Сабақтың тақырыбы: Арқанға үш әдіспен өрмелеу Сабақтың мақсаты: а акробатикалық жаттығуларды қайталау



Дата21.10.2019
өлшемі22,38 Kb.
#50410
түріСабақ
Байланысты:
ашык сабак 6 класс гимнастика

Тамды орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы :
Сыныбы : 6 «А»

Арқанға үш әдіспен өрмелеу


Өткізген : К.М.Утегенова



2013-2014
Сабақтың тақырыбы: Арқанға үш әдіспен өрмелеу

Сабақтың мақсаты: А) акробатикалық жаттығуларды қайталау;

Ә) тепе теңдікті сақтау жаттығуларының топтамасын жетілдіріп жасақтау;

Б) арқанға үш әдіспен өрмелеу тәсілін үйрету;

В) эстафеталық ойындар.

Білімділік: оқушылардың акробатикалық, тепе теңдік, арқанға өрмелеу жаттығуларын сауатты, дұрыс орындауын қалыптастыру;

Дамытушылық: күш, ептілік, жылдамдық, икемділік қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Өтетін орны: мектеп спорт залы

Әдіс тәсілдер: жекелей, топпен

Қажетті құрал жабдықтар: ілулі арқан 4 м, қалың төсеніштер, гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық таяқша, секіртпе жіп, ағаш ат, серіппе, магнитафон, диск, ысқырық, секундамер, т.б.

Сабақ бөлімдері

Сабақтың мазмұны

Жүктеме мөлшері

Ұйымдастыру әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе дайындық бөлім 10-11/

Оқушыларды сапқа тұрғызу, кезекші мәліметі, сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі.

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері.





Арнайы киімдеріне, сабаққа дайынды ғы, берілген бұйрықтың орындалуына қысқа, нақты баяндау

Саптағы жаттығулар:

  • Сынып түзел, тік тұр!

  • Оңға бұрыл!

  • Солға бұрыл!

  • Кері айнал!

4-5 рет

Денені тік ұстау. Оқушылардың команда бойынша бірдей орындауларын талап еу

Жүру жаттығулары:

  • Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен

  • Қолды желкеге ұстап, өкшемен жүру; Қолды белге ұстап, табанның сыртымен жүру;

  • Қолды жанға созып, табанның ішімен жүру;

10-15 мин



Қолды тік, жоғары созу, денені тік ұстау

Спорттық қадаммен жүру.




Аяқ, қол байланы сының нақты болуы

Жүгіру жаттығулары:

  • Баяу жүгіру;

  • Бір қалыпты жүгіру;

  • Оң жақ иықпен алға қолды толық алға айналдырып;

  • Сол жақ иықпен алға қолды толық артқа айналдырып;

  • Қол шынтақтан бүгіп, тізені көтеріп жүгіру;

  • Қарсы бағытта жүгіру;

  • Жыланша.







Демалу жаттығулары: 1-3 аяқтың ұшына көтеріле қолды екі жақтан көтеріп, төмен бос жіберу.




Аяқ ұшына көтерілгенде демді ішке тарту, қолды түсіргенде демді бір қалыпты шығару




Гимнастикалық таяқшамен бір орында жасалатын жаттығулар

1. Б.қ.гимнастикалық алда қолымызда



  1. Сол аяқты алға шығара, қолды жоғары тік көтеріп шалқаямыз.

  1. Б.қ

  2. Оң аяқты алға шығара, қолды жоғары тік көтеріп шалқаямыз.

  3. Б.қ.

5-6 рет


Қолды тік созып, қолға қарайды, артқы оң аяқ тік

Артқы сол аяқ тік





2.Б.қ. аяқ иық деңгейінде, гимнастикалық иықта қолымызда

1- кеудені солға бұру



  1. Б.қ.

  2. Кеудені оңға бұру

  3. Б.қ.

5-6 рет

Бас көтеріңкі, кеудені тік ұстау




3.Б.қ. аяқ иық деңгейінде гимнастикалық таяқша алдыда, қолымызды

1- қолды жоғары көтеріп артқа шалқаямыз

2- қолды сол аяққа жеткізу

3- қолды оң аяққа жеткізу

4-Б.қ.


5-6 рет

Қолды тік созу
Тізені бүкпеу

Тізені бүкпеу






4.Б.қ. аяқ иық деңгейінде, гинастикалық таяқша алды да, қолдымызда.

1- таяқшаны жоғары көтеру

2-3 артқы шалқаямыз

4-5 солға иілеміз

6-7 оңға иілеміз

8.Б.қ.


5-6 рет


Қолды, кеудені тік, дұрыс ұстап, тізені бүкпеу






5.Б.қ. аяқ иық деңгейінде гимнастикалық таяқша алдыда, қолымызда

1- қолды жоғары көтеру

2- сол аяқты сол жаққа бүгіп, қолды сол жаққа созу

3- қол жоғарыда

4-оң аяқты оң жаққа бүгіп, қолды оңға созу

5-қол жоғарыда

6- сол қол жоғарыда, гимнастикалық таяқша алдымызда

7- оң қол жоғары, гимнастикалық таяқша алдымызда

8- қол жоғары

9- қол алдыда, сол аяқты оң қол жаққа жеткізу

10- қол алдыда, оң аяқты сол қол жаққа жеткізу

11 -қол жоғары, сол аяқ алдыда

12- Б.қ.

5-6 рет

Қолды түзу ұстау, алдыңғы аяқ тізеден бүкпеген, артқы аяқ тік, денені тік, түзу ұстау


Негізгі бөлім 25-27/

Қозғалыс кезінде бір калоннадан үш калоннаға сап құрау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу

1 топ Акробатикалық жаттығулар: а) гимнастикалық төсеніште алға, артқа аунау; ә) аяқты қайшылап алға аунау, артқа бұрылу, жауырынға тік тұру, бір тізеге тіреліп арқа аударылу.

Тізерлеп аяққа отыру, жоғары тік көтеріліп қолды созып секіру, аяқты екі жаққа сермеп қосып түсу.

ІІ топ. Тепе теңдік сақтау жаттығулары.

Бөрене: төбеге бір зат қойып жүру, аяқтың ұшымен (қол жанында) тізені биік көтеріп (қол белде). Айналулар. Аяқты кезектестіре секіру. Бір аяқпен тепе теңдік ұстау (қарлығаш). Бөрененің үстімен жүгіріп келіп алысқа секіріп түсу.

ІІІ топ. Арқанға үш әдіспен өрмелеуді үйрету.



  1. Арқанға созылып қол жеткен жерден екі қолмен ұстау;

  2. Екі қолмен арқанға тартылып, арқанды екі аяқ арасына басып қысу;

  3. Қолды қозғалтпай, арқанды қысқа аяқты жазып көтеріліп жүру;

В) гимнастиаклық снарядтардан өту арқылы ұжымдастырылған эстафеталық ойын.



Екі қол жанында, кеуде тік жинақталып, басты тигізбей жауырын арқылы аунап түсу.

Артқа аунау кезінде дұрыс жинақталып, қолмен аунауды бағыттап тіреу.

Жауырынға тік тұру кезінде



Қорытынды бөлім 6-7/

Сапқа тұрғызу

Демалысты қалыпқа келтіру жаттығулары.

Көңіл бөлу жаттығуы

Ұшты ұшты ойыны

«Айтқанымды жаса, жасағанымды жасама» ойыны

Сабақты қорытындылау

Бағалау.

Үйге тапсырма: секіртпе жіппен секіру, бір минутта 100-150 секіруге дайындалу

Шығарып салу





Жүріп келе жатып қолды жоғары көтеріп, демді ішке алып, қолды түсіргенде демді жайлап шығару.

Ойын аңғарымпаздыққа, байқағыштыққа, сезімталдыққа баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет