Сабақтың тақырыбы: «Архимед күші» Сабақтың мақсаты: «Архимед күші»



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#42876
түріСабақ
  1   2
БҚО, Теректі ауданы,

Подстепное ауылы

лингвистикалық гимназия

«Үміт», физика пәні мұғалімі

Кабашева Гулсая Кадырбековна

Сабақтың тақырыбы: «Архимед күші»

Сабақтың мақсаты:

1.«Архимед күші» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, «архимед күші» қандай шамаларға байланысты екенін түсіну, тақырып бойынша есеп шығару.

2.Тәжірибелер арқылы қорытынды жасауға, дәлелдеуге үйрету және оның маңыздылығын айқындау;

3. құралдармен жұмыс жасау арқылы ұқыптылыққа баулу, алғырлыққа, тез ойлауға үйрету.



Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, Архимед шелегі, әр түрлі жүктер, суы бар ыдыс, динамометр;

Түрі: жаңа сабағы

Пәнаралық байланыс: биология, география пәні

 

Сабақтың  барысы



І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кроссворд шешу»

  1. Қысым айырымын өлшеу үшін қолданылатын аспап

  2. Атмосфералық қысымды ашқан, зерттеген ғалым

  3. Серіппенің созылуы немесе сығылуы қандай әріппен белгіленеді

  4. Кілем қағу, балға саптау, адамның автобуста еріксіз алға, артқа ұмтылуы қай құбылыс

  5. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші

  6. Ауырлық күші 50Н-ға тең, дене массасы қандай? Тартылыс тұрақтысы 10Н/кг

  7. өлшем бірлігі Кг/м3 болатын физикалық шама

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кішкентай тас суға батып кетеді, бірақ үлкен кемелер батпайды, ауыр денені ауадан көрі суда көтерген жеңіл екенін білесіңдер. Енді мынадай тәжірибе жасайық



1 тәжірибе: жүкті динамометрмен ауада, кейін суда өлшейміз. Суда салмағы кемиді.

Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әсер етеді.

Р ауа – Р сұйық = Fығыст. (1 слайд)

2 слайд. Ол күш қалай пайда болады? слайд бойынша түсіндіріледі.



3 слайд. Ол мынадай шамаларға тәуелді болуы мүмкін:

  1. Дененің көлеміне

  2. Дененің тығыздығына

  3. Сұйықтың тығыздығына

  4. Сұйық бағанының биіктігіне

Тәжірибе арқылы тексерейік

2 тәжірибе: тығыздықтары бірдей әртүрлі жүктерді бірінші ауада, кейін суда өлшейміз. Кіші жүкті суға салғанда серіппенің созылуы көп өзгерген жоқ, демек бұл денеге аз ығыстырушы күш әсер етті деген сөз. Енді үлкен жүкті ілгенді серіппе көрінерліктеі сығылды, демек ығыстырушы күште үлкен.

Қорытынды: сұйыққа батырылған дененің көлемі үлкен болған сайын, архимед күші де көп болады



3 тәжірибе: көлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдан жасалған екі дененінің ығыстырушы күштерін анықтаймыз. Олардың тығыздықтары әртүрлі деген сөз. Архимед күштері тең.

Қорытынды: ығыстырушы күш дененің тығыздығына тәуелді емес



4 тәжірибе: жүкті іліп, жаймен су құямыз, динамометр өзгермейді, демек ығыстырушы күш те өзгермейді

Қорытынды: сұйыққа батырылған дененің үстіндегі сұйық бағанының биіктігіне тәуелді емес.



5 тәжірибе: әр түлі сұйықтарға батырамыз.

Қортынды: сұйықтың тығыздығы көп болған сайын денеге әсер ететін күш те көп болады.



Осыдан шығады.

Каталог: uploads -> doc -> 04fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04fb -> 4 сыныптың қазақ тілі пәніне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
04fb -> Сабақжоспары сабақ: әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет