Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның фортепиано өнері»



Дата26.06.2018
өлшемі16,45 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:  «Қазақстанның фортепиано өнері»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қазақ халқының классикалық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін

аша отырып, оқушыларға қазақтың классикалық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.



Дамытушылығы: Рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Рухани құндылықты құрметтуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, жетондар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәслі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

ә/ оқу-құралдарын реттеу.

б/ сабаққа назарын аудару, дайындығын тексеру.



ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1Құрманғазы атындағы Қазақтың ұлттық консерваториясы қай кезде ашылды?

2 Сол жылдардағы өнер қайраткерлері?

3 Халық Каммиссарлары Кеңесінің Қаулысы қай кезде қабылданды?

4 Ректоры кім болып тағайындалды?

5 Қай жерде орналасқан?

6 Орта Азиядағы ең жоғарғы оқу орны?.

ІІІ Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

Түсіндіру.

Батыс Европада фортепиано аспабы 18 ғасырда пайда болды. Бүкіл мәдениеттің тарихи даму жолдарына ықпалын тигізді. Фортепиано халық арасына кеңінен тарап көпшіліктің ең сүйікті аспабына айналды. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады. Касіби фортепиано өнері 19 ғасырда ең биік деңгейге жетіп әлем халықтарының арсында зор беделге ие болды.

1945 жылы Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы ашылып студенттер касіби ұстаздардан дәріс ала бастайды. Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Григорий Николаевич Петров болды.1947 жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастырылып сол сайыста қазақтың тұнғыш пианисі Нағым Мендығалиев ерекше көзге түсті. 1983 жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын Алматы қаласында өткізуге рұқсат алады.Сөйтіп алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын сонды болмған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі. Қазақстанда өткізілген бұл сайыс Европадағы ең әйгілі Маргарита Лонг және Тибо атындағы сайыстың талабы бойынша ұйымдастырылды. Осы сайыста Станислав Бунин иен Жания Аубакирова жеңіп шықты. Содан кейін Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды.Сол Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жания Аубакирова үлкен табысқа жетіп лауреат атанды.2000 жылдан бастап Жания Аубакирова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді. Ал қазіргі таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді.

Музыка тыңдау: Жания Аубакированың орындауындағы Ф. Листтің «Грезы любви» ноктюрні.

Музыкалық сауат ашу кезеңі.

Жаңа терминдермен танысу.Жанр дегеніміз не?

Қандай жанрлар білесіңдер

Қандай айырмашылықтары бар ?

Музыкалық әуеннің жанрын тобу ойыны.

Ән орындау.

Ән орындау. «Ақ көгершін» Әнін жазған Ахмет Жұбанов, өлеңін жазған Нұрым Баймухамедов.

Дауыс жаттықтыру. До- р-е ми- фа- соль- ля- си- до.

До- си- ля- соль- фа –ми- ре- до.

«Ойлан да тап!»

Не себепті адамдар музыка, сурет , би және спорт өнерінің түрлі сайыстарына қатысуға құштарлық танытады?

Топпен жұмыс . Оқушылар топқа бөлініп өз жауаптарын өз ойларын жазады немесе ауызша айтады.

Қорытындылау кезеңі:

Сұрақ жауап арқылы. Сұрақтар:

1 Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?

2 Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады?

3 Қазақстандағы қандай дәстүрлі сайыстарды білесің?.

Ұй тапсырмасын беру.

Бағалау кезеңі.

Ашық сабақ

Пәні: Музыка

Сыныбы: 6

Тақырыбы: « Қазақстанның фортепиано өнері»



.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет