Сабақтың тақырыбы «Ар-намыс керек адамға»



Дата15.09.2017
өлшемі69,13 Kb.
#33254
түріСабақ

Карагулова Камшат Алкамовна,

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

«Шетпе лицейі» ММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Сыныбы

9 «ә» сыныбы

Сабақтың тақырыбы

«Ар-намыс керек адамға»

Мақсаты

Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

  • Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

  • Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Құндылығы

Дұрыс іс-әрекет

Қасиеті

Арлы,намысты,рухани адамгершілік қасиеттер

Керекті жабдықтар

Слайдтар, дәйексөздер, үнтаспа, стикерлер, смайликтер

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе

3минут



Сабақтың барысы. Сыртқы интеграция

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыртқы әдіс:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарын тексеру. ә) 5 Т– тыны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

Топтарға бөлу.

1.Ар

2.Намыс

3.Абырой

Нұрға бөлену сәтін өткізу


Мұғаліммен амандасады.
 

Оқушылар  бөлініп, отырады.





Үй тапсырмасына 5 минут

 


 

 Тұсаукесерге –



3 мин

2.«Жақсылық жасауға асығыңыз!» акциясын ұйымдастыру және жоспарын жасап келу.

Үй тапсырмасын орындаған оқушыларды смайлик арқылы бағалау.



3. Сыни тұрғысынан ойлау

    Тақырыпқа байланысты сұрақтар беріп, тақырыпты ашып аламын.



Ішкі интеграция:Топтарға сұрақтар беріледі.

Сұрақ:

І топ:     Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

ІІ топ:  «Ар-намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

III топ:Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмасы:

 

 



Сыни сұрақтарға жауап беру.

    


Негізгі бөлім
3 минут

Мәтінмен танысу

 

10 минут 



 

 

Көрініс:



Сергіту сәті

2минут

Дәйексөз

1минут

Үш тілде қолдану

(тіл сындыру

2минут)


Жағдаяттан шығу
5минут

4.Бүгінгі тақырыбымыз:«Ар-намыс керек адамға»

Ар - әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Ар-ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді.

Адамның адамгершілігі,абыройы – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады.

Арлы,абыройлы адам - ардақты және басқаларға қашан да үлгі - өнеге.



Оқулықпен жұмыс.

Екі топқа Оқулықта берілген Б.Үсенбаевтың «Намыс» өлеңін және

А.Құнанбаевтың «Отыз алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып,мазмұны бойынша топтық жұмыс жүргізу.

3-ші топ«Ар,ұят,намыс» туралы сахналық көріністі рөлдерге бөліп оқып,образға еніп көрсетесіздер. 



Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Егер сіздің досыңыз болса,көршіңіздің басын сипаңыз.

Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз,өз басыңызды сипаңыз

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып,құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз анаңызды жақсы көрсеңіз,көршіңізді құшақтаңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз,аяғыңызды топырлатыңыз.

Егер сіз өз Отаныңызды жақсы көрсеңіз,алақандарыңызды соғыңыздар.
«Ар-намысыңның пәктігі-

Жан-дүниеңнің шаттығы»

М.Әлімбаев

Ар-намыс сөзінің қазақша,орысша, ағылшынша үш тілде аудармасын айтқызу

1.Ар-намыс

2.Честь


3.Honor

Оқулықта берілген тапсырма бойынша 3-топқа жағдаяттан шығу жағдайын талдап,айтып беру.



 Бүгінгі күннің жадысын жазып, тақырыпты дәптерлеріне жазады.

 

 


 

 

 


Оқулықпен жұмыстанады.

/әр топ мәтінмен жеке танысады
Уақыт бойынша әр топ өз постерлерін, қорғайды және көрінісін көрсетеді.

Сергіту сәтінде берілген іс қимылды жасайды

Дәйексөздің мағынасын ашу

Оқушылар жауап береді.

Жағдаяттан шығудың жолын айтады.


Үйге тапсырма

1минут


Қорытынды

 

Бекітуге –



3минут

 

 



Жүректен жүрекке
6 минут

Үйге тапсырма:Абырой,ар-намыс туралы эссе жазып келу

Ар-намыс-жақсылық пен зұлымдықты,шындық пен жалғандықты,әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғым.Ар-намыс құмарлықтың ыңғайына көніп,алдап-арбау арқылыатақ-мансап,байлық-дәулет қуып кеткен адамның жан-дүниесін сәулелендіре алмайды.Сондықтан да ар-намыс керек адамға

Жүрекшені бір-бірімізге беру арқылы жақсы тілектерімізді айтып сабақты қорытындылайық.

Намыс деген арыңның қорғаны,иманыңның көрінісі,ұятыңның беделі.Намысшыл,рухты ұл-қыздарымыз көп болсын.

Сабақты аяқтау Бағалау

Сабақта белсенділік танытып,үй тапсырмасын орындап келген оқушыларға смайликтер арқылы бағаланады.




 Күнделіктеріне жазып алады.

 

 


  
 Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.Кері байланыс жасайды

Каталог: uploads -> doc -> 0f31
0f31 -> Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
0f31 -> Сабақ: №50 Мектеп: №6 орта мектебі Күні: 11. 01. 2017 Мұғалімнің есімі: Б. С. Сүлейменова
0f31 -> Сабақ жоспары Сабақ Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп лицей
0f31 -> Сабақ: Спорттың пайдасы Күні: 16. 02. 17 Мұғалімнің аты-жөні: Мыржикова Ажар Төлепбековна
0f31 -> Ақтау қаласы ‹‹№21 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0f31 -> Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебінің физика пәні мұғалімі Қостанай облысы. Арқалық қаласы. Көктау ауылы
0f31 -> Сабақ түрі Сабақ әдісі Көрнекілігі Кіріспе (1 сағат) 1
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: С. Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: «Патша және жер қазушы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет