріСабақ

Пәні

Информатика Тексерген

Күні




Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың білімін бағалау және өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың міндеттері

1. Білімділік : Ақпарат такырыптарына алған білімдерін  толықтыру:

2. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптытылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

3. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б).
Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру(практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн-ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т.б»).
Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану(әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі))
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)

Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)



Сабақтың әдісі:

1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме,оқу материалымен өзіндік жұмыс

2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау,практикум,бағдарламаланған оқыту,дағдыларды жаттықтыру.

3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау,жартылай ізденушілік,зерттеушілік, миға шабуыл

4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас,диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі»,жобалар әдісі,тұсаукесерлер.

5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын,рольдік ойын,ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар,аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс-стади)

Сабақтың түрі:



Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

4.Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.


Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері, интерактивті тақта, моноблоктар



Пәнаралық байланыс




1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.

3. Оқушының субъектілік тәжірибесін өзектілеу кезеңі

4. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін зерделеу кезеңі

5. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін алғашқы тексеру кезеңі 6. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі

7. Сабақты қорытындылау кезеңі

8. Рефлексия кезеңі

9. Білімді бағалау кезеңі




Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:


      Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

      Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

      Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?    

Хабардың   ақпараттық  көлемі  деген  не ?



Жаңа сабақ:

            

. Ақпараттарды қорғау құралдарының бірі – резервтік көшірмелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады. Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса, мұндай жағдайларда ақпаратты сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетке сақтап қана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процессі.

Файлда ақпаратты сығу процессі деректерді архивтеу терминімен аталады.

Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.

Архиваторлардың жұмысының принципі файлда «артық» ақпарат іздеуге және содан кейін ең кіші көлемге келтіру үшін оны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу.

Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептеуір жеңілдетеді.

Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процессі.

Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.

Архивтеушілердің бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:

- жаңа архив жасау

- архивтен файлдарды шығару

- бар архивке файлдарды қосу

- өзі шешілетін архив жасау

- көптомды архив жасау

- зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру

- архивтерді бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын арнайы компьютерлік программа. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірбие жинақталады, антивирустік программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-програмалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәні жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды емдеуге кіріседі.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.



Вирустар үнемі өзгеріп отырады және олардың саны күн сайын көбеюде, антивирустық программалар да олардан қалмауға тырысады, сондықтан әрқашан антивирустардың жаңа нұсқаларының шығуын қадағалауды қажет етеді.


Сабақты  бекіту  сұрақтары:


    1. Компьютерлік вирус деген не?

    2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

    3. Вирустар қалай жіктеледі?

    4. Антивирустық программалар дегеніміз не?

    5. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?




Бағалау критерийлері:


Топтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы бойынша бағалау


Үй тапсырмасы

Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет