Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»



Дата15.07.2017
өлшемі62.5 Kb.
түріСабақ

Бекітілді

Мектеп директоры

_____________

«__» _______ 2015 ж.



Келісілді

Директордың ОЖ орынбасары

_____________

«__» _________ 2015ж.









Сынып сағаты:



Сынып: 5 «А»

Өткізген: Нурдуллаев Е.Г

2015- 2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»

Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты – патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.

Сабақтың түрі: Ерлік сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, батырлардың суреттері, Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған альбом, шарлармен, гүлдермен безендірілді. 

Сабақтың барысы: 

Бейнефильм – соғыс жылдарындандағы қазақ халқының ерлік істері.

Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздерме ұстаздар және оқушылар! Сіздермен бігін 1-қыркүйек білім күнінде «Қазақ халқының ерлік істері» - атты ерлік сабағын өткізгелі отырмыз.

Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебірентіп толғанатын кез келді.

Қан төгісті көрсек те кешегі,

Айтамыз біз естігенді сезгенді.
Соғыс берді аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз "Санамыздан өшірдік"

Боздақтардың қаны судай төгілген

41-де көрмеді жұрт не сұмдық?

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. (слайд Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)

Мұғалім сөзі:

Партизан тау мен таста жатып бұққан, 

Жауларын кез-келгенде атып жыққан. 

Бір жанын құрбан етіп Отанына

Батырлар тайсалмаған жауған оқтан. 

Партизан Тоқтағам, Әди, Қасым. 

Тиіпті атқан оғы жауға басым ,

Еліне жеңіспенен аман келген

Батырлар ұзын болсын өмір жасың.

Өмірде нәрсе барма ұмытылмайтын, 

Шайнамай жеген асың жұтылмайтын.

Елімнің жан аямас батырлары

Алдынан қашқан жауы құтылмайтын. - 1-слайд (Партизан туралы – Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.) 

Мұғалім сөзі:

Мың құбылып тұрсадағы бар маңы 

Адамзатты алға бастар ар заңы.

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан

 Туа біткен туралықтың тарланы.

Әрбір сөзі жас ұрпаққа тағылым

Бойға жиған ақылы  мен  сабырын.

Жалғандықтың тіліп түскен тамырын

Жауынгерді айналдырып құрышқа

Тайсалмастан талай кірген ұрысқа.

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Жалғандық пен Ақиқаттың туындай.

Мың қылышты от қайраққа-жаныған

Туған жерді өз үйім деп таныған.

Жалындаған жастар керек еліме 

Батыр баба қасиеті дарыған. - 2-слайд (Қазақстандық батырлар: - Б.Момышұлының суреттері) 



Мұғалім сөзі:

Даламыздың даңқысың 

Балауса гүл-балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің алтын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Ауасында жүрсің сен-

Әнге қосып жүр елің. - 3-слайд (Әлия  Молдағұлованың суреттері, Ән: “Әлия”)

Мұғалім сөзі:

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып

Ардагерлер азайып барасыңдар. – 4-слайд (аты аңызға айналған жерлестеріміз)

Мұғалім сөзі:

Соғыс деген залалы ғой заманның,

Соғыс деген қайғысы ғой адамның.

Қара тұман құлы болған көк аспан,

Соғыс деген қарғысы ғой даламның.

Соғыс десе түршігеді жанымыз,

Дұшпан десе қайнайды ғой қанымыз.

Ал мен болсам адамзатқа тіледім

Шырқалсын деп бейбіт әніміз. – 5 слайд (жауды жеңудегі Қазақстандықтардың тылдағы ерліктері)

Мұғалім сөзі:

Елді қорғауға қанға сіңген қасиет

Бабалардан ұрпақтарға өсиет

Отан үшін қанын төккен ерлерге

Бүкіл халық құрмет жасап бас иеді.
Бейбіт күн мәңгі антымыз,

Достықта жасау салтымыз.

Қарумен емес ақылмен

Шешіпті жауды халқымыз. – 6 слайд (бейбіт күндегі ерлік пен батылдық)



Мұғалім сөзі:

Тыныштығын қорғап ана баланың

Гүлге оранған бейбіт қала даланың

Табиғатын,туған жерін аймалап

Ұландардың тұр дайындап жарағын.
Соғыс десе қатуланам,қиналам,

Рас,оны көрдік біздер кинодан.

Оққа оранып от кешкен арыстардың

Арқасында аман қалды бұл ғалам.

-Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Кешегі бойына ерлікпен, жігер тұнған жауынгер, бүгінгі ел құрметіне бөленген ардагерлер. Ардагерлер Жеңіс күнін жақындатты. Бүгінгі бейбіт өмір соның дәлелі емес пе? – 7-слайд (қаза болғандарға арналған ескерткіштер мен мемориалдар)



Мұғалім сөзі: - Қазақстан бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!

Мәуелі бақтай жемісін шашып көп ұлтты. Қазақстанның бүгінде еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым! Қазақстан мәңгілік ел!



Қорытынды:

«Жұртым деп жұмылып,

Елім деп езіліп қызмет ет» Б. Момышұлы.
Мұғалім сөзі: - Міне қазақ халқының басынан өткерген 1941-1945 жылдардағы көрінісі. Осы батырларымыздың, қазақ ерлерінің ерен ерліктері арқасында келіп жеткен бейбіт те, тыныш еліміздің, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болып тұрғаны үшін үлкен алғыс білдіреміз. Алғашқы оқу жылдарыңыз құтты болсын! Келгендерінізге алғысымыз шексіз қонақтар.
Каталог: 3C093023A11E79A7
3C093023A11E79A7 -> Сабақ тақырыбы: «Кодтау сағаты 2015»
3C093023A11E79A7 -> Математика- жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің 2014- 2015оқу жылындағы II- жарты жылдық есебі
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік
3C093023A11E79A7 -> Етістіктің шақтарын қайталау Сынып: 7 «А» Пән: қазақ тілі Өткізген
3C093023A11E79A7 -> Сайыстың тақырыбы
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың тақырыбы: «paint графикалық редакторы»
3C093023A11E79A7 -> Сабақа тақырыбы: «Әлемде талай қызықбар!»
3C093023A11E79A7 -> Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет