Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері Сілтеме: Тарихи тұлғалар кітабы



Дата14.11.2016
өлшемі79,66 Kb.
#1751
түріСабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Борашева Элеонора

8 «а» сыныбы


Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының ерлік істері


Сілтеме:

Тарихи тұлғалар кітабы

Қазақтың мақал-мәтелдер  кітабы

Батырлар жыры кітабы

Қазақстан тарихы журналы



Жалпы мақсаты:

Оқушыларды өткен ғасырлардағы қазақ батырлары, халық қаһармандары, желтоқсан құрбандарымен тереңірек таныстыру. Қазақ елінің ерлік істері туралы мағлұмат бере отырып, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.


Негізгі идеялар


Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылыққа баулу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту


Күтілетін нәтиже.

Оқушылар қазақ елінің ерлік істері туралы білгендерін тереңдетті


Тапсырмалар

Ойлан тап, Ой қозғау әдісі, Постер қорғау, Ой толғаныс



Уақыты


Блум таксономиясы


Мұғалім іс-әрекеті


Оқушы іс -әрекеті

3 минут


5 минут

8 минут


9

минут


10 минут

3 минут
5 минут

2 минут


Білу


Түсіну

Қолдану


Талдау

Жинақтау


Бағалау


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.

Қане, шеңбер құрайық

Қазақ батырларының есімдерін атау арқылы

3 топқа бөлу (15-18 ғасырдағы қазақ елінің батырлары, соғыс майдангерлері, желтоқсан құрбандары)


ІІ Жаңа сабақ

1.Ерлік,батыр деген сөзді қалай түсінеміз?



Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты.
2. Қазақ елінің батырлары кімдер?

15-18 ғасырларда  қазақ батырлары жоңғар басқыншыларына қарсы шауып өз елін, жерін қорғаған батырларымыз Қабанбай. Бөгенбай, Райымбек, Абылайхан, Наурызбай, Жәнібек болатын болса, 1941 – 1945 жылдар аралығында фашистік Германияға қарсы өз Отанымызды қорғаған батырларымызда бар. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы ағаларымыздай Кеңес Одағының батырлары бар. Ал, 1986 жылы желтоқсан айында қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жандарын қиған батырларымыз Сәбира, Қайрат, Ербол,Ләззаттар. Осы батырларымыздың арқасында тәуелсіз егеменді елімізде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да батырлар ерлігін мәңгі есте сақтаймыз.
Тапсырмалар

1-тапсырма «Ойлан тап» әдісі

Әр топ өздеріне берілген суретті талқылап, қазақ елінің ерлік істері туралы әңгімелейді



ХҮ-ХҮІІІ ғасыр. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек еткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін аздыра бастады. Ел ішіне ірткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған қазақ шаруалары ызаланып, кек көтердіҚара қыпшақ Қобыланды, Қара қасқа атты Қамбар батыр, Ер Тарғын, Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Қарасай, Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Райымбек, Махамбет, Исатай, Сырым, Кенесары, Наурызбай, Амангелді, Бекболат, т.б. есімі елге белгілі, қол бастаған немесе ұлт-азаттық күрестің ұйтқысы, басшысы болған батырларымыз бен хандарымыздың көркем әдебиеттегі соқталы бейнесі сап түзеп, осы арқылы қазақтың рухани әлемі жаңа белеске көтерілді, байтақ кеңістікке шықты.

1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бар-жоғы 15 минутқа созылған пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз біреу –Геннадий Колбинді отырғызды.Жаңартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қайрат Рұсқылбеков,Ләззат Асанова,Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды. 

2-тапсырма «Ой қозғау» әдісі

Әр топ өздеріне берілген суреттегі батырды таныстырып, әңгімелейді


I топ Бөгенбай батыр

II топ - Әлия Молдағұлова.

III топ – Ләззат Асанова



3-тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла»

( Постер қорғау )

Әр топ өздеріне берілген тақырыпты суретпен бейнелеп, өз сөздерімен айту керек.


I топ - ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ батырларының ерліктері.

II топ - 1941-1945 Ұлы отан соғыс жылдары

III топ -1986 жыл. Желтоқсан оқиғасы


3-тапсырма «Ой толғаныс»

Ерлік, батыр туралы мақал-мәтелдер айту



Рефлексия кезеңі (сұрақ-жауап)

Бүгінгі сабақ барысында еліміздің бостандығы үшін күресіп, ар-ожданын, жерін қорғаған халық батырлары туралы мәліметтер алдық. Осыларды жинақтай келе, балалар өздеріңе, сұрақ қоямын.


Отанымыз туралы мақтанышпен айта аламыз ба?

Бағалау (мадақтау)


Үйге тапсырма

«Қазақ халқының ерлік істері» туралы эссе жазу



Өзін-өзі реттеу.


Сыни тұрғыдан ойланды

Әр топ берілген тапсырмаларды орындай отырып, бірлесе талдап, талқылады

Әр топтан талантты, қабілетті оқушылар көрініп, белсене қатысты


Әр топ көшбасшылары постер қорғады

Сыни тұрғыдан ойланды

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізді

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, іледі




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет