Сабақтың тақырыбы: Астана қаласындағы жаңа ғимараттар. Септік жалғауын бекіту. Жбб №65 ом



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі266,79 Kb.
#24939
түріСабақ
  1   2


Орыс тілді 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:
Астана қаласындағы жаңа ғимараттар. Септік жалғауын бекіту. 

ЖББ №65 ОМ

Каймолдина Г.К.


Сабақтың мақсаты: 
Оқушылардың Астана туралы білімдерін толықтыру, жүйелеу. 
Зат есімнің септік жалғауын бекіту.
Міндеттері:
- Астана тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. 

  • Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.

  • Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету.

  • Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әдемілікке, сұлулыққа құштарлықтарын ояту.

  • Септік жалғауларын меңгерту 

Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта-флипчарт (слайд, видео, күй), деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер, ұпай саны белгіленген түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың түрі:
Саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, әуенді видио көру, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту, миға шабуыл, класстер.
Пәнаралық байланыс:
Орыс тілі, география.

Күтілетін нәтиже: 

Астана туралы әңгімелеу.


Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу.
Әсемдікке, әдемілікке баулу.

Ойларын ашық айту


Септік жалғауларын меңгеру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар.
-Көңіл-күйлерің қалай?
(Интерактивті тақта-флипчарт)
-Олай болса, балалар, мына суреттердің ішінен қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.

  
-Жақсы, олай болса, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге бүгінгі сабақтың ерекшелігін түсіндіріп кетейін. Бүгінгі сабақ «Саяхат сабағы» деп аталады.

-Барлығы түсінікті болса, сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
(Сөздік жаттау, Астанадағы мұражайлар мәтінін мазмұндау. «Мұражай» сөзін септеу) 
Өз-өзіңді тексер
(Интерактивті тақта-флипчарт)
-Қазір қаламдарыңды алыңдар, үй жұмысын тақтамен салыстыра отырып, тексеріп шығамыз.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет