Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Ұжымдастыру бағыты. Себептері мен кезеңдері. Барысы



Дата17.02.2017
өлшемі145,85 Kb.
#9473
түріСабақ

Сынып: 9 «ә» Күні: пән мұғ: Рахымбекова У.Т. Бекітемін:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Ұжымдастыру бағыты. Себептері мен кезеңдері. Барысы

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Жаңа сабаты меңгеру, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, тест жұмыс.

Пәнаралық байланыс: дүние тарихы, география, математика ,орыс тілі

Негізгітүсініктер:

1.Ұжымдастыру

2. Геноцид

3. Урбанизация

4.Совхоз 5.Колхоз 6. Трагедия


Өткен сабақпен байланысы: «Кіші Қазан» бағыты тақырыбымен байланыстыру

Бағалау:

І.Бақылау

ІІ. Жұмысты оқушылар формативті бағалау бойынша бағалап отырады.

ІІІ.Сапалы білімді жиынақтап бағалау



Көрнекіліктері: ХХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан картасы, флипчарттар,стикерлер, Тарихи тұлғалардың суреттері, интерактивті тақта, компьютер, формативті бағалау кестесі және т.б.

Өлшемдік ойлау қабілеті: 9«ә»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашарлықтың қалай келгенін анықтау.

Дамытушылық: Өтілетін тақырыпқа сай материалдарды іздестіріп, іріктеп сабақ үрдісінде қолдана білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.

Тәрбиелілік: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Критери бойынша формативті бағалау.

Формативті бағалау нормасы: 2-3- балл жинағандар бағасы «3»

4-5- балл жинағандар бағасы «4» 5-6-балл жинағандар бағасы «5»

Топтың жеке бағалау кестесі

Оқушының аты- жөні

І бөлімдегі балдар

ІІ бөлімдегі балдар

ІІІ бөлімдегі балдар

І\/ бөлімдегі балдар

Жиналған балдар саны

Жиынтық

баға
























Уақыты ж\е барысы

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру

3 минут

Сабақтың барысымен танысу: Білу: 2минут

Қолдану: 5минут

Түсіну: 5 минут

Талдау: 8минут

Жинақтау:10минут

Қортындылау 7минут


Бағалау


3минут

Рефлексия 2минут



Сабақтың бөлімдері:

І. Жылдар сөйлейді (Білу) СТО

ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша)

ІІІ. Жаңа сабақты жоспар бойынша видеодан тыңдайды. ( Түсіну) (АКТ, СТО)

І\/. Қазақстандағы индустрияландыру түсініктерін флипчартқа түсіру бойынша жинақтау (Талдау)

\/.Бекіту: 1-ші кезең «Іздесең табасың, талаптансаң жетесің»

Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау

(жинақтау)

2-ші кезең: 1 тапсырма. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау»

Ұжымдастырудың зардаптары туралы баяндау және тірек сызба арқылы дәптерге түсіру.

2- тапсырма: Ұжымдастыруға байланысты тест тапсырмаларын орындау.

\/ІІ. Қорытынды: VI. Қорытынды: Алған білімді нақтылау мақсатында.сұрақтарға жауап береді. 1-ші кезең «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау»

Индустрияландырудың зардаптары туралы баяндау және тірек сызба арқылы дәптерге түсіру. (Қорытынды)

Үйге тапсырма беру

Бағалау:

\/ІІІ. Бағалау

ІХ. Рефлексия

Сабақтың барысы: Оқушылармен : Сәлем сөздің анасы

Сөз сарасы дегендей бір амандасып алайык.

Мұғалім шаттық шеңбер құрып, оқушыларды стикердегі жазылған сөздер арқылы топқа бөледі. Топ оқушылары стикерлердегі сөздерге байланысты топтың атын шығарады. Стикердегі сөздер: Азаттық , Теңдік , Бостандық



Сабаққа назарын аудару мақсатында мұғалім бір оқиғадан ұзінді айтады, сол оқиғаның қалай аяқталғанын сабақтың соңында оқушылар өз пікірін білдіре отырып, стикермен бірге жапсырады.

І. Жылдар сөйлейді (Білу) СТО, жас ерекшеліктеріне сай оқыту.

«Жылдар сөйлейді»

1. 1921жыл, 20-шы наурыз (ЖЭС көшу)

2. 1924жыл (Қаз АКСР аумағының бекітіліп, құрамына Түркістанның Қырғыз бөлігінің кіруі)

3. 1922-1924жылдар (КСРО –ның құрылуы)

4. 1921жыл, қаңтар («Қосшы Одағының құрылуы»)

5. 1920 жыл, 26 тамыз (Қырғыз АКСР-нің орталығы Орынбор қаласы)

6. 1925 жыл (Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР –і болып өзгертілді)

ІІ. «Ой -танымдық сұрақтар» (Қолдану) (ООЖТ) (диалог бойынша)

1.Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның жағдайы

2.Жетісудағы жер-су реформасының ұйымдастырылуы

3.Жаңа экономикалық саясаттың мәні қандай болды?

Әрбір топ берілген тақырыпшалар бойынша сұрақтар дайындайды. (Әр оқушы келесі топтарға бір сұрақ қояды)
ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Ұжымдастыру бағыты. Себептері мен кезеңдері. Барысы

Жоспары:

1. Қазақтарды күштеп ұжымдастырудың зардабы.
2. Отырықшыландыру саясатының зардаптары.
3. Кәмпескелеу қалай жүргізілді.
4. Біздің өлкедегі аштық жайлы құжаттардан.
Қызылдар саясаты: Ұжымдастыру, Отырықшыландыру, Байларды тәркілеу, Байларды тәркілеу, ашаршылық 1931 - 1933ж.
Ұжымдастыру:
1927ж.
КП ХV съезі жариялады;
1929ж. ІІ жартысынан бастап жедел дамыды;
күштеп, жаппай;
1932ж. Көктемде аяқтау көзделді;
1931 ж. 65%
Жоспарланған үш жылдың
орнына үш күн ішінде
Отырықшыландыру
1933 ж. аяқтау
Шу ауданында 400 киіз поселке болып тігілді
Тәркілеу:
1928ж. 27 тамыз;
“Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару” декреті;
1 мыңнан астам жертылай феодал жер аударылды;
145 мың мал алынады;
1931 ж. 5500 отбасы жер аударылды.
Ашаршылық
• 1931 - 1933ж.
• Қырылу Адам – 2 млн. 100 мың, 40% Сәбилер - 72% 7 жасқа дейінгілер - 60% Мал – 40, 5 млн болды, 4, 5 млн қалды.
• Ауру, індет
• Қырғынға ұшырау 51 аудан
• Қоныс аудару 1 млн. астам адам 414 мыңы оралды, 616 мыңы келмеді.
• 1930ж. – 313 мыңнан астам
• 1931ж. – 755 мыңнан астам
• 1932ж. – 769 мыңнан астам қаза болды.
1930ж. 1 қаңтар – 1931ж. маусымға дейін 1 млн 70 мың адам басқа аумақтаға көшіп кетті. РСФСР – дағы қазақ ат саны 2, 5 есе, Өзбекстанда – 1, 7 есе, Түрікменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті. Халық саны күрт төмендеп, керісінше Қазақстанда тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де азайды. Аштық пен аурулардан 1 млн 860 мың қазақ немесе ауыл халқының 40% құрады. Республиканың 6, 2 млн халқының 2, 1 млн адамы 1931 - 33ж. ж. ашылықта қаза болды. Қазақтар саны тек 40 жылдан соң ғана қалпына келді.
Торғай: Асыра сілтеу болмасын. 1 млн малдан 98 мың қалды
Шұбартау ауданы малдың 80% - ын өткізді.
Балқаш ауданы 297 мың малға салық салынды.
Сөздікті пайдаланып түсінік беру:
• Ұжымдастыру - қоғамдастыру
• Кулактарды қудалау - мал - мүлкінен айырып, Республикадан тыс жерлерге аудару.
• Тәркілеу - қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.
• Бай - кулак - дәулетті шаруалар, 1 - 2 бас ірі қара, 5 - 6 қойы бар шаруалар.
• Геноцид - Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
• Трагедия - Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.

ІV.Бекіту: 1-ші кезең «Іздесең табасың, талаптансаң жетесің»

Кілт сөздермен жұмыс: дәптерге орындау

1. Ұжымдастыру (Халықтар өмір сүріп отырған ауылдарды савхоздар мен колхоздарға біріктіру)

2. 1927жылдың желтоқсанындағы Х\/ съезінің шешімі (Ұжымдастыруға бағыт алу)

3. Қазақ ОАК мен ХКК 1928 жылғы қабылдаған декреті (Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркәлеу және жер аудару туралы шешімі)

4. “Бесеудің хаты” (1932 жылы: Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышевтар Сталинге хат жазды)

5. Ораз Исаев деген кім?(Ф.И. Голощекинді орнынан босатуды ұсынған)

6. С.Садуақасов ( Ф.И. Голощекиннің пікіріне қарсы шыққан, «ұлтшыл» деген айыпталған)

7. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»

2-ші кезең: 1 тапсырма. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» «Ой толғау»

Ұжымдастырудың зардаптары туралы топ болып баяндау және кесте арқылы дәптерге түсіру.

Бірінші бесжылдық

Екінші бесжылдық

Нәтижесі










2- тапсырма: Ұжымдастыруға байланысты тест тапсырмаларын орындау.Тест орындау.

1. 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды :

A) Қ.И.Сәтбаев. B) Ғ.Мүсірепов. C) С.Сәдуақасов. D) А.Байтұрсынов. E) Т.Рысқұлов.

2. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды:

A) И.Сталинге. B) Ф.Голощекинге. C) М.Кагановичке. D) В.Молотовқа. E) В.Ленинге.



3. 1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:

A) 2,2млн-ы. B) 2,5млн-ы. C) 2,1млн-ы. D) 1,2млн-ы. E) 1,5млн-ы.



4. 1931-33 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны:

A) 0,4млн. B) 0,5млн. C) 0,6млн. D) 0,7млн. E) 0,8млн.



5. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:

A) 40,5млн мал басы болды. B) 45 млн мал басы болды C) 28 млн мал басы болды

D) 4,5 млн мал басы болды E) 35,5 млн мал басы болды

6. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса,1933 жылы не бары :

A) 40,5 млн мал қалған еді B) 5 млн мал қалған еді C) 40,5 млн мал қалған еді D) 4,5 млн мал қалған еді E) 25 млн мал қалған



7. 1931-32 жылдары Шұбартау ауданында мемлекетке етке өткізілген малдың мөлшері:

A) 80% B) 81% C) 82% D) 83% E) 84%



8. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы:

A) 80% ұжымдастырылды. B) 65% ұжымдастырылды. C) 75% ұжымдастырылды.

D) 90% ұжымдастырылды. E) 60% ұжымдастырылды.

9. 1930-32 жылдары аштықтан,түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері:

A) 40% B) 45% C) 50% D) 30% E) 35%



10. Ұжымдстыру жылдары лаңкестік әрекеттерді,өрт салуларды есептемегенде , республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:

A) 372 B) 377 C) 375 D) 272 E) 300



11. Ұжымдастыруға қарсылық ошағы Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған:

A) 8-дивизия басып тастады. B) 6-дивизия басып тастады. C) 116-дивизия басып тастады.

D) 114-дивизия басып тастады. E) 7-дивизия басып тастады.

12. Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны:

A) 1 млн аса. B) 2 млн аса. C) 500 мыңнан аса. D) 1,5 млн аса. E) 600 мыңнан аса.



13. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:

A) 1927ж ХҮ съезде. B) 1921ж Х съезде. C) 1926ж ХІҮ съезде. D) 1928ж ХҮІ съезде. E) 1930ж ХҮІІ съезде.



14. Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі:

A) 1927 жылдың көктеміне қарай B) 1931 жылдың көктеміне қарай

C) 1932 жылдың көктеміне қарай D) 1933 жылдың көктеміне қарай E) 1930 жылдың көктеміне қарай

15.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»-деп күйінішпен жазды:

A) Т.Рысқұлов B) С.Сәдуақасов. C) А.Байтұрсынов. D) Ы.Жақаев. E) Т.Рысқұлов.



VI. Қорытынды: Алған білімді нақтылау мақсатында оқиғалармен даталарды сәйкестендіру

  1. 1929ж. Рысқұловтың соңғы хаты

  2. 1932ж. Аштық

  3. 1930 - 32ж. Ұжымдастырудың аяқталуы

  4. 1932ж. 17 қыркүйек Шаруалар көтерілісі

  5. 1929 - 31ж. “ Қазақстан ауылшаруашылығы және соның

ішінде мал шаруашылығы туралы” қаулы

  1. 1933ж. наурыз Колхоз құрылысын қалыптастыру

VII. Үйге: § 18. “Туады ерлер ел үшін” қуғын сүргін құрбандарына арнап эссе жазу.

VIII. Бағалау: Топтың жеке бағалау кестесі бойынша бағалаудың қорытындысын оқушылар жариялайды.

ІX. Рефлексия : (инсерт стратегиясы бойынша) ББҮ кестесін толтырады

Рефлексияны Қазақстан тарихы деген кітап макетінде берілген ББҮ кестесіне жапсырады.

Мұғалім сабақтың мақсатын айтады, сәлемдеседі.

Сабақтың барысын жариялайды
Мұғалім шаттық шеңберді ұйымдастырады.

Топқа бөлінгенін қадағалайды

Флипчартты орындап жатқандарына бақылау жасайды

Оқушылардың флипчарттарын тексереді

Мұғалім әр бөлімнің тапсырмаларын түсіндіріп отырады
Оқушылардың тестті орындап отырғанын бақылап жүреді.

Мұғалім жиынтық бағаларды қояды Оқушылардың бағаларын жинақтап, журналға қояды


Оқушы

лар сабақтың мақсатын, барысын тыңдайды

Сабақтың бөлімдерімен танысады

Оқушылар талқылауға қатысады

Интербелсенді тақтадағы бейне баянды тыңдайды

Оқушылар мұғалім айтқан тапсырманы мұхият тыңдап орындайды

Оқушылар әр жауап бергендеріне топтық бағалау кестесіне балл алып өздері балдарын есептеп отырады

тест тапсырмаларын орындауға кіріседі

Оқушылар тақырып қорытынды жасайды.

Оқушылар тест тапсырмаларын бірлесе отырып орындайды.

Оқушылар әр жауап бергендеріне балл алып, өздері балдарын есептеп отырады

Оқушылар өздерінің бағаларын есептейді

рефлексия бойынша ББҮ кестесіне стикерлерге нені білетінін, білгенін, үйренгенін жазып іліп қояды.

Өтілген ашық сабақ бойынша рефлексифті есеп.

9 ә сыныбына "Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Ұжымдастыру бағыты. Себептері мен кезеңдері. Барысы" атты ашық сабақта негізінен СТО, Диалогтык оқыту, Жас ерекшеліктеріне сай оқыту, өзін-өзі және топтық бағалау жүзеге асырылды. Осы ашық сабақты мен оқушыларда жаңа иновациялық технологияларды практикалық тұрғыда сынақтан өткізу үшін элементтерін пайдаландым. Сабақтың мақсатына жеттік. Оқушылардан осы тақырыпты өзбеттерінше оқып білім ала білуіне мүмкіндіктер туғыздым. Сонымен қатар осы сабақта сыни тұрғыдан ойлана отырып ойлануға арналған өткен тақырыптармен байланыс жасау бөлімінде тапсырмалар орындаттым.



Тапсырмаларды орындау барысында өте ұяң оқушылар, орта деңгейде білім алып жүрген Махамбет, Малика, Жанна сияқты оқушылар сабаққа белсене қатысып, тереңдетілген тұрғыда білім ала алды. Олардың білім алуына жеті модульдің ішіндегі СТО, диалог бойынша оқыту, өздерін бағалауды қолданғандықтан олар өздерін еркін ұстай білді. Сонымен қатар қызығушылықтары артып, сабаққа белсенді қатысты. Оны оқушылар тест тапсырмаларын орындаған кезде аталған оқушылар жақсы жауап береді. Орындаған тапсырмаларда да белсенділікпен дұрыс жауап бере алды.

Оқушылар топтасып отырып білім алу, берілген тапсырмаларды орындау қажет болатын. Жалпы топ болып жұмыс жасалды. Оқушыларға әсіресе тапсырмаларды топтасып отырып орындау өте қызықты болды. Тек уақыт жетіспеушілігі кедергі болды. Алдағы уақытта уақыт жетіспецшіліктерін жоюға тырысамын.
Каталог: uploads -> doc -> 014a
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
014a -> Сабақтың тақырыбы : Қабдеш Жұмаділовтің
014a -> Сабақ «Аққу, шортан, һәм шаян»
014a -> Сабақтың тақырыбы: Файлдарды, бумаларды, жарлықтарды жасау Сабақтың мақсаты
014a -> Сабақ тақырыбы Қостанай қаласы Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет