Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы



бет12/12
Дата30.04.2020
өлшемі479,16 Kb.
#65227
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
презентация Сөздік қор

Сөздік құрамның тарихи арналары

Моңғол тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен түркі тілдеріне сөз ауысса, керісінше, түркі тілдерінен моңғол тіліне де сөз ауысу процесі болған. Сонымен қатар, бұл тілдердің грамматикалық құрылысы да біркелкі ұқсас болатындығын ескерту қажет. Олардың сөз жасайтын элементтер де, көпшілік жағдайда, тілдерімен үйлес келеді. Мысалы, қазақша ем, моңғолша эм; қазақша емші, моңғолша эмч; қазаша емшілік, моңғолша эмчлях; т.б.

Сөздік құрамның тарихи арналары

Егер бір сөз екі тілде де болып, қайсы қайсысынан ауысқаны белгісіз болса, мына төмендегі критерийлерді негіз етіп алу керек:

  • Ол сөз қай тілдің фонетика-морфологиялық құрылысына бейім;
  • Ол сөзден қай тілде жаңа, туынды сөздер жасалады;
  • Қай тілде ол сөздің мағынасы көбірек, ауыс мағыналары, тұрақты тіркесі бар ма?
  • Бұл сөз туыс тілдерде бар ма? Бар болса, қандай күйде?

Сөздік құрамның тарихи арналары

Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен өрісі ежелден іргелес, көрші елдер. Сол себептен бұл елдердің арасындағы сауда – саттық, шаруашылық пен мәдени байланыстар өте ерте кезден дами бастағандығы белгілі. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қоныс араласуымен, сауда – саттықпен байланысты қарым – қатынастар күшейсе, ХҮІІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Осындай ұзақ уақыт үздіксіз қарым – қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан.

Орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз:

а) 1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезең,

ә) Қазан революциясынан кейінгі кезең.

Сөздік құрамның тарихи арналары

1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезеңдегі сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз:

  • а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер: Мысалы: жәшік (яшик), кереует(кровать), бөтелке (бутылка), бөшке (бочка(, лампы (лампа), көшір (кучер), сиса (ситец), бәтеңке (ботинки), калош (галоши), барқыт(бархат), әшмөшке,әшмөңке (восьмушка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (матица), кілет(клеть), күршек (кручок), сөмке (сумка) т.б.
  • ә) әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд), шен (чин), мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старшина), сот(суд), түрме(тюрьма), үйез(уезд), гүберне (губерния), атпекет (адвокат), ауылнай (аульный), т.б.
  • б) ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер. Мысалы: зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (машина(, параход, минөт (минут),секөнт (секунд), газет (газета), кемназия (гимназия), класс, парта, ентірнат( интернат),т.б.
  • в) Қоныс аударуға қатысты сөздер. Мысалы: учаске (участок), пылан (план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор),әренда (аренда), десетине (десятина), ысклад (склад), т.б.

Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

1) сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика болып бөлінеді.

2) әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай: жалпыхалықтық лексика мен арнаулы лексика болып бөлінеді.

3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді.


Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет