Сабақтың тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын Т. Айбергенов өмірі м



Дата17.04.2017
өлшемі72,18 Kb.
#14119
түріСабақ
28.01. Әдебиет Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ақын Т.Айбергенов өмірімен шығармашылығынан мағлұмат бере отырып «Аппақ қыс» өлеңінің мазмұнын, негізгі идеясын ашу, қыстың қатаң көріністерін түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуде біліктіліктерін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік:Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге, оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, өлең құрастыру, сурет салу, эссе жазу, топтастыру, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интер тақта, ақын портреті, қыс, көктем мезгіл суреттері.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту, білімдерін жинақтау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбінің сәті

Қуанышқа толсын!

Біздің алар бағамыз

Тек қана «5» болсын!

Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, себебі қонақтар келіп отыр. Сабақ кезінде сыныптың алтын ережесін сақтап отыруымыз керек.Тыныштық сақтау, бір-біреуді тыңдау. Сыныбымыз үш топқа бөлінген топпен жұмыс алып барамыз. Әр топ өз топ басшыларын сайлап алыңдар.

І топ «Желтоқсан» басшысы:

ІІ топ «Қаңтар» басшысы:

ІІІ топ «Ақпан» басшысы:

Топ басшылары оқушыларды бағалап отырады.

Үй жұмысын сұрау : Суықторғай. Максим Зверев.

І топ Суықторғай мәтінінің мазмұнын айтасыздар.

ІІ топ Әңгімеге жоспар құрасыздар.

ІІІ топ Әңгіме бойынша салып келген суреттерінді қорғайсыздар.

*Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма: Қима қағазбен жұмыс

«Суықторғай », Қазақстан» сөздерінінінен сөз шығару. 1

*Дарынды оқушыға Қима қағазбен жұмыс

Қима қағазбен жұмыс:

Өткен сабақты бекіту:

Сұрақ жауаптар:

І топ . 1. Мәтіннің авторы кім?

2.Мәтін не туралы?

3. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?

4.Мәтін қандай үлгіде жазылган? сипаттау

ІІ топ. 1.Суықторғайды тауып алған кім?

2.Суықторғай неге ұшып кетпеді?

3.Автор қардағы қуысқа неге қолын тықты?

4. Автордың құсқа деген қамқорлығын, жанашырлығын қай

сөзінен білуге болады?

ІІІ топ. І. Суықторғайға қандай қамқорлық жасады?

2. Біраз күннен кейін суықторғай қандай күйде болды?

3. Аш өзегіне түсіп кетпесін дегенді қалай түсінесіздер?

4. Бұл оқиға жылдың қай мезгілінде болған екен?

Жаңа сабақ: «Аппақ қыс» Төлеген Айбергенов

Интер тақтадағы «Қыс көріністері» суреттерімен жұмыс:

Балалармен қыс мезгілі туралы сұрақ жауап, әнгімелеу.

Ал, енді сол қыс мезгіліне байланысты Төлеген Айбергенов атамыздың «Аппақ қыс» өлеңімен танысамыз.

Интер тақтадан автор туралы мәлімет беріп, түсіндіру.

Төлеген Айбергенов –қазақ кеңес ақыны. Ол 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген.Ташкенттегі Низами атындагы пединститутты бітірген. Одан соң туып өскен ауылына келіп мұғалім болып 1952 жылдан 1962 жылға дейін жұмыс істеген.1962жылдан 1965 жылға дейін Оңтүстікке келіп Сарыағаш ауданында кешкі мектеп директоры болып істеген.1965ж- 1967жылдары Алматыға келіп Жазушылар одағында жұмыс істеген. Оның «Арман сапары», Өмірге саяхат, «Аманат»,»Бір тойым бар»

т.б.өлеңдері жарық көрген. «Ақ ерке - ақ Жайық» өлеңіне атақты композитор Шәмші Қалдаяқов атамыз әнін жазып радио, теледидарлардан айтылып жүр.

Арманым саған ауған,

Самал соқса жағалаудан - деп басталатын ән.

Өлең текстін оқу. 2

Сөз тапқыш әдісі:

Өлең мазмұнын ашу. Өлең не туралы жазылған?

- Қыс мезгілі

-Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған?

- Ақ қолғапқа теңеген.

Жүрген кездегі қардың сықырлағанын ақын неге теңейді?

-Аппақ әуенге теңейді.

- Не үшін ақын өлеңін « Аппақ қыс» деп атаған екен?

-Ақын қысты кейіптеп отыр екен. Кейіптеу дегеніміз не?

- Кейіптеу дегеніміз балалар ,«Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеуі» екен.

Оқушылардан өлеңнен түсінгендерін сұрау.

І топ. Өлеңнің бірінші бөлімінде не айтылған екен?

*Алғашқы болімінде қысты ақ қолғап киген жанды адам ретінде кейіптеп отыр. Ал, өзен - теңіз, тау-төбелерді ақ сәукелелі қызға теңеп отыр.Қар үстінде басылған іздер рояльдың басылған ақ тіліне ұқсайды- дейді.

ІІ топ. Екінші бөлімінде не туралы айтылған?

*Екінші болімінде ақ қысты әдемі, сұлу өлеңге теңеп отыр. Аппақ қарларын басқан сайын қардың сықырын әуенге теңейді. Мұндада ақын кейіптеуді кең қолданған.

ІІІ топ. Үшінші бөлімінде ше?

*Соңғы бөлімде ақынның қыс мезгілін ұнататыны аңғарылады.Қыстың сүйкімді күні төбеңнен төніп, оянбасыңа қоймайды. Құлақ күйін он бұрап дегенде - қыстағы күннің бірде ашық, бірде тұман, бірде құбылмалы екенін, ал осы қарда омбылап жүргенде еріксіз есіңе көктем түсетінін айтады. Себебі қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келеді.

Түртіп алу стратегиясы. Сөздікпен жұмыс.

Рояль - музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.

Сәукеле - қазақтың ұлттық бас киімі. Ұзатылатын қыздың бас киімі.

Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді, сынып жұмысын, тақырыпты, ақынның аты – жөнін, туған жылын, сөздікті жазамыз.

Сергіту сәті:

Топпен жұмыс. Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма.

І топ. Қыс мезгілі туралы өлең құрастырады, оқиды.

ІІ топ. Қыс мезгіліне байланысты сурет салып оны қорғайды.

ІІІ топ. Қыс мезгіліне эссе жазады, оқиды. 3

Тізбектей оқу.

Поэзия минуты: Қыс туралы өздері білетін өлең- тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақтарын айтады.

І топ. Өлең- тақпақ.

ІІ топ. Мақал – мәтел.

ІІІ топ. Жұмбақ жасырады.

Сабақты бекіту:

1.Бүгін біз қай ақынмен таныстық? – Төлеген Айбергенов.

2.Т.Айбергенов қай жылдары өмір сүрген? - 1937- 1967ж.ж.

3.Ақын қай жерде дүниеге келген? – Қарақалпақстан,Қоңырат ауданы

4.Төлеген атамыз қай институтты бітірген?-Низами

5.Ақынның қандай өлең жинақтары, кітаптары бар?

6.Аққыс өлеңінде ақын қысты қалай суреттейді? – кейіптеу арқылы

7.Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?- рояльдің ақ тіліне

8.Жүрген кездегі қардың сықырлағанын неге теңейді?-аппақ әуенге

Сабақты қорыту: Аққала жасау. Әр бөлімінің артындағы сұраққа топтар жауап береді.

1 топ. Қыстағы балалар ойыны.

2 топ. Қыстағы көрінісін сипатта.

3 топ . Көктем ерекшеліктері.

Қысқа тілек.

Балалар сіздердің тілектеріңіз, айта алмай жүрген армандарыңыз бар шығар, енді осы Аққалаға әр кім өз тілек, армандарыңызды жазып ілдіреғойыңдар.

Балалар. - Біз нені білуші едік?

- Нені білдік?-

- Енді нені білгілерің келеді?

Бағалау: Топ басшылары бағалайды

Үйге тапсырма: 161-бет. Аппақ қыс өлеңін мәнерлеп оқу.

Қыс тақырыбына шығарма жазып келу



4
Каталог: uploads -> doc -> 0010
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0010 -> Сабақтың тақырыбы г дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаттар
0010 -> Сабақ: Ас- адамның арқауы. Мектеп: Ново-Троицк орта мектебі Күні
0010 -> Сабақтың тақырыбы: Мұқтар Мағауин «Бір атаның балалары»
0010 -> Macromedia Flash ортасында векторлық графикамен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет