Сабақтың тақырыбы «Аяулы Жақаң»



Дата29.06.2017
өлшемі100,68 Kb.
#20612
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Мектеп: Қ.Ыдырысов атындағы орта мектеп

Күні: 29.11.16 ж

Мұғалім: Сабитова Марал Мурзагуловна

Сабақтың тақырыбы

«Аяулы Жақаң» А. Дулатов

Сынып: 4

Қатысқаны: 8 оқушы

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар

Міржақып Дулатов туралы білімдерін жетілдіреді. Әңгіменің мазмұнын ашады.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Ақын өмірінен алған мәліметтерді жинақтай отырып баяндайды.



Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді өздігінен түсінеді,



Кейбір оқушылар:

«Алаш» сөзінің мағынасын ашады



Тілдік мақсаты

«Қуанышы қойнына сыймай» сөз тіркесі, «кәмпескелеу» сөзінің мағынасын түсінеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Міржақып Дулатов өлеңі

Күтілетін нәтиже

Тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударылады, дарындылық қырлары ашылады, дүниетанымы артады, білімі кеңейеді.

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

АКТ ( слайдтар), маркерлер, стикерлер, суреттер, видео, скотч, ағаш суреті, алма, лимон стикерлері, сандық

Сабақтың барысы:

Уақыт




Жоспарланған іс - әрекет

Дерек көздері

2 минут


5 минут
3 минут Мақсаты: Сабақтың мақсатын айқындау(оқушылардың сабақтан не күтетінін, қандай күдіктерінің барын анықтау).

Қызығу-шылықтарын ояту

Білу

Айтылым

«Сиқырлы сандық».

Оқушылар шеңбер құра тұрады. Ортада сиқырлы сандық тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Қобдишадан әр оқушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!



Топқа бөлу: Жасыл түсті қағаз алғандар бір топқа, сары түсті қағаз алғандар бір топқа отырыңдар. Әр топта ортада түсті қалақша салынған ыдыс тұр. Сабақ барысында кей жерін түсінбесеңдер, сары түсті, түк түсінбесеңдер қызыл түсті қалақшаны көтересіңдер. Мен жақындап түсінік беремін.
Алдыңғы білім

  1. М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жатқа айтқызу.

  2. Өлеңнің сұрақ үлгісінде жазылған жолдарын бір топтың оқушылары айтса, жауап үлгісін екінші топ

оқушылары айтады

Бағалау: Смайликтар ұсынамын.

«Жеміс бағына» барамыз. Тақтада «Алма ағашы» мен «Лимон ағашы» суреттері ілінген. Оқушылар «алмаға» бүгінгі сабақтан не күтетінін (нені білгілері келетінін), «лимонға» қандай күдіктері барын жазып, «алма ағашы» мен «лимон ағашына» іледі (күтетіні мен күдіктеріне: сабақтың өту әдістері, іс-әрекет түрлері, сыныптағы атмосфера, оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушының көңіл-күйі жатады). Тапcырманы мұғалімнің өзінің де орындауы оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырады.Оқушылардың барлығы тапсырманы орындаған соң оқушылардың жазғанын мұғалім дауыстап оқып, сабақты қай бағытта жүргізу керектігі жөнінде қорытынды жасайды


Сандық ішінде түрлі түсті қағаздарға жазылған адамгершілік қасиеттерді білдіретін сөздер.

Алма және лимон ағашының суреті, алмалар және лимондар стикерлері



3 минут




Видео «Оян, қазақ» көріп тыңдап отырыңдар, керекті жерін жазып алуға болады.

Сұрақтарға жауап алу арқылы тақырып және сабақтың мақсатын ашамын.



  • Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

  • Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Жауап берген оқушыларды смайликтермен марапаттау

https://www.youtube.com/watch?v=kocc7M5sV_w

7 минут

5 минут

Түсіну

Оқылым


Қолдану

Жазы-лым

Тақырыбымыз «Аяулы Жақаң». Әңгіменің авторы Дулатов Асқар - Алаш қозғалысынан шет қалмаған Дулатов Асқар қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол - Алаштың атақты ақыны Міржақыптың туған ағасы....

А) «Аяулы Жақаң» әңгімесін іштен түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Естелікті кім жазған?

- Мәтіннен Міржақыпты сипаттайтын жерлерін тауып оқы.

- Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы.

- «Кәмпескелеу» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- М.Дулатов нені армандаған екен?

Ә) Кесте таратып беремін. Әр жұп мәтіннен алып толтырасыңдар.




Міржақып


1-жұп: 2- жұп: 3-жұп:

Сыртқы түр-әлпеті:

Денесі ____________

Бойы _____________

Киімі ____________

Қимылы __________

Ерекшелігі:

Автордың көзқарасы, ойы:


4-жұп - «Қуанышы қойнына сыймай» деген сөз тіркесін пайдаланып сөйлем құрап жаз.

Бағалау: Жұппен бірін-бірі бағалайды.

(Сыртқы түр-әлпеті:

Денесі тығыршықтай жұмыр

Бойы аласалау,

Киімі таза, жинақы

Қимылы шапшаң



Ерекшелігі:

Үздік оқуы,өжеттігі,

Ізденімпаздығы …

Автордың көзқарасы, ойы:

Ұран салып халқын өнер-білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық…)





«Әдебиеттік оқу» оқулық авторы Рахметова С, Әбдікәрім Т, Базарбекова Р. «Атамұра» 2015

Кесте



3 мин

Сергіту сәті

Сергіту сәті: «Ауада жазу» , 4-5 мин.

Мақсаты: Ұзақ отырған адамның денесін ширату.

Баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен, аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу.





3 мин

Семантикалық карта арағын таратып беру

Талдау


Оқушылар семантикалық картаны толтырады

Бағалау: Тақтадағы дұрыс жауап кілтімен өздерін тексереді.



Берілген сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Мәтін Асқар Дулатов туралы жазылған







2

А.Дулатов Міржақыптың ағасы және ол туралы естелік жазған







3

Міржақып Дулатов ақын, жазушы







4

Міржақыптың анасы оның 12 жасында қайтыс болған







5

М. Дулатовтың «Маса», Оқу құралы», «Әліпби» кітаптары бар







6

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағы, «Қайран Жамал» романы бар







7

Ол Семей қаласында туған








Семантикалық карта



7 минут

Жинақтау



Топтық жұмыс

1-топ: «Тұлғаны таны» әдісі. М.Дулатов портретін беріп, қағазға ол туралы білгенін жазады, іледі. Бағалау:«Карусель әдісімен өзара топтар бірін бірі бағалайды.






4 мин

Рефлексия

  • Балалар, сабағымызды қорыту мына сұраққа жауап беріп көріңдерші. Бүгінгі оқып білгендеріңнен алдымызда келе жатқан ҚР тәуелсіздігі мен 2017 жылы тойланатын «Алаштың 100» жылдығы арасында байланыс бар ма? Қандай?

Оқушылар өз пікірін дәлелмен айтады.




1 мин

Бағалау

Бағалау критериі

  1. Мәтінді мәнерлеп оқи аламын.

  2. Мәтін мазмұнын айта аламын.

  3. Сұрақтарға жауап бере аламын.

  4. Мәтіннен керек сөздерді таба аламын.

  5. Кейіпкерге мінездеме жасай аламын.







2 минут

Кері байланыс

Бағалау



«Сауалнама әдісі»

  1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым.

  2. Мен сабақта жасаған жұмысыма ....

  3. Мен үшін сабақ ...болды.

  4. Сабақ барысында мен....

  5. Менің көңіл-күйім....

  6. Сабақтағы материал мен үшін .... болды.

белсенді/белсенді емес
ризамын/риза емеспін
қысқа/ұзақ
шаршаған жоқпын/шаршадым

жақсарды/нашарлады


түсінікті/түсінікті емес








Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Алдымызда келе жатқан ҚР тәуелсіздігі мен 2017 жылы тойланатын «Алаштың 100» жылдығы арасында байланыс бар ма? Қандай? Сыни сұраққа жауап алу



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Смайликтермен бағалау, жұптық, топтық бағалау, «Карусель» әдісімен, семантикалық карта, «Сауалнама» әдісі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет