Сабақтың тақырыбы: Ауа қабаты. Сабақтың мақсаты: а оқушылардың ауа қабаты туралы тексеру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру



Дата19.02.2017
өлшемі44,43 Kb.
#11015
түріСабақ
Тәжімұратова Баян Ержігітқызы,

«Егізқұм» ЖОМ биология – география мұғалімі

ОҚО, Шардара ауданы

Сабақтың тақырыбы: Ауа қабаты.


Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ауа қабаты туралы тексеру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

ә) су қабаты және ауа қабаты бойынша оқушы білімін және іс- әрекеттерін пысықтау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кескін карта,дүние жүзінің жарты шарлара картасы, үлестірмелі кеспе,термометр

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап,топтық жұмыс

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

Оқушыларды екі топқа бөлу

І топ: Су қабаты

ІІ топ: Ауа қабаты


Сабақтың жоспары:

1.Психологиялық атмосфераны қалыптастыру

І. Өзіндік жұмысы

ІІ.«Кім жылдам» ойыны

ІІІ.Сұрақ-жауап

ІV.Сергіту сәті «Табиғат» ойыны

V. Екеуара жұмыс. (картамен)

VІ. Сөзжұмбақты шешу

VІІ. Мақал-мәтел айтысы

VІІІ. Жаңа сабақ.

ІХ. Үйге тапсырма
Ауа қабаттары


  1. Тропосфера

  2. Стратосфера

  3. Мезосфера




  1. Өзіндік жұмысы

1-топқа: а) Ауаның құрамы?

ә) Ауаның ағымы не?

б) Бұлт дегеніміз не?


2-топқа: а) Ауа қайдан пайда болады?

ә) Ауа-райын бақылау,болжау?

б) Желдің бағытын анықтау.Жел дегеніміз не?

ІІ. «Кім жылдам» ойыны

А) Биіктеген сайын ауа сирей ма? Көбейеді ма?

2. Ауа қайдан пайда болады?

3. Ауадағы су қандай күйде кездеседі?

4. Ауаның құрамы?

5. Ауаның қозғалысын қалай айырамыз?

6. Ауа райы фабрикасы деп қай қабатты айтамыз?

7.Желдің бағытын қалай айырасың?
ІІІ. Сұрақ-жауап


  1. Бұлт дегеніміз не?

  2. Ауа биіктеген сайын қалай өзгереді?

  3. Бұлт қалай пайда болады?

  4. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы қалай аталады?

  5. Ауа райын өлшейтін құрал?.

  6. Табиғат құбылыстарын ата?

ІV. Сергіту сәті «Табиғат» ойыны



  1. Лада – дала – поле – Field

  2. Аут – тау – гора - mountain

  3. Укн – күн – солнце - sun

  4. Тұбл – бұлт – облака - cloud

  5. Зөне - өзен – река -river

  6. Ақал – қала – город - city

  7. Уаа – ауа – воздух – air

V. Жұптық жұмыс ( картамен)

Дүние жүзі картасынан теңіздерді тауып жаз
VІ.. Сөзжұмбақты шешу

Командалар бір-біріне сөзжұмбақтар тапсырады, соны жылдам толтырып шығу керек.


VІІ. Мақал-мәтел айтысы.
Қай команда көп мақал айтса, сол жеңімпаз болып есептеледі.
Өткен сабақты корытындылау. Ауаның салмағы бар, ол үздіксіз өзгеріп отырады. Жерге жақын аймақта төмен және жоғары қысым болатындығына көз жеткіздік
VІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Ауаның ластануы


Ауаның ластануы түрлі шаң-тозаң, түтін, газдардың араласуымен болады. Шаң-тозаң өкпені қабады. Одан барып бронхит, өкпенің қабынуы,симиноз,көз аурулары болады. Ауаға араласқан химиялық заттар адамның басын ауыртады,жөтел пайда болады, асқазан ішектері ауырады, қан ағады. Қаладағы завод – фабрикалардан шыққан түтін мен тұманның қосындысын улы түтін дейді.

Улы түтін – жер бетіне күн сәулесінің өтуін нашарлатады. Ол адамдар мен өсімдіктерге зиян.Ауаны тазартудың бір тиімді жолы – көгалдандыру. Өсімдік, әсіресе орман,тоғайлар ауадағы көмір қышқыл газымен тыныс алып, оның орнын ан оттегін көптеп шығарады. Соған байланысты ел басы «Жасыл ел» бағдарламасын қабылдап әрбір Қазақстан азаматы жыл сайын 10 түп көшеттен отырғызу және оны баптап өсіруі тиіс.


Ауа тарауы бойынша қызықты деректер.


  1. 1 см3 33 гр салмақ түсіреді. Бұл салмақ атмосфера қабатынан түзіледі. Адам денесінің аумағы орта есеппен 15 мың шаршы см десек, оған түсетін ауа салмағының қысымы 15 тн жетеді. Былай қарағанда бұл неше машинаға жүк болатынын есептеу қиын емес. Ендеше мұндай салмақ адамды қалай қысып жібермейді.?Оған адам қалай шыдайды? Адамның шыдайтын себебі – оған түсетін сыртқы қысым мен ішкі қысым бірдей. Сондықтан адам денесі ешқандай ауыртпалықты сезінбейді.

  2. Жел табиғатта үлкен жұмыс атқарады. Егер жел болмаса, жаңбыр бұлт түзілген жерінде ғана жауар еді. Мұхиттан көтерілген ылғалды жел құрлыққа айдап келеді де жауын-шашын жауады.

  3. Қазіргі кезде жел қуатын пайдаланып электр энергиясын өндіру жөнімен алғашқы қадамдар жасалды.Ғалымдардың есептеуінше жер шарындағы желдің қуаты бүкіл дүние жүзінде жыл сайын жағылатын көмірдің қуатымен үш есе асып кетеді.

Оқушыларды бағалау. Білімі мен белсенділігін бағалау


ІХ. Үйге тапсырма:


  1. Дәптерге жаңа сөздер жазу

( амплитуда,термометр,метерология,изотерма,атмосфералық қысым )

  1. Жер климаты неге жылынуда? ( шығармашылық жұмыс )

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет