Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы казак әскерлері Өткізуші мұғалім: Сыныбы



Дата04.07.2018
өлшемі27,85 Kb.
#46967
түріСабақ
Қазақстан тарихынан сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы казак әскерлері

Өткізуші мұғалім:




Сыныбы:

8 сыныбы. Қазақстан тарихы пәні

Өткізілетін уақыты:




Тексерілді:




Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);

  • Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;

  • Туған ел мен жердің өткен тарихын білуге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы Отаншылдыққа, елжандылыққа, бейбітшілікті сүюге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. 3-бас. өнд. Алматы: Атамұра, 2016. — 320 бет, суретті, карталы.

Көрнектілігі:

Тақырып бойынша слайдтар, тарихи карталар, кестелер.

Базалық білім:

1822-1824 жылғы Жарғылар, 1886 және 1891 ж. әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. Реформалар және басқару жүйесінде өзгерістер

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар тарихи кезеңдер мен оқиғалар негізінде берілген тапсырмаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, тақырып бойынша маңызды кезеңдерге тоқталып, ой тұжырымдайды, оған тарихи баға беруге дағдыланады.

Түйінді идеясы:

  • Топпен жұмыс- бұл оқушылардың белсенді, жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі, оның барысында оқушылар тиімді әдістер арқылы өз бетінше ізденуге дағдыланады.

  • Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік алады.

  • Бағдарлама бойынша негізгі фактілерді үйреніп, ізденеді, толықтырады, ой түйеді.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру



1. Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын бақылау.

2. Оқушыларды топқа бөлу

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру


ІІ. Ой шақыру

Білу


Базалық білім. 1- тапсырма.

Қазақ даласын басқару туралы патша үкіміті қабылдаған жарғылар мен әкімшілік реформалар



  1. Тапсырма: /сементикалық кесте/




Жамансай

Досат Тәжіұлы

Иса Тіленбай ұлы



Хангелді

Арыстанұлы




ІІІ Александр

Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды













Орал көтерілісшілері жеңіске жетті













Хива хандығына өтіп кеткен сұлтан













Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары












2. Тапсырма: берілге берілген сандардың мәнін ашу.

1. 1822-1824

2. 1867-1868

3. 1882-1886.

(1822-1824 жылғы Жарғылар бойынша қазақ даласындағы әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістер туралы тақырыптарда алған тарихи білімдерін оқушылар ортаға салады)



III.Мағынаны ашу

Слайд арқылы сабақтың негізгі мазмұны баяндалады.

Өлкеде әкімшілік реформаларды жүзеге асыруда, жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлері елеулі рөл атқарды. Олар Қазақстанмен шекаралас жерлерде де, оның тікелей шикі аумақтарына да орналастырылды.

Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар ЖайықСібірОрынбор және Жетісу казак әскерлері еді.

1. Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері:

біріншіден: Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; Екіншіден: көрші мемлекет әскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау;

Үшіншіден: Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын.

Төртіншіден: казактар орыс армиясының XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.

2. Жайық казактары. XVI ғасырда қазіргі Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігінде (Жайық (Орал) өзенінің бойында) пайда болды.



Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбір казактың 80 десятинадан жер телімі болды. Олар егіншілік пен балық аулау, түз өндіру және аңшылықпен айналысты. 1917 жылға қарай Жайық казак әскерлерінің жалпы саны 174 мың адамға жетті. Ал олардың орналасқан аумағының көлемі 7 миллион десятина жер көлемін алып жатты.

3. Орынбор казак әскерлері. 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы — өз беттерімен келіп, стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. 



1840 жылы «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерінің жерінде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. Орынбор казак әскерлері өзінің ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскеріне жақын келді. 1842 жылы Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскері келіп қосылды. Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласында орналасты.

Орынбор казактары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен, балық аулаумен айналысты. Казак әйелдері ешкінің түбітінен түрлі орамал тоқыды. Бүкіл Ресейге және одан тыс жерлерге кеңінен танымал болған Орынбор шәлісі, орамалы, бөкебайы, бет перделері мен қолғаптары солардың қолымен тоқылатын.



1916 жылы Орынбор казак әскерлеріндегі халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.

4. Сібір казак әскерлерінің негізін полиция қызметіндегілер құрады. Олар XVI ғасырдың аяқ кезінен бастап Сібір әскери бекіністерінде күзет қызметін атқарды. XVIII ғасырда Батыс Сібірдің оңтүстігінде бірқатар шекаралық бекініс қамалдар бой көтерді. Сібір казак әскерлерінің болашақ астанасы — Омбы әскери бекінісі салынды.

Сібір казактарының негізгі кәсібі егіншілікпен айналысу болды. Шекара шебінің темекісі «махорка» бүкіл Сібірге кеңінен тарады. Казактар сонымен қатар кендір өндірумен де айналысты, сора өсірді.

1917 жылға қарай Сібір казактарының жалпы саны 172 мың адамға жетті.

5. Жетісу казак әскерлері 1867 жылы Сібір казактарының 9 және 10-полктері округынан құрылған болатын. 1869 жылы бұл әскердің құрамына Қытайдан қашқан мындаған қалмақ келіп қосылды. 1867 жылы Жетісу облысы құрылған еді.



Жетісу казактарының айналысатын негізгі шаруашылығы егіншілік, ал қосымша шаруашылығы балық аулау және омарташылық кәсібі болды.

1917 жылы Жетісу казактарының жалпы саны 45 мың адамға дейін жетті.

Тақырыпта аталған мәлімтетерді қолданып талдау және жинақтау үшін төмендегі тапсырмалар беріледі:

1-топ. Жайық казактары мен Бөке Ордасы. (Картаға Жайық казактары мен Бөкей Ордасының аумағын бояп, негізгі тарихи мәлімттерді салыстыра талдау.

2-топ. Орынбор казактары мен Орынбор қызғыздары туралы Жарғы.

3-топ. Сібір казактары мен Сібір қырғыздарының жарғысы.

4-топ. Жетісу казактары мен Верный бекінісі.

Топтар тапсырманы орындап болған соң, сабақ қорытындыланып, тақырып мазмұны жинақталады.



ІҮ. Рефлекция

  • Әр топ, әр оқушы бір-біріне «бағалау парағы» арқылы баға береді.

Стикерлерлер арқылы кері байланыс.

  • Жасыл түсті: тақырыпты толық түсініп, өткен сабақтарда алған білімдерімді сәйкесті пайдалана алдым.

  • Көк түсті: тақырып түстінікті. Тарих оқиғаны меңгердім.

  • Сары түсті: маған әлі де кейбір тарих кезеңдерді толықтай оқуға тура келеді.

  • Қызыл түсті: кейбіртарихи терминдер мен тарихи даталарды есте сақтауым қиын.

Үйге тапсырма ретінде: Қазақстан аумағындағы казак әскерлері туралы кесте жасау.




Орал казактары

Орынбор казактары

Сібір казактары

Жетісу казактары

Жылдары













Аумағы













Құрамы мен саны













Басқару жүйесі













Казактардың құқы мен міндеттері













Шаруашылығы













Салдары мен маңызы
















Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет