Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптары Сабақтың мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі59,84 Kb.
#19614
түріСабақ
Айтбаева Салима,

№7 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында М.Әуезовтің ″Абай жолы″ романындағы салт-дәстүрлермен таныстыру

Білімділік:

Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Ғасырлар бойы халқымыздың өмірі мен тұрмысына арқау болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ырым-тыйым сияқты қазақ мәдениеті мен тұрмыс тіршілігін насихаттау.

Дамытушылық:

Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, өз пікірін еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Ежелден қалыптасқан халқымыздың озық дәстүрлерімен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін терең түсініп, халқымыздың дәстүрін дәріптейтін ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық М.Әуезовтің ″Абай жолы″ эпопеясы

қанатты сөздер, плакат, слайдтар, стикер,

интербелсенді тақта т.б. суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты топқа бөлу (гүлдердің түсіне қарай)

Қызығушылығын ояту

Слайдтар көрсету (салт-дәстүрге байланысты)

Міне, балалар слайдтан көргендеріңдей небір керемет салт-дәстүрлер М.Әуезовтің ғасырлық туындысы ″Абай жолы″ роман-эпопеясында да көптеп кездеседі. Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да сол – Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

Мен осы тақырыпты оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында М.Әуезовтің ″Абай жолы″ роман-эпопеясындағы салт-дәстүрлер көрінісінен алғанды жөн көрдім. Романдағы салт-дәстүрлерді үш топқа бөлдім.


  1. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер

  2. Тұрмыс-салтқа байланысты салт-дәстүрлер

  3. Саятшылыққа байланысты салт-дәстүрлер

Соның ішінде тұрмыс-салтқа байланысты дәстүрлерді бөліп алдым.

ІІ. Мағынаны ажырату

Оқушыларға алдын-ала ″Абай жолы″ роман-эпопеясынан қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқып келуді тапсырдым.

1-топ. Абайдың Ділдәнің ауылына ұрын баруы. Күйеу жігіттің киіміне постер дайындады.

Оқушылар романда кездесетін салт-дәстүрге байланысты топтастыру стратегиясын жасады.

қол ұстатар шаш сипатар



етік тартар қалта қағар

Күйеу жігіттің киімінің суретін салды.

2-топ. Бөжей өліміне байланысты салт-дәстүрлер



Оқушылар ″Қаралы үй″, ″Тұл ат″, ″Жоқтау″ туралы айтып постер қорғады. Оқушылар романдағы оқығандары бойынша қаралы үйдің, құйрық жалы кесілген тұл аттың суретін салды.

құйрық-жалы қаралы үй

кесілген тұл ат

жоқтау

3-топ. Романдағы ″Қаралы көш″ оқиғасы тапсырылды.



Оқушылардың қаралы көш туралы оқығандарын айтып постер қорғады. Романдағы қаралы көштің суретін салды.

Сергіту тренингі

ІІІ. Ой толғаныс

Жаңа сабақты бекіту. ″Екі жұлдыз – бір тілек″

Бірінші топ екінші топқа тілек айтты. ″Бізді Абайдың Ділдәнің ауылына барғанда кездескен салт-дәстүрлері ″қол ұстатар″, ″шаш сипатар″, ″етік тартар″ сияқты дәстүрлер қызықтырды. Ұсынысымыз: Сол дәстүрлерді өздері көрініс ретінде көрсетсе жақсы болар еді. Оқушылар өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білді.

Үшінші топ екінші топқа тілек айтты.

Ас берудегі салт-дәстүрлер: Бөжейдің әйелі мен қыздарының шашын жайып жіберіп, өз беттерін шиедей етіп тырналап жоқтау айтқаны; астағы табақ тасыған қағілез жігіттер; атты тұлдау, қаралы үй көріністері; асқа сойылған тұл аттар; асқа аяқ жетер жердегі адамдардың көп жиналуы; ондағы қыруар сойыстар; жан-жақтан әкелінген қымыздар; жалпы астың көрінісі - қазақтың нағыз өлікті жөнелту туралы дәстүрлерін білдік. Оқушылардың бүгінгі күнгі өлікті жөнелтуге байланысты рәсімдердің бұзылып бара жатқандығы, көл-көсір тойдікіндей дастархан жаюы, яғни бәсекеге айналдыруы, дүниеден өткен адамдардың жақсы қасиеттерінің айтылмайтындығы, қаралы үйге келген адамдардың да көңіл-күйлерінің сай болмауы, орынсыз әңгіме, күлкіге жол беруі туралы өз ойларын ашық жеткізе білді. Өліктің қадірінің кетіп бара жатқандығын айтты.

Бірінші топ үшінші топқа тілек айтты.

″Романдағы қаралы көш көрінісі - ондағы қайтыс болған Бөжейдің көшінің сұрқай қара түсті болуы, жетектегі тұл аттар, ондағы Бөжейдің киімдері, қыздарының ерлердің бас киімін теріс киюі, көшеде кездескен адамдардың көңіл айтуы жайлы тұстары ұнады. Ұсыныс: Осы көріністерден ел арасындағы ырым-тыйымның қайдан шыққандығын айтып, ұғындырып отырса.

Оқушылар ойларын еркін, тұжырымды жеткізе білді.

Кері байланыс


  1. Нені үйрендім?

Көркем әдебиетті көп оқу керек екендігін үйрендім

  1. Нені білдім?

″Абай жолы″ романында біз естімеген, көрмеген қазақ салт-дәстүрлерін білдім.

  1. Не ұнады?

Маған сыныптастырымның өз ойларын еркін, жүйелі жеткізуі, постер қорғауы, көркем әдебиетке деген қызығушылығы ұнады.

Сонымен, балалар, бүгінгі біз халқымыздың тамаша салт-дәстүрлерін, қазақ халқының бір тума дарынды жазушысы М.Әуезовтің ″Абай жолы″ роман-эпопеясынан оқып білдік.

″Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар″ дегендей қазіргі уақытта сол дәстүрлердің тозығы емес, озығын өмірге бейімдеп пайдалануымыз қажет. Сол кезеңнің дәстүрлерінің бүгінгі заманға сай келмейтіндері бар. Мысалы: Ұрын бару салтына үңілсек бұрын көрмеген жастарды кездестіріп ″шаш сипатар″, ″етік тартар″ деген ғұрыптарды қыздың ауылында қыздың төркіндері мен жеңгелері дайындауы, меніңше, жат әрекет сияқты. Сендердің ойларың қандай?

Екінші, Бөжей өліміне байланысты әйелі мен қыздарының беттерін өздері шиедей етіп тырнауының орнына дүниеден өткен адамдардың жақсы қасиеттері туралы жоқтау айтса дұрыс болар еді. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Келесі топ тұл атқа байланысты.

Тұл ат туралы білдік. Бүгінгі таңда дүниеден өткен адамға жылдық ас беріледі. Сол асқа көпшілік жылқы малын сояды. Сол ескі дәстүрді жаңартып асқа сойылатын жылқыны құйрық-жалын кесіп тұлдап жіберсе, ұры-қары тиіспесе, халықтың санасына осыны сіңірсе, бұл өлімге деген құрмет болар еді деп ойлаймын. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Сондықтан да, бүгінде Л.Толстойды оқымай орысты, О.Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, М.Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын екен. Олай болса, өзімізді жете танимыз десек, ″Абай жолы″ романын оқуымыз керек.

Бағалау


Оқушылар өзін-өзі бағалау парағы арқылы білім деңгейлерін саралады.

Үйге тапсырма: ″Абай жолы″ романы бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы шағын эссе жазып келу.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет