Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» өлеңі Оқу мақсаты



бет1/3
Дата10.01.2020
өлшемі334,29 Kb.
#55646
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
8 сынып
5-класс каз яз

Күні. 09.10.19ж

Сынып 8 Мектеп: №211

Пәні: әдебиет

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» өлеңі

Оқу мақсаты

Т/Ж1- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік мазмұнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: өлеңнің мазмұнын біледі.

Оқушылардың көбісі: өлеңнің жанрлық ерекшелігіне,сюжеттік желісіне талдау жасайды.

Оқушылардың кейбірі: мазмұнына өзіндік пікірін білдіреді,зерттеу жұмыстарын жүргізеді


Бағалау критерийлері:

Берілген тақырыпты өз бетінше оқып, өзектендіре алады; қажетті деректер мен қосымшаларды орынды қолдана отырып, өз ойын ашық айтып, қорғай алады;

Өлеңнің жанрын, сюжеттік желісін анықтайды және талдайды.,зерттеу жұмыстарын жұргізеді



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасын сұрау

Зымыран сұрақтар

Ақтамберді Сарыұлы кім?

Қандай толғаулары бар?

Қандай тарихи оқиғаларға қатысқан ?

Күлдір күлдір кісінетіп толғауы не жайында?

2.Қызығушылығын ояту

«Колейдаскоп» әдісі

3,5-л , 7-р, 13-и, 2,4,6,10-а, 15-т,

12-с, 1-б, 14-е, 11-ө, 9-м, 8-ы.


Сабақтың ортасы


ЖЖ

1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтан «Балаларыма өсиет» өлеңін оқиды.

Жыраудың өсиетін қара сөзбен жазыңдар.

Дескрипторлар:

*өлең мазмұнын түсініп оқиды

* қара сөзге айналдырады



ТЖ2- тапсырма

«Фишбоун» стратегиясы 

3-тапсырма

«Шығармашылық ізденіс» әдісі

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.

1.Ақтамберді туралы кімдер жазды?

2.Кімдердің шығармашылығында бар?

3.Ақтамберді толғауларының басты тақырыбы

Жоба құрылымы:



  • Кіріспе

  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі

  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

  • Зерттеу жұмысының әдістері

  • Зерттеу жұмысының болжамы

  • Зерттеу жұмысының құрылымы

  • Зерттеу бөлімі

  • Қорытынды

3. Мағынаны тану

«Төрт сөйлем» тәсілі

Жоба тезисін топ басшысы қорғайды.

Топ спикері:



  • өз тобының жұмысына қысқаша шолу жасайды.

  • өздері зерттеген жұмыстың өзектілігі, тарихи және көркемдік құндылығы туралы ойларын «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы қорытындылап айтады:

1. Пікір:Зерттеу жұмысының өзектілігі мен көркемдік құндылығына өзіндік пікірін білдіреді.

2. Дәлел.:Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал:Өз ойын жырау толғаулары пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды:Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.

Жеке жұмыс
«Әдеби шеңбер» әдісі

–Ақтамберді жыраудың толғаулары бойынша 5 сұрақ құрастырады.



Сабақтың соңы



Кері байланыс: Оқушылар «Пайдалы үш нәрсе» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалап, тексереді.

  1. Бүгінгі сабақта сен қандай пайдалы үш нәрсе жасадың?

  2. Сен келесі сабақты қалай өзгертер едің?

Оны қалай өзгертесің?

вапвапв


Күні:_02.09.19'>Сабақ : 1

Мектеп: 211

Күні: 02.09.19

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8 б

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көне түркі жазба ескерткіштері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/А. 8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Мәтінді мәнерлеп оқуға, сұрақтар арқылы монолог құрастыра білуге, 
мазмұнын ауызша айта білуге, етістіктің өткен шақ түрін ажырата 
білуге үйренеді. 

Оқушылардың көпшілігі

Көне түркі ескерткіштері арқылы оқушыларға қазақ халқының тарихын 
білуге және қадірлеуге дағдыланады

Оқушылардың кейбірі

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындауды игереді



Бағалау критериі

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдау-кө у мате

баяндалатын оқиғаларды

түсінеді, қарапайым сөйлеу үлгілері а қылы айтады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ

жазбаша, ауызша жұмыстарды

орындайды, мәтін ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында жаңа сөздерді сөйлем ішінде

қолдана алады.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, өлең жолдарын оқиды:

Бәрі жақсы баланың,

Тілін алған ананың.

Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқыған сабағын

Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады.(Топқа бөледі)

Алдыңғы сабақтармен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.



Дидактикалық материал 1,

Слайд 1-5



Сабақ ортасы

  1. Қазақ тіліндені -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастырылу оның даму жолының мына мына тұрғыда өткендігін көрсетеді. Функциялық және семантикалық жағынан -мыш еді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. Көне түркі тілі – қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі.

Мәтінмен жұмыс:Троптық жұмыс

Мәтінді аудармасыз оқуНегізгі айтылмақ ойды  анықтау. Әр абзацтағы түйіндеуіш басты ойды білдіретін сөйлемдерді тауып оқу.



  1. Грамматикалық талдау: етіс формасындағы етістіктерді тауып оқу; етістіктің шақтарын анықтау.

а)Тапсрымалар: етістіктерді бұрыңғы өткен шақ түрінде жазу;

ә) Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанаға теріп жазу.

3. Лексикалық талдау жұмыстарын жүргізу, ескерткіш сөзіне синоним табу. Берілген сөздердің синонимін тауып, сөйлемдер құрастыру.

Көне сөзіне түбірлес (көнерген, көнелеу, көнетоз) сөздер жазу, сөйлем құрастыру; көне дәстүр- ескі салт дәстүр, байырғы әдет-ғұрып деген тіркестердің қолданылуын түсіндіру. Ірі сөзіне синоним әрі антоним табу.
. Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамытып «Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, 4-тапсырмадағы тірек сөздерден диалог құратады.

Жеке жұмыс «Сөз жұмбақ» ойынын ұйымдастырады.

Оқушылар сөз жұмбақта жасырынып тұрған дене мүшелерін табу керек

Көне түркі жазба ескерткіштері неше топқа бөлінеді? 
Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері қай жерде табылған? 
Көне түркі ескерткіштерінде не туралы жазылған? 
Руника жазуын түркі халықтары неше жыл қолданған? 
Көне түркі жазулары қайда жазылған? 
Ең ірі ескерткіш? 
Күлтегін ескерткіштері қай жерде табылған? 

Дескриптор



  • Сабақтың тақырыбын аша білді

  • Көне түркі жазба ескертшіштері нің маңызын анықтады

  • Көне түркі жазба ескертшіштері туралы ақпарат алып, талдады.



Мәтін жазылған үлестірме қағаз;

Дидактикалық материал 2,

Таймер


Сабақ соңы


Рефлекция
«ББҮ» кестесі



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Оқушылар өздеріне қиық қағазға жазылып үлестірілген одағайды қиып, үш топқа бөліп, тиісті қорапшаларға салады.



Шағын 3 қорапша

Дидактикалық материал 4





Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: №4

Мектеп:211

Пән: қазақ әдебиеті




Күні: 10.09.2019

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер «Бәмсі Байрақ»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.



Сабақ мақсаты:

Барлығы: Жырдағы оқиғалар желісін баяндайды.

Басым бөлігі: кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты анықтайды.

Кейбірі: Шығармадағы эпилогтарды ажыратады.


Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Дескрипторлар

Шығарма мазмұнын толық меңгереді;

Шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтайды.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:ежелгі дəуір əдебиеті, рухани мұра, ежелгі қазақ салттары, тәуелсіздік үшін күрес т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Оқушыларға жоғарыдағы суреттер көрсетіледі. Олар Қорқыт ата жайлы бұрыннан білетіндерін еске түсіріп, өз ойын жұбымен бөліседі.

Бейнебаян көру барысында қажетті деректерді жазып отырады. Әр топ өзге топтарға бір сұрақ қояды және өз топтарына қойылған сұраққа жауап береді.

Топқа бөлу

Оқушылар жоғарыдағы суреттер арқылы топқа бөлінеді.



Сабақтың ортасы



1-тапсырма ТЖ.«ДЖИГСО» әдісі

1-қадам:

Оқушылар топта төменде берілген шығарма бөліктерін оқиды. Бөлікке ат қояды.



1-топ.

Баяндүр ханның тойындағы Байбөрі бектің қайғысы, оғыз елі бектерінің батасы, Байбіжанмен құдалық. Бәмсі-Байрақтың ерлігі. Қорқыт атаның балаға ат қоюы.



2-топ.

Бектердің аңға шығуы. Байрақтың Бану-Шешекті кездестіруі. Бану-Шешектің шартын орындауы. Қорқыт атаның Қаршарға құда түсуі.



3-топ.

Қызыл шекпеннің сыры. Бәмсі-Байрақтың гәуірлер қолына тұтқынға түсуі. Байрақтың туыстары, Бану-Шешектің қайғыруы. Жарташық суайттың Байрақты өлді деп хабарлауы, Бану-Шешекке үйленбек болуы. Көпестердің Байраққа жолығуы.



4-топ.

Бәмсі-Байрақтың гәуір қызының көмегімен тұтқыннан босауы. Бәмсі-Байрақтың елге оралуы.



5-топ.

Қазан бектің бақсының тілегін беруі. Оғыз елінің гәуірлерді жеңіп, той жасауы. Қорқыт атаның батасы.



2-қадам:

Әр топтан бір адам шығып, басқа топтарға барады. Жаңа топ мүшелері оқыған бөліктерінің мазмұнын бір-біріне әңгімелейді, ақпараттың қажеттісін жазып алады.



3-қадам:

Топтар жеребе бойынша тапсырмаларды бөліп алады:



  1. 1. Оқиғаның басталуы.

  2. 2. Оқиғаның дамуы.

  3. 3. Шарықтау шегі.

  4. 4. Шиеленісуі.

  5. 5. Оқиғаның шешімі.

  6. Әр топ тапсырма бойынша мәтіннің өздеріне берілген бөлігін тауып дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар сабақты «Бес жолды өлең» стратегиясымен қорытындылайды.


Сабақтың соңы


Рефлексия

«Автор орындығы» әдісі

Қорқыт ата кітабының маңызын түсіндір.

Мен үшін маңызы ......................

Жастар үшін маңызы ......................................

Адамзаттың болашағы үшін маңызы .....................

Үйге тапсырма.

Қорқыттың өмірбаянын өз бетімен оқып. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/qorqyt-ata-kitaby сайтынан тест сұрақтарына жауап беру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет