Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата05.06.2017
өлшемі65,42 Kb.
#18222
түріСабақ
Күні: 18.10.2016ж. 1120-1205

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың шешендік өнеріне тоқталу, «Жеті жарғыға» түсінік беру.

Тәрбиелік: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: ойлау қабілетерін арттырып, тіл мәдениетін, ой-өрісін жетілдіріп сөздік қорларын дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: жеті жарғы, слайд, видео-сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих,география,әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3-минут 1120-1123

Оқушылармен сәлемдесу.

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін қадағалау.

Сабағымызды бастамас бұрын үш топқа бөлініп отырайық.Оқушылар билердің нақыл сөздері арқылы топтасады. «Төле би» тобы, «Қазыбек би» тобы, «Әйтеке би» тобы.Топ басшыларына бағалау парағын беру.



ІІ. Қызығушылықты  ояту сатысы.5-минут 1123-1128

«Қазақтар ... мүдірмей кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен,ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың»

академик В.В.Радлов

-Балалар,сендермен өткен сабағымызда қазақ шешендік өнерінің , бірінші, екінші кезеңдерімен танысқан болатынбыз. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасына шолу жасап алайық.



Сұрақ-жауап.

Мұғалім: Ал, балалар, менің сендерге қояр сұрақтарым бар. Сұрақтарға ізденіп, жауап беруге тырысыңдар.



1.Шешендік өнер дегеніміз не?

Жауабы: шешендік өнер-сөз мәдениетінің жоғары формасы, грек сөзі-риторика деген ұғым.



2.Шешендік өнер негіздері:

Жауабы: Табиғи дарын,тума талант, жан-жақты білім, тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу.



3.Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?

Жауабы: Зерттеушілердің пікірінше, шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 


1. 11-13ғ.-Майқы би мен Аяз биден басталады. 
2. 14-16ғ.-Асан қайғы мен Жиренше кезеңі. 
3. 17-18ғ. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің уақытын атайды. 
4. 18ғ.-«Хан-сұлтандарға қарсы шешендер»-Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, т.б. 
5. 19ғ.-«Би-болыстарға қарсы шешендер» Махамбет, Сырым батыр, Бала би,т.б. 

 4. Бірінші кезең өкілдеріне кімдерді жатқызамыз?

Жауабы: Олар Майқы би мен Аяз биден бастау алады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы- Майқы би»

 5.Екінші кезең өкілдерін ата?

Жауабы:Асан қайғы ,Жиренше шешен, Едіге Құтлу Қабанұлы.

ІІІ. Жаңа сабақ. Видео - сабақ .Мәтін тарату. 5-минут 1128-1133

Мұғалім: Жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыз үшінші кезең өкілдеріне арналмақ.Ендеше дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Тәуке ханның қазақ руларын жинап,үш ұлысты топтап, олардың басына үш би қойғанын тарих пәнінен білеміз.

Үшінші кезең ХVIII ғасырда өркендеді. Шешендік өнердің қанат жаюына үш түрлі себеп болды.



  1. Тәуке хан шашыранды қазақ руларын үш ұлысқа топтап, олардың басына қарадан шыққан үш би қойды.

  2. Басқыншы жауларға қарсы күресте қол бастайтын қолбасылар мен сөз бастайтын шешен-билер.

  3. Қазақ шаруаларының патша өкіметінің жазалаушы отрядына қарсы Ұлт-азаттық күресі

Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын Билер кеңесі құрылды. Билер кеңесінің брінде қазіргі Сырдария облысы,Ангрен өзенінің жағасында, Күлтөбе басында «Ханабад» атты тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғы» заңы қабылданды.Үшінші кезең өкілдері: Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Өтеген, Қабылиса, Шақшақұлы Жәнібек.

1.Сұрақ-жауап: 5-минут 1133-1138

Топтық жұмыс: Кәне, жаңа сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін мына сұрақтар қойылады.

  1. Үшінші кезең нешінші ғасырды қамтиды?

  2. Шешендік өнердің қанат жаюына неше түрлі себеп болды?

  3. Тарих сабағынан да білеміз, осы кезең өкілдері атаңыз.

  4. Неге «Жеті жарғы» деп атады?

  5. Қай жерде, қай ордада қабылданды?

  6. Карта арқылы тауып көрейік.

Жақсы, «Жеті жарғы» деген түсінігімізді 15-жаттығумен толықтырайық.

2.Оқулықпен жұмыс.

Топтық жұмыс.15-жаттығу.6-минут 1138-1144

«Төле би» тобы. Мәтінге сүйеніп, «Жеті жарғыға» түсінік беру.

Дауды әділ,тура шешкен билерді халық «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Баяндауыш-не істеген? мадақтаған

Бастауыш-кім мадақтаған? халық

Толықтауыш-кімдерді мадақтаған? билерді

Анықтауыш- қандай билерді? әділ ,тура шешкен

Толықтауыш –нені әділ, тура шешкен? дауды

Пысықтауыш-қалай мадақтаған? «қара қылды қақа жарды» деп

Жайылма, толымды, жақты сөйлем.

«Қазыбек би» тобы. Мәтіндегі тырнақшаға алынған сөздердің неліктен тырнақшаға алынғанын дәлелдеу, теріп жазу. «Жеті жарғы» сөзіне фонетикалық талдау.

Тырнақшаға алынған сөздер: зат есімдер,жалқы есімдер.

Жеті-жіңішке буынды сөз.

Е,і-дауысты дыбыстар, екеуі де жіңішке, езулік, е-ашық, , і-қысаң дауысты дыбыс.

Ж-ұяң, т-қатаң.

Же-ті- екі буынды, ашық.

Тасымалданады, буын жігіне сай.

Жарғы-жуан буынды сөз.

А,ы-жуан дауысты дыбыстар, екеуі де езулік, а-ашық, ы-қысаң.

Ж,р,ғ-дауыссыз дыбыстар.

Ж,ғ-ұяң, р-үнді.

Жар-ғы –екі буынды,1-бітеу, 2-ашық буын, тасымалданады. Буын жігіне сай.



«Әйтеке би» тобы. Әділдік, шешім сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

Әділдік-туынды зат есім.

Түбірі әділ-зат есім, дік-зат есім тудырушы жұрнақ.

Әділдік-не? деген сұраққа жауап береді.

Атау септікте тұр. Жалпы есім, дерексіз, жансыз.

Шешім-туынды зат есім. Түбірі шеш-етістік, ім-зат есім тудырушы жұрнақ.

Шешім-дара зат есім. Не? деген сұраққа жауап береді.

Атау септікте тұр. Дерексіз. Жансыз.


3.Сахналық көрініс.Топ басшылары. 8-минут 1144-1152

19-жаттығу. Әр топ өз билерінің сөздерін оқып түсінігін айту.

Үш бидің сөзталасындағы ортақ тақырып не?

Әрқайсысы қандай дәлелдерге сүйенеді?
ІV.Бекіту бөлімі: Жеті жарғы мен Ата Заң.6-минут 1152-1158

Сабақты бекіту мақсатында, қазіргі Ата Заңымызбен байланыстырып қорытындылаймын.


Бағалау бөлімі: 3-минут 1158-1201

/ Сөз әр жүздің билеріне беріледі, олар сабақтан алған әсер, білімдерін айтып ортаға салады, қорытынды жасайды. Сондай - ақ, өз жүздеріндегі жақсы, белсенді жұмыс жасаған хан, сұлтандарды атап өтіп, олардың жұмысына баға береді.



Рефлекция. 2-минут 1201-1203 Стикерлерді ілу./ Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен жазбаша түрді стикерге жазып, ілу./
V. Үйге тапсырма: 17-18-жаттығу.2-минут 1203 -1205

«Егерде мен би болсам....» тақырыбына эссе жазу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет