Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ типтері Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі29,44 Kb.
#28892
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ типтері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақстанның топырағы, топырақты құрайтын факторлары, топырақты механикалық құнарлылығына қарай ажырату туралы білім беру.

2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дүниетаным-

дық көзқарасын қалыптастыру,тіл байлығын арттыру, оқу дағдысын қалыптастыру,белсенлігін арттыру.

3)Тәрбиелік: Оқушылардың ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын молайтып өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландыру, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның топырақ картасы, атлас, кескін карта, парақша

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

а) класс оқушыларының сабаққа қатысуын түгелдеу

б) класс оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

а) Топырақ дегеніміз не?

б) Топырақ құраушы факторларды атаңдар?

в) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

г) топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

д) Құрылымды топырақ қандай топырақ?



ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.

1) Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесіңдер?



ІV Жаңа сабақ § 36 Қазақстандағы топырақ типтері

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86 пайызын алып жатыр.

Қара топырақты зона республикасының солтүстігінде таралған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды.

Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр.

Топырақ эрозиясы және топырақты қорғау. Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты – топырақ эрозиясы.

Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай – саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды.



V Тақырыпты меңгерту

1.Тақырыптық картаны пайдаланып, Қазақстан топырақ қабаттарының қимасын төмендегі жоспармен салыстырмалы сипаттама беру(таңдауы бойынша)

а) топырақ түрлері

б) топырақтың гумусы

в) топырақ эрозиясы дегеніміз не?

г) топырақ эрозиясымен күресудің шаралары бар ма?



VІ Сабақты бекіту:

Парта бойынша парақша тарату, парақшамен жұмыс.

№ 1 парақша

1) топырақ дегеніміз не?

2) топырақ құрушы факторларды атаңдар

3) топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

№ 2 парақша

1) топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

2) Құрылымды топырақ қандай топырақ?

3) Өз өлкеннің топырағы туралы не білесіңдер?

№3 парақша

1) топырақ құрушы факторларды атаңдар

2) топырақтың механикалық құрамына нелер жатады ?

№4 парақша

1) Құрылымды топырақ қандай топырақ?

2) топырақ дегеніміз не?



3) топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

VІІ Үйге тапсырма: § 36 Қазақстандағы топырақ типтері

VІІІ Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау,мадақтау
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет