Сабақтың тақырыбы Қазақстанның белгілі ғалымдары. Құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты



Дата17.03.2020
өлшемі22,73 Kb.
#60285
түріСабақ
Байланысты:
казак тили ФС


Топ атауы













Өткізілген күні














Сабақтың тақырыбы Қазақстанның белгілі ғалымдары. Құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттерге Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жобалар , ғалымдар жұмыстары, ресми қарым-қатынастуралы ақпарат, Қаныш Иантайұлы Сәтбаев өмірі туралы әңгімелеу,тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.



ә) дамытушылық: арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;

ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.



б) тәрбиелік: қазақтың нақыл сөздерін құрметтеуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

ІҮ. Сабақтың әдісі: тапсырмалар, сұрақ-жауап

Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд

ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет

ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.



Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (оқушыларға жазғызу)

Әр топтың алдында құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет тарату. Өздері конспекті меңгере отырып,салалас құрмалас сөйлемдерге қатысты мәлімет алу. ( 1 топқа ережесін айтқызу, 2-топқа салалс құрмалас сөйлем туралы, оның түрлері , 3 топқа жасалу жолдары.   (Топ басшысы жаңа сабақты (топпен талқылып барып) түсіндіреді (Оқып-оқытамын әдісі) Ережені айтады. Мысал келтіреді. Дәптерлеріне тақырыпты ережені жазады



«Түртіп алу» стратегиясы

1-тапсырма (1 топ) Сөйлем бөліктерін қосыңыз.

1-тапсырма (2-топ) Тиісті шылауды қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1-тапсырма(3-топ) Жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.


Лексикалық тақырып: Қазақстанның белгілі ғалымдары. Қаныш Сәтпаев

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (Әр топқа жазғызу. Қазақстанның белгілі ғалымдарынан кімдерді білеміз?

Оқытушы қазақстан ғалымдары туралы слайд көрсетіп, оқушыларға Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәлімет береді.

Осы мәліметтерден кейін оқушыларға сұрақтар қояды.

Интербелсенді тақтаға сұрақтар шығады, сұрақтарға әр топ кезекпен жауап береді

1-тапсырма. Жоғарыда мәтінді оқыңдар, сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Алғашқы қазақстандық академия қашан ашылды және қашан акдемия атанды?

  2. Оның тұңғыш президенті болып кім сайланды?

  3. Академиктер қатарындағы көрнекті ғалымдарды атаңдар.

  4. Академияда қандай бөлімдер құрылды?

  5. Қай ғылым саласы ерекше дамыды?

  6. Астрономия саласында қандай ғылыми табыстарға қол жетті?

  7. Басқа салаларда қандай ғалымдар елеулі үлес қосты?

Жаңа сөздер.

айналды - превратилась

қатарында - здесь: в числе

қоғамдық ғылымдар - гуманитарные науки

ғылыми қызметкерлер - научные сотрудники

кезең - здесь : период

салалар - отрасли, сферы

қаланды - сформировались

арту - повышение

мәні бар - здесь : имеющие значение

таяу - вблизи

қабат - слой

тәсіл - способ

бу - пар

анықтау - определение

(интербелсенді тақтаға шығарып, дәптерлеріне жазғызу)

Оқушылар біз бүгін танымал ғалымдардың ішінен өзіміздің жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа тоқталып өтеміз. Ендеше келесі бейне баянға көңіл аударайық.

Қ.И.Сәтпаев туралы бейнебаянды тыңдату. https://youtu.be/nxFCjvZgQIA

1. Қаныш Сәтпаев кім ?

2. Қай жылы қай облысты туылған?

3. Қандай ғылым академиясын ұйымдастырған ?

4. Қандай іске белесене араласады?

5. Неге жол ашылады?

6. Қаныш Сәтпаев есімі неге берілді?

«Түртіп алу» стратегиясы

Әр топқа мәтін таратылады. Мәтінде не туралы айтылғанын айтып беру.



Қазақстанның ғылым тарихынан

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі ашылды. Ол 1946 жылы Қазақ КССР Ғылым академиясына айналды. Оның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КССР ҒА-ның сайланған академиктер қатарында белгілі ғалымдар М.Әуезов (әдебиет саласы) А.Бектұров (химия саласы) А.Жұбанов (музыка саласы), І Кеңесбаев (тіл саласы), Қ.Сәтбаев (геология саласы) Н.сауранбаев (тіл саласы), Қ.Жұмағалиев (әдебиет саласы), Ә.Марғұлан (археология саласы) , К.Мыңбаев (ауыл шаруашылығы саласы) А. Сызғанов (медицина саласы) т.б. болды. Қазақ КССР Ғылым академиясында геология-география ғылымдары, техника және химия –технология ғылымдары, физика-математика ғылымдары, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелері болды. Олардағы ғалымдар ұжымы 57 доктордан, 184 ғылым кандидаттарынан және 659 ғылыми қызметкерлерден құралды.

Бұл кезеңде Қазақстанда отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері ғылымның барлық салаларында жүргізілді. Осылайша қазақстандық ғылымның даму негіздері қаланды.

Әсіресе геология ғылымы Қ.Сәтбаевтың жетекшілігімен аса зор табыстарға жетіп, ел экономикасының туына қызмет етті.

Астрономия ғылымдары бойынша әлемдік мәні бар зерттеулер жүргізілді. Алматы қаласына таяу жерде астрономиялық обсерватория салынды. Астро-физикалық институт қызметкерлері (басшысы-В.Фесенков т.б.) атмосфера қабатын анықтаудың жаңа тәсілін іске асырды. Атмосферада болатын су буының қаншалықты екендігін анықтау тәсілі белгіленді және т.б. зерттеулер табысты болды. Қоғамдық ғылымдар саласында М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов, т.б. ғалымдар іргелі зерттеулер жүргізді. Химия саласында А.Бектұров , математика саласында О.Жәутіков, заң ғылымдары саласында С.Зиманов және т.б. сала ғалымдары елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ Ш.Шокин, Ш.Есенов, М.айтхожин, Ө. Сұлтанғазин, Р.Бердібаев, Ө.Жолдасбеков, З. Қабдолов, М.Қозыбаев және басқа ғалымдар Қазақстан ғылымының мақтаныштары саналды.



2-тапсырма.  Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.

  1. Өз көлігіңмен жүрген жақсы. Кез келген жерге тоқтайсың, демаласың

  2. Ең дұрысы, жаяу аралаған. Бәрін өз көзіңмен көресің. Түрлі оқиға болуы мүмкін.

  3. Мен ұшақты ұнатпаймын. Әуеде өзімді сондай жайсыз сезінемін.

  4. Пойызда ұзақ жүресің. Қатты зерігесің.

4-тапсырма. Даналық сөздерді есте сақтап, мағынасын түсініңдер.

Адамдардың екі - ақ түрі болады: қолдарында бірдеңесі барлар және ештеңесі жоқтар.

С.Сервантес

Адамдардың екі – ақ сипаты болады: қолдарынан бір нәрсе келетіндер және де келмейтіндер. Б.Шоу

Ипррр

ІІІ. Қорытындылау

Сұрақ-жауап» бойынша білімдерін бекіту

1.Қазақстанның белігілі ғалымдарынан кімдерді білеміз?

2. Қаныш Сәтпаев кім?

3. Ш.Уәлихано ауыз әдебиетіне қандай эпос зерттеп қалдырған?

4. Жүсіп Баласағұни қандай ғылым салаларына үлес қосқан ?

5. Мұрат Айтхожин қандай ғылымда қызмет еткен?

6.Семенов география ғылымына қандай атаулар енгізді?
ІҮ. Үйге тапсырма

268-бет 6-тапсырма (авт С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова)



Ү. Бағалау

Қазақстанның ғылым тарихынан

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі ашылды. Ол 1946 жылы Қазақ КССР Ғылым академиясына айналды. Оның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КССР ҒА-ның сайланған академиктер қатарында белгілі ғалымдар М.Әуезов (әдебиет саласы) А.Бектұров (химия саласы) А.Жұбанов (музыка саласы), І Кеңесбаев (тіл саласы), Қ.Сәтбаев (геология саласы) Н.сауранбаев (тіл саласы), Қ.Жұмағалиев (әдебиет саласы), Ә.Марғұлан (археология саласы) , К.Мыңбаев (ауыл шаруашылығы саласы) А. Сызғанов (медицина саласы) т.б. болды. Қазақ КССР Ғылым академиясында геология-география ғылымдары, техника және химия –технология ғылымдары, физика-математика ғылымдары, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелері болды. Олардағы ғалымдар ұжымы 57 доктордан, 184 ғылым кандидаттарынан және 659 ғылыми қызметкерлерден құралды.

Бұл кезеңде Қазақстанда отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері ғылымның барлық салаларында жүргізілді. Осылайша қазақстандық ғылымның даму негіздері қаланды.

Әсіресе геология ғылымы Қ.Сәтбаевтың жетекшілігімен аса зор табыстарға жетіп, ел экономикасының туына қызмет етті.

Астрономия ғылымдары бойынша әлемдік мәні бар зерттеулер жүргізілді. Алматы қаласына таяу жерде астрономиялық обсерватория салынды. Астро-физикалық институт қызметкерлері (басшысы-В.Фесенков т.б.) атмосфера қабатын анықтаудың жаңа тәсілін іске асырды. Атмосферада болатын су буының қаншалықты екендігін анықтау тәсілі белгіленді және т.б. зерттеулер табысты болды. Қоғамдық ғылымдар саласында М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов, т.б. ғалымдар іргелі зерттеулер жүргізді. Химия саласында А.Бектұров , математика саласында О.Жәутіков, заң ғылымдары саласында С.Зиманов және т.б. сала ғалымдары елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ Ш.Шокин, Ш.Есенов, М.айтхожин, Ө. Сұлтанғазин, Р.Бердібаев, Ө.Жолдасбеков, З. Қабдолов, М.Қозыбаев және басқа ғалымдар Қазақстан ғылымының мақтаныштары саналды.



Қазақстанның ғылым тарихынан

1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі ашылды. Ол 1946 жылы Қазақ КССР Ғылым академиясына айналды. Оның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КССР ҒА-ның сайланған академиктер қатарында белгілі ғалымдар М.Әуезов (әдебиет саласы) А.Бектұров (химия саласы) А.Жұбанов (музыка саласы), І Кеңесбаев (тіл саласы), Қ.Сәтбаев (геология саласы) Н.сауранбаев (тіл саласы), Қ.Жұмағалиев (әдебиет саласы), Ә.Марғұлан (археология саласы) , К.Мыңбаев (ауыл шаруашылығы саласы) А. Сызғанов (медицина саласы) т.б. болды. Қазақ КССР Ғылым академиясында геология-география ғылымдары, техника және химия –технология ғылымдары, физика-математика ғылымдары, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелері болды. Олардағы ғалымдар ұжымы 57 доктордан, 184 ғылым кандидаттарынан және 659 ғылыми қызметкерлерден құралды.

Бұл кезеңде Қазақстанда отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері ғылымның барлық салаларында жүргізілді. Осылайша қазақстандық ғылымның даму негіздері қаланды.

Әсіресе геология ғылымы Қ.Сәтбаевтың жетекшілігімен аса зор табыстарға жетіп, ел экономикасының туына қызмет етті.



Астрономия ғылымдары бойынша әлемдік мәні бар зерттеулер жүргізілді. Алматы қаласына таяу жерде астрономиялық обсерватория салынды. Астро-физикалық институт қызметкерлері (басшысы-В.Фесенков т.б.) атмосфера қабатын анықтаудың жаңа тәсілін іске асырды. Атмосферада болатын су буының қаншалықты екендігін анықтау тәсілі белгіленді және т.б. зерттеулер табысты болды. Қоғамдық ғылымдар саласында М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов, т.б. ғалымдар іргелі зерттеулер жүргізді. Химия саласында А.Бектұров , математика саласында О.Жәутіков, заң ғылымдары саласында С.Зиманов және т.б. сала ғалымдары елеулі үлес қосты.

Сондай-ақ Ш.Шокин, Ш.Есенов, М.айтхожин, Ө. Сұлтанғазин, Р.Бердібаев, Ө.Жолдасбеков, З. Қабдолов, М.Қозыбаев және басқа ғалымдар Қазақстан ғылымының мақтаныштары саналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет